Жеке білім көтеру тақырыбым: Физика және математика сабақтарында оқушылардың практикалық іскерлігін дамытуда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру
Тақырыптың мақсаты: Физика және математика сабақтарында оқушылардың практикалық іскерлігін дамытуда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруда оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру.
Өзектілігі: Халықтың, елдің даму стратегияларының басты бағдарларының бірі: жас ұрпақты саналы ойлайтын, ертеңі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлға еті тәрбиелеп шығару. Қазіргі білім саласының алдына қойылған талап білім алушыларға терең білім беру және олардың құзыреттілігін дамыту.
Тақырыпты таңдау себебім:
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің төмендеуі.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту қажеттілігі;
Міндеттері:
Математиканы ғылыми тұрғыдан талдауға оны саналылықпен түсіне білуге үйрету
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамыту
Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ізденіске дағдыландыру
Егер математика сабағында:
Деңгейлік тапсырмаларды жиі және жүйелі пайдаланса
Уақытты тиімді пайдаланса
Тапсырма әр оқушылардың мүмкіндігіне қарай беру
Оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, білім сапасы мен үлгірімі артады.
Мен 2018 жылдан басталады 2021-2022 жыл. Физика және математика сабақтарында оқушылардың практикалық іскерлігін дамытуда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру жоспарын құру
2022-2023 жыл. Физика және математика сабақтарында оқушылардың практикалық іскерлігін дамытуды пайдаланып, күнделікті сабақ жоспарын құру
2023-2024 жыл. Физика және математика сабақтарында оқушылардың практикалық іскерлігін дамытуда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру тақырыбын қорытындылау, кемшіліктері мен жетісітіктеріне анализ жасау.