Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 132
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, өзгеру құлашы. Бірнеше санның арифметикалық ортасы. (1-сабақ)
1. Мақсаты:
Статистика және статистикалық сипаттамалар туралы түсінік алу;
бірнеше санның арифметикалық ортасының анықтамасын білу;
сандардың арифметикалық ортасын табу ережесін есептер шығаруда қолдануды үйрену
2. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме
а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі.
СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Арифметикалық
орта
белгіленуі
Медиана
белгіленуі
Ме
Өзгеру құлашы
белгіленуі
R
b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы () деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
=
1-мысал.
Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.
Шешуі.
Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:
10+18+9+3 = 40
Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:
40 : 4 = 10
Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10 немесе = = 10
Жауабы: 10 градус
2-мысал.
Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?
Шешуі.
(2507 + 3255) : 12 = (1750 + 1625) : 12 = 281,25(тг)
Жауабы: 281,25 теңге
Тапсырмалар.
Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?
Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап сатып алды. Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.
1-ден 50-ге дейінгі бүтін сандардың арифметикалық ортасын тап.
Төрт санның арифметикалық ортасы 75,35-ке тең. Бірінші сан екінші саннан 0,4-ке кем, ал үшінші саннан 2,3-ке артық, ал төртінші саннан 4,5 есе кем. Бірінші санды тап.
Сілтеме:
Т.А. Алдамұратова және басқалары, «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 127-128 беттер
https://www.youtube.com/watch?v=AUhhekEI1VA&t=88s
Үй жұмысы:
1195 – 1198 есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |