Көбейту және бөлу амалдарына берілген есептерді шығара білу. Санның квадраты және кубы жайлы білімді қайталау.
Міндеті
Оқушылар жұппен, топпен, жеке есеп шығаруға дағдыланады. Ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиеленеді. Логикалық ойы, математикалық тілі дамиды.
Күтілетін нәтиже
Көбейту мен бөлуді бөле біледі. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді. Шығармашылық қабілеті артады.
Спорт ойындары жарысына 64 жоғары сынып оқушылар және одан 4 есе кем төменгі сынып оқушылары қатысты. Төменгі сыныптарға қарағанда жоғары сыныптардан неше оқушы артық қатысты?
2 – топ: №2. Есепті шығар:
Үш мектепке 96 парта берілді. Бірінші мектепке барлық партаның үштен бір бөлігі, екінші мектепке біріншіге қарағанда 2 есе кем, ал қалғаны үшінші мектепке берілді. Үшінші мектеп қанша парта алды?
3 – топ: Шығармашылық тапсырма
Логикалық есептер: 1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық. 2. Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: 3 стакан. 3. Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсы неше сағат ойнады? Жауабы: 2 сағат. 4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы 3 жеңіл машина және 1 камазды кезіктіреді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: 1 ғана мотоцикл. 5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: мұз болғанда.
2.Сергіту сәті
3. Танымдық тапсырма: «Ұшқыр ой» ойыны.
№4.
Тік төртбұрыштың ауданы 96 см2 Оның ұзындығы мен ені неше сантиметр болуы мүмкін? Барлық мүмкін болатын жағдайларды жазып көрсет.