Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау:
Сандардың əрқайсысы нені білдіретінін түсіндір.
Өрнекті оқы.
Жазу:
Көбейтуге берілген өрнектерді жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Бірдей қосылғыштарды қосу, заттарды топтап санау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0–3
Ынталандыру.
Мұғалімдұрыс тамақтану жəне тамақтанудың орныққан тəртібін сақтаудың маңыздылығы туралы əңгіме жүргізеді. Оқушылар 1-тапсырмадағы суреттерді қарап, пайдалы азық-түліктерді атайды. Мұғалім қандай азық-түліктер организм үшін пайдалы емес, қандай азық-түліктерді (тəтті, газдалған сусындар, чипси жəне т.б.) көп мөлшерде қолдану қажет емес.
4–6
Өзектендіру.
Мұғалім өткен сабақтағы тəрізді практикалық жұмыс ұсынады. Лексикалық тақырыпты қолдау үшін алма, алмұрт, басқа жеміс-жидектерді санау материалы түрінде пайдалануға болады. Оқушылар санау таяқшаларын
(үрмебұршақ, моншақтар.....) 4-тен, 5-тен топтап санайды. «Барлығы қанша?» деген сұраққа жауап береді. Мұғалім ауызша есептеулерге бірнеше бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға берілген жаттығулар қосуы керек. Мысалы, 0-ден 20-ға дейін 2-ден топтап тура жəне кері