Математика сабағында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту



Дата06.02.2022
өлшемі18,74 Kb.
#80701
түріСабақ
Байланысты:
Математика сабағында жаңартылған білім беру


Математика сабағында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өзбетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Осы орайда математика сабақтарында әр оқушы сабақ үстінде өзін еркін ұстауға, ойын ашық жеткізе білуге үйрету ұстаз менің басты міндеттерімнің бірі.Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін математика сабағында оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлуіміз керек. Сапалы есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Әр бір құрастырылған есептер оқушының ойлануына, санасуына ықпал ететіндей болу керек деп санаймын. Әр сабақ барысында өздерінің шығарған есептерінің шығарылу жолдарын өздеріне талдата отырып, әр оқушының көзқарастарын тыңдай отырып,ортақ бір шешімге келуге дағдылануға үйретіп келемін. 5- сынып бастауыштан орта буынға қалыптасуына көптеген еңбекті қажет етеді. Оқушылардың жас ерекшелігі, мінез құлықтарынан бастап көптеген кедергілер болады. Төрт жыл бір мұғалімге үйренген оқушылар әр пәннен әртүрлі мұғалімдерге бірден түсінісіп кетпейді. Әр сабақты қызықты етіп, ертеңгі сабағына асыға келуіне ықпал ететіндей етіп сабақты түрлендіріп өткізіуге тырысамын. Ол үшін сабақта әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой – өрісін дамытуға, есептер шығару кезіндеқ ызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету керек. Осындай мақсаттарға жету үшін өз сабағымда мынандай міндеттер қоямын:
1. Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу.
2. Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Кез келген жағдайаттың шешімін таба білуге үйрету.
4. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Бұл міндеттер сабақ барысында жүзеге асады. Сондықтан күнделікті сабақта берілетін тапсырмаларға аса мән беруіміз керек. Мұндай тапсырмаларды оқушылар топта, жұпта талдай отырып жүзеге асыратын болса, тез түсініп алуына, ортақ шешімге келе білуіне, өзіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, математика пәнін терең білудің маңызы зор.
Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені, функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Осы орайда ұстаз ретінде осындай іс-әрекеттерді қолдану менің басты міндетім деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет