«Математика көшбасшысы»
Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,
-деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін «Ғылым мен инновация – жаңашылдық арқауы» атты ғылыми апталығында өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер! Бүгінгі «Математика көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Ал, студент, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық,
- деп ду қол шапалақтап, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз:
1-нөмірдегі сайыскеріміз: ____________________________
2-нөмірдегі сайыскеріміз: ____________________________
3-нөмірдегі сайыскеріміз: ____________________________
4-нөмірдегі сайыскеріміз:_____________________________
5-нөмірдегі сайыскеріміз: _____________________________
6-нөмірдегі сайыскеріміз:_____________________________
Жүргізуші: Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
- дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1) ______________________________________
2)_______________________________________
Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:
«Бәйге»
«Тіл – өнер» (полиглот)
«Дода».
«Жорға».
Қорытындылау.
Жүргізуші: Сайысымызды бастайық. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге».
Бұл кезең бойынша сайысқа қатысушыларға бірдей сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1-кезең. Бәйге.
1-сұрақ. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (0)
2-сұрақ. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
3-сұрақ. «Функция» термині ең алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі? (немістің математигі, әрі философы Г.Лейбниц)
4-сұрақ. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық тұжырым (Теорема).
5-сұрақ. Төрт дұрыс үшбұрыштан жасалған дене қалай аталады? (тетраэдр)
6-сұрақ. Логарифмді ойлап тапқан ағылшын математигі кім? (Джон Непер)
7-сұрақ. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? (Қаныш Сәтпаев)
8-сұрақ. Жылдың неше айында 28 күн бар (барлық айда)
9-сұрақ. Қазіргі алгебраның атасы деп қай математикті атайды? (француз математигі Франсуа Виет)
10-сұрақ. Төрт таңбалы математикалық кестенің авторы (Брадис)
11-сұрақ. Теорема дегеніміз не? (дәлелдеуді қажет ететін тұжырым)
12-сұрақ. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып, құрбан еткен кім? (Пифагор).
13-сұрақ. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? («әл-жебір» деген араб сөзінен шыққан) .
14-сұрақ. Планиметрияның негізгі фигуралары (нүкте, түзу)
15-сұрақ. Ең алғаш пайда болған сандар (натурал сандар)
16-сұрақ. Аксиома дегеніміз не? (дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым)
17-сұрақ. 600-тық бұрыштың тангенсі ()
18-сұрақ. 1 радиан неше градусқа тең? (57,30)
19-сұрақ. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
1. үш медиана бір нүктеде қиылысады, бұл нүкте үшбұрыштың ауырлық центрі болады;
2. үш биссектриса бір нүктеде қиылысады, ол нүкте іштей сызылған шеңбердің центрі болады;
3. үш биіктік (немесе олардың созындылары) бір нүктеде қиылысады, ол нүкте үшбұрыштың ортацентрі деп аталады.
4. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады, ол нүкте сырттай сызылған шеңбердің центрі болады. Бұл нүктелер үшбұрыштың тамаша нүктелері деп аталады.
20-сұрақ. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (3,14).
21-сұрақ. Физика-математика факультетін бітірген орыс жазушысы кім? (Грибоедов)
22-сұрақ. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
23-сұрақ. Бағытталған кесінді (вектор)
-Әділқазылар алқасынан сайысымыздың 1-кезеңі «Бәйге» бойынша сайыскерлеріміздің жинаған ұпайлар санын білейік
2-кезең. «Тіл – өнер» (полиглот)
Жүргізуші: Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика - барлық ғылымдар атасы» - деп тегіннен-тегін айтылмаса керек.
«Ақын жанды болмасам, математик те болмаған болар едім» - деп София Ковалевская айтқандай, біздің тарландарымыз да өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша шеберліктерін көрсетеді.
Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарды аударуға үш тілде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
30 ұпай сайыскер саған несібе
(3 тілде – 30ұпай, 2 тілде – 20ұпай, 1 тілде – 10 ұпай).
Математикалық жұмбақтар
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай.
(натурал сандар-натуральные числа-real numbers)
Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді.
(параллель түзулер-параллельные прямые- parallel lines)
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады.
(дәреже-степень-power )
Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(квадрат түбір-квадратный корень- Square root)
Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сандар бәрі де.
(рационал сандар-рациональные числа- rational numbers)
6. Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсін де.
(түзу-прямая-line)
7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш-линейка-ruler)
8. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы.
(дөңгелек немесе шеңбер –круг или окружность- circle)
9. Екі бұрыш ежелден,
Көрші болған ең тату
Бірін-бірі толықтырған
Жазыңқыға бар жақын? .
( сыбайлас бұрыштар-смежные углы- adjacent angles)
10. Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісін қияды,
Сонда шыққан бұрыштарды,
Кімдер айтып жияды? .
( сәйкес бұрыштар- соответственные углы- corresponding angles,
айқыш бұрыштар-накрест лежащие углы- lying crosswise angles,
тұстас бұрыштар –односторонние углы- sided angles)
11. Олда тізбек
Заңды қатты сыйлайтын.
Еселігімді тапқың келсе,
Қатар тұрған екі мүшенің
Соңғысын алдына бөл деп қинайтын.
(геометриялық прогрессия-геометрическая прогрессия- geometric progression)
12. Ұсынамын ойланыңыз есеп сізге,
Пісірді бір дәу шелпек анам бізге
Екі қос сызықпен бөліп берген,
Әдемі қоңырқай боп майға күйген.
Қиналдық айта алмай сол мезетте,
Шелпектің әр бөлігін қолға тиген.
Жауабын айт тосылма, қорқасың ба?
Бір тойдық анамыздың арқасында,
Ұштары түйіседі сызықтардың
Шелпектің тұп-тура ортасында.
(сектор- сектор- sector)
Әділқазылар алқасынан сайысымыздың 2-кезеңі «Тіл - өнер» бойынша сайыскерлеріміздің жинаған ұпайлар санын есептеп, келесі «Дода» бөліміне қатысып, ойынды әрі жалғастыратын ұпай саны жоғары үш сайыскерімізді атауды сұраймыз.
Қазылар алқасы шешім шығарғанша көрермендерге мынадай тапсырма бергім кеп тұр.
Цифрограмма «ойлан»
3
|
1
|
23
|
3
|
20
|
16
|
17
|
37
|
24
|
25
|
37
|
19
|
3
|
1
|
24
|
25
|
1
|
17
|
1
|
24
|
37
|
24
|
1
|
18
|
Мына цифрлардың тілін тауып, сөйлеткенде ежелгі грек ойшылы, әрі математигі Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. Ол үшін цифрларды рет саны бойынша қазақ алфавитіндегі әріптермен алмастыру қажет. («Бар болмыстың бастамасы-сан»)
3-бөлім. Дода
Жүргізуші: Сайысымыздың ең шешуші кезеңіне көшейік.
Ең қиыны жарыстардың дода келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді,
Сайысымыздың келесі кезеңі «дода»
Тұлғалар
|
20
|
30
|
40
|
Қазақтың байырғы есептері
|
20
|
30
|
40
|
1001 мақал
|
20
|
30
|
40
|
Логикалық есептер
|
20
|
30
|
40
|
1.Тұлғалар.
20. Физика-маатематика факультетін бітірген , генерал Панфиловтың туысы кім? (Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген , қазақтың алғашқы хор музыкасының негізін салушы және генерал Панфиловтың күйеу баласы Б.Байқадамов)
30. «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізуші ғалым, ағартушы?
(«Миллион» сөзін қазақ даласына 1879 жылы Орынборда «Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку» деген оқулығы арқылы «дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсарин таратты)
40. XIV-XV ғасырда өмір сүрген. Орта Азия математигі, аты шулы қолбасшы Әмір-Ақсақ Темірдің немересі, Самарқанда өзі салдырған обсерваториясы бар, және сол қаланың тұрғыны.
Ұлықбек
2. Қазақтың байырғы есептері
20. Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер,»-деген екен. Мұны естіген ұрылар:
-Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу?
(Ж/бы: 10 адам, 5 ұры)
30. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды?
(Ж/бы: 1/4 бөлігін)
40. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық-дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты дейді:
-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,-дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып.
-Ең көп асықтан ұтылған мен болдым,-дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде неше асық қалды?
(Ж/бы: 8;18;4)
3. 1001 мақал
20. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
30. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл.
40. Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
4. Логикалық есептер
20. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? (3 үйрек)
30. Балықшы балық аулап келе жатса, алдынан шыққан досы қанша балық ауладың деп сұрайды. Сонда балықшы былай деп жауап береді:
Сегіздің жартысы, бассыз алтау, құйрықсыз тоғыз,- деп жауап берген екен. Сонда балықшы қанша балық аулады? (0)
40. 12 бұтағы бар алып емен
52 шыбық тарап, өсіп-өнген
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген?
(емен деген-бір жыл, бұтақ деген-12 ай, елу екі шыбық- 52
апта, 7-ден жапырақ - әр аптадағы 7 күн)
Әділқазы армысыздар, алқалар,
Талай-талай шындық сізде бар табар:
Бағаларын сайыскелердің беріңіз,
Қымбат бізге билігі бар орталар. -деп
Әділқазылар алқасынан сайысымыздың 3-бөлімі «Дода» бойынша сайыскерлеріміздің жинаған ұпайлар санын есептеп, келесі «Жорға» бөліміне қатысып, ойынды әрі жалғастыратын ұпай саны жоғары екі сайыскерімізді атауды сұраймыз.
4-бөлім. Жорға
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде 12 сұрақ. Осы сұрақтарға бір минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беру керек.
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
Египет үшбұрышының қабырғаларын өрнектейтін сандар. (3;4;5)
Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
Тәуліктің 1/24 бөлігі ? (сағат)
Қазақ тілінде қандай әріп цифрға ұқсайды? (3)
Құрамында белгісіз айнымалысы бар теңдік. (теңдеу)
Грек алфавитінің бірінші әрпі. (альфа)
cos2150 – sin2150 мәні неге тең? (
Бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі. (дәреже)
Ковалевскаяның аты. (Софья)
Қабырғасы 6 см-ге тең квадратқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге тең? (3 см)
«Геометрия» сөзінің мағынасы. (гео-жер, метрио-өлшем)
«Фигура» сөзінің мағынасы. (түр, кескін, бейне)
Евклидтің еңбегі. («негіздер»)
Қиылыспайтын түзулер. (параллель)
Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
Қандай кесінділер өзара тең. (симметрия)
Тәуелсіз айнымалы. (аргумент)
Рационал сандар жиынын нелер құрайды? (бүтін сандар және теріс бөлшектер)
Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер не деп аталады? (иррационал сандар)
Мысыр елі қандай ғимараттарымен әйгілі? (пирамидаларымен)
2sin150cos150 мәні неге тең? (1/2)
«Эврика» кімнің сөзі? (Архимед)
Санның 1/100 бөлігі. (пайыз)
Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Көп ұпай жинаған оқушыға «Математика көшбасшысы» атағы беріледі.
Қорытынды: Сайысымыз өз мәресіне жетіп, жеңімпаз аталды, әділ қазылар сөз сөйлеп, сайысымыз аяқталды.
ІІІ. «Мақалды жалғастыр»
(Әр команда шапшаң жауап беру керек,әр дұрыс жауапқа бір ұпай).
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды).
2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).
3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).
4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ).
5. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына).
6. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).
7. Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл).
8. Жүз сом ақшаң болғанша,(жүз досың болсын).
9. Бесік баласы (бес түлейді).
10. Тоқсан ауыз сөздің(тобықтай түйіні бар).
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).
Достарыңызбен бөлісу: |