Байланысты: 9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован
(Жқ) «Қаптағы тапсырмалар» есептерді шығарудың, пропорциялы шамалары бар есептерді шығарудың әртүрлі тәсілдерін іске асыруға мүмкіндік беретін арнайы тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.
Мысалы:
Сызба салып есеп шығар: «3 шелекте 31 л сүт бар. Дәл осындай 9 шелекте неше литр сүт бар?» Сызбаны таңдауы оқушының шамалар арасындағы байланысты және арақатынасты дұрыс түсінгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Есепті екі амалмен шығар: «6 бірдей үйде 24 кіреберіс бар. Дәл осындай 12 үйде неше кіреберіс бар?»
Есеп шығарудың графикалық сұлбасын сал: «4 дәптердің ішінде 48 бет бар. Дәл осындай 7 дәптердің ішінде неше бет бар?»
4.5.1.5 тікбұрышты параллелепипедтің (текшенің) көлемі мен қырының ұзындығын табуға берілген есептерді талдау және шығару
– Есептің шешімі болатын өрнекті таңда: «Әже 12 жүн орамынан 4 бірдей тымақ тоқып берді. Осындай 8 тымақ тоқу үшін қанша жүн орамы керек болады?».
а) 12: 4 ∙ 8 = 24 (м.)
ә) 12: 4 – 8 = 5 (м.)
б) 12 ∙ (8 : 4) = 24 (м.)
в) 12: (8 – 4 ) = 3 (м.)
Бұл тапсырманың ерекшелігі – есепті шығару тәсілін дұрыс емес шешімдермен бірге екі дұрыс шешімі берілген өрнектер арасынан таңдау керек.
– Кесте құрып есепті шығар: «8 бірдей пальто тігу үшін 24 м мата жұмсалды. Осындай 2 пальто тігу
үшін қанша мата керек болады?»
Оқушылар жұпта жұмыс істейді, дәптерлерін алмастырып үлгі бойынша бір-бірін тексереді және баға қояды.
Өзіндік жұмыс ретінде осыған ұқсас есептерді шешуді ұсыныңыз.
5.1
Есептер және математи калық модель
4.5.1.6 әр түрлі құрама есептерді құрастыру, салыстыру, шығару