Математикалық футбол 6-сынып Мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі87,31 Kb.
#36654
Сыныптан тыс жұмыс «Математикалық футбол» 6-сынып
Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, ойлауға ынтасын арттыру;

  • Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, ойын алаңы, логикалық есептер, қатысушыларға «шабуылшы», «қорғауышы», «қақпашы» сөздері жазылған бейджиктер

Түрі: топтық сайыс

Типі: ойын түрінде
Барысы:
Жүргізуші-төреші: 

Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

«Математикалық футбол» ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді


Ортадағы «Астана» және «Қайрат» командаларына қошемет көрсетейік.

Оқушылар математика жайлы тақпақ, нақыл сөздер айтады. (2 мин)


Алия:


Көбейту, бөлу, азайту, қосу-амалдар

Бұларды білсең шығарар есеп шамаң бар

Теңдеуді шешіп, өрнектің мәнін табады

Есепке жүйрік математик балалар

Ақыл-ойды бір жүйеге келтірер

«Математика » ғылымын артық санаңдар!

Нұрлан:

-«Бізге мәлім ғылымдардың ішінде тек арифметика мен геометрия күмәнді қағидалардан таза» Р.Декарттың айтқан нақыл сөзі.



Ұлжан:

-Математика қарасаң қандай қиын

Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін

Ал, өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық , байлам дүйім

Диана:


«Арифметика- математиканың, ал математика барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусстың айтқан дана сөзі.

Темірлан:

-Қиын пәнді бәріміз меңгереміз

Қосу менен басқаны теңгереміз

Көбейтуді жаттамай жүрген жалқау

Оқушыны бәріміз жек көреміз

Алуа:

-«Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол-формула» С.Ковалевскаяның айтқан нақыл сөзі»



Диана:

-«Бірлік-дегеніміз дүниеде бар нәрселердің әрқайсысын бір тұтас деп есептеуге мүмкіндік беретін ұғым»

Дильнара:

-«Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі- математикамен шұғылдану, екіншісі- одан сабақ беру» Пуассонның айтқан нақыл сөзі.

Бәрі бірге:

Қатысыңыздар!

Қолдаңыздар!

Есептен шет қалмаңыздар!

Ойнаңыздар!

Ойланыңыздар!

Есеп додасы басталды.

Бір топ оқушылар:

Қатысыңыздыр!

Қолдаңыздар!

Есептен шет қалмаңыздар!

Ойнаңыздар!

Ойлаңыздар!

Есеп додасы басталды.
Жүргізуші-төреші:

Ойын шарттарын түсіндіреді. Екі футбол командасы арасындағы матч. Сұрақ не жауаптың дұрыс жауабын алдымыздағы белгі карточканы команда капитаны көтеріп, сосын ойыншының бірі жауап бере алады. Әр турда басым түскен командаға дұрыс жауап берген ойыншысына 1 шариктен беріп, ойын соңына дейін жинап ойын аяқталғанда, жинаған шариктер санымен жеңімпаз анықталады. Әр турда теңде-тең болса, командадан шабуылшы қарсы командаға пеналти, яғни айып доп тебу ретінде жұмбақ-сұрақ береді. Егер жауап берсе бір шариктен алады әр дұрыс жауапқа.



Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
І-тур «Ой сергіту»     Логикалық - сұрақ тапсырмалар (4 мин)

1)Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?


Ж:Бір жанұяда алты бала бар

2)Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?


Ж:төрт сағат

3)Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?


Ж:бірдей
4)Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? 
Шешімі: Жанат - ұзын
5) Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 
Жауабы: Медет
6). Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? 
Жауабы: үш
7) Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
8) Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
9) Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? 
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
10) Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
 Жауабы: үшеу
ІІ- тур «Білімің тірегің» (6 мин)

Әріптерді цифрлармен алмастыр.

Бұл ребустарда әр әріп тек бір цифрға сәйкес.

Астана командасына: Қайрат командасына:




Жұлдызшаларды цифрлармен алмастыр

Астана командасына: Қайрат командасына:




ІІІ- тур «Білім арқаны» (6 мин)

Сюжеттік логикалық есептер

Қайрат командасына:

Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері: Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?

Астана командасына:

Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң  Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?

IV-тур. «Өнерлі өрге жүзер» (6мин)

Мына сөздерді араластырып, тақпақ, ән құрау.

Астан командасына: білім, күн, қосу, шаттық, өрнек

Қайрат командасына: мектеп, сандар, азайту, керемет, пайыз



V-тур. «Кім жылдам?» (3 мин)

Жұмбақтар шешу

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп (қалам)

  1. Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегім білсе де. (түзу)


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

  1. Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды

Алмайды бір тағат

Оның аты ....... (сағат)


  1. Нәрселерді санауға 
    Керек сан өзі негізгі
    Басы бар да, шеті жоқ
    Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан

  2. Сан ол сызықпенен бөлінген
    Үсті алым,асты бөлім деп аталып,
    Әсем түрде керілген
    Математиканы ұқпас адамға 
    Құбыжық боп көрінген
    Дұрыс,бұрыс ,аралас деп
    Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/

  3. Шәкіртке жанашыр,
    Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)

  4. Жіп-жіңішке денесі,
    Ортасында шегесі. (қарындаш)

  5. Жазу жазып жалықпаған,
    Жаза-жаза арықтаған. (бор)

  6. Білімнен мол сый-асы,
    Балғындардың ұясы. (мектеп)

VI-тур. «Сен маған, мен саған» (7 мин)

Әр топ өздері үйден бір ребус дайындап әкеледі. Алмасып орындайды.

VII-тур. «Жаңылыспа!»          (2мин)                                                                        1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - орысша кезек айту. Команда капитандары арасында

Қайрат командасына: бір, два ,үш, четыре, бес

Астана командасына: шесть, жеті, восемь, тоғыз, десять.

VIII-тур «Білімдіден шыққан сөз... (3 мин)


  1. Қайрат командасына: Арифметика

Астана командасына: Математика

Осы сөзден сөз құрау.

2)Әріптерді дұрыс орындарын тауып сөз жасау

Қайрат командасына: е ң ш б р е – шеңбер



лтанрау –натурал

ынсқдоы -қосынды
Астана командасына: рвадкат – квадрат 

кітедң –теңдік

ртмеирпе-периметр

ІХ-тур. «Білгірлер» Мақал-мәтел сайысы (2 мин)

1.Жеті рет піш,

Бір рет кес.

2.Жүзден біреу-шешен,

Мыңнан біреу-көсем.

3.Білегі күшті бірді жығар,

Білімі күшті мыңды жығар.

4.Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

5.Жақсы әке жаман балаға

Қырық жылдық ризық

Қорытынды. Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші-төреші:

 Ойынға қатысқан оқушыларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз. Ойынды тамашалаған көрермендерімізге, ойынға қатысушыларға көп рахмет!

Бір топ оқушылар:

Ұстаздардың мақсаты біздерді:

Б- білімді

О- озық ойлауға

Л- лайықты

А- асқақ арманшыл

Ш- шығармашыл

А- ақылды

Қ- құзырлы

Т- тұлғаға

А- айналдыру                



                                                                   Пән мұғалімі: Хамитбекова Ж.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет