Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт: — жоспарлауға дайын болуы;
— бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
— қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
— жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
— ымыралы келісімді іздеуі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: — сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
— оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
— әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
— оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
— әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
— оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар бар. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі: