2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.
2.5.1.3. Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
•көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсінеді.
Көптеген оқушылар:
•2-ге көбейту жəне бөлу кестесін құрастыруды біледі жəне қолданады.
Кейбір оқушылар:
•2-ге көбейту жəне бөлу кестесін жылдам жəне дұрыс қолданады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
•көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсіндіруді біледі.
Пəндік лексика жəне терминология:
Көбейту, бөлу, 2-ге көбейту жəне бөлу кестесі.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасыТалқылау:
2 санына көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіре аласың ба?
2 санына көбейту кестесін қалай құратынын түсіндіре аласың ба?
Жазу:
2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.
Тірек білім, білік, дағдылар
Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлуге берілген практикалық есептерді шығару.
Жоспар
Жоспарланған уақыт (минут)
Жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
0–3
Ынталандыру.
Мұғалімоқушылардың таза ауадағы қандай қимылды ойындарды білетіні туралы əңгіме ұйымдастырады. Оқушыларға 3-4 топқа бөлінулерін ұсыныңыз. Əр топқа саны 20,30,40 дана болатын санау материалының (асық модельдері, моншақтар, үрмебұршақ, тастар) жинағы беріледі.
Мұғалім бұлардың ойынға арналған жинақ екенін жəне əр топ оларды жылдам санап шығуы керектігін
Оқушылар математикалық білім мен дағдының ойын барысында көмегі бар екендігі туралы қорытынды жасайды.
4–6
Өзектендіру.
Мұғалім оқушыларға 2-ден 20-ға дейін екіден топтап тура жəне кері санауды ұсынады.
Қосу амалын қолдана отырып көбейтуді есептеңдер.
4 · 27 · 2 9 · 25 · 2
Өзара байланысты өрнектер төрттігін құрастыруды сұраңыз. Көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері мен нəтижелерінің барлық байланыстарын дауыстап айтыңыз.