Математикалық білім берудің әдіснамалық компонентінің мазмұны. Концетуалды модель


Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі



бет5/10
Дата19.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#132524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
методика
Жоғары мектеп педагогикасы
Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі:
1.Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәуірден басталып, б.з.д. 4-5ғасырға дейін созылады. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қоры кеңейді, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б) қалыптасты.
2.Тұрақты шамалар және элементар математика. Б.з.д 6-5 ғасырдан бастап б.з 17 ғасырға дейін созылған. Бұл аралықта тұрақты шамалардың қасиеттеріне зерттеулер ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ұғымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.
3.Айнымалы шамалар және жоғары математика. XVIIғ. Бастап ХІХ ортасына дейін созылған бұл дәуір жоғары математиканың білім негізін қалайтын математика салалары бар. Олар Декарт(1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия, Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтималдықтар теориясы.
4.Қазіргі математика. Бұл дәуір ХІХғ. ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше көбейіп, көптеген математикалық жаңа теорияларашылады.
Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:
        •  Білім беру; 
        • Тәрбиелеу;
        • Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;

Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады. Олар:
  • Оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу;
  • Оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық);
  • Оқушыларды математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет