Математика пәнін қашықТЫҚтан оқыту технологиясы дайындаған: «Жаңа Ғасыр»



бет2/8
Дата04.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#109598
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Саменова С.Ж. пед чтение

Күтілетін нәтиже: Қашықтықтан оқу барысында оқушыларының пәнге деген қызығушылығы артады. Білім беру платформалары арқылы оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудара отырып, математика пәнінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әрбір оқушының қызығушылығын, олардың мазмұнын толық түсінуге және пәнді оқып үйренуді оқулықтың тиісті бөлімін меңгерумен байланыстыра отырып, оны есте сақтауға деген ынтасын оянады. Әр түрлі деңгейдегі қызықты видеоматериалдарды көру арқылы балалардың бойына жаңа сабақ тез жатталып қалады.

Алғысөз

Елімізде коронавирус індетінің  таралуына байланысты барлық облыста студенттердің сабағы қашықтықтан оқытылып жатыр. Казіргі таңда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Оқытушы ұстаздарымыз интернеттік  желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдаланып, әр түрлі платформадағы бағдарламаларды үздік игеруде.   



   Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады.Қашықтықтан оқыту бұл оқытушының біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп тұжырымдады. Ендеше, сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты әрбір оқушыға жеке адам ретінде, өзіне тән ой-өрісі, ерік-жігері, жеке дара әрекет жасауға ынта-жігері бар тұлға ретінде қарау міндеті қойылып отыр.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.



Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Бұл жүйе әлем әлдерінде жақсы дамыған. Соның ішінде алдыңғы орында Ұлыбритания, АҚШ елдері тұрғанын айтуға болады. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет