Ибраева Асылай
Алматы қаласы.
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия
Математика пәнінің мұғалімі.
«Математикалық марафон» сайысы
Сайыстың тақырыбы: «Математикалық марафон»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Барысы:
1. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
2. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.
3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау
1- жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар
2- жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жазда
Ізетке ие інілер,
Інілер еті тірілер
1- жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
Сіздерді әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. ________
2. _________
2- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық марафон» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
1-жүргізуші: _______ бүгінгі сайысымыз неге марафон деп аталады?
2- жүргізуші: Өйткені, марафонға қатысушы әрбір адам, бірнеше сайыскерлермен жарыса отырып, мәреге ең бірінші болып жетуді көздейді. Бүгінгі біздің сайысымызға қатысушылар да «мен жеңімпаз боламын» деген мақсатпен математикалық марафонымызға қатысуға ынтасын білдірді. Олай болса, нағыз білімді жас мәреге жетеді деп ойлаймын!
1- жүргізуші: Демек, біз бүгін математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысады екенбіз ғой?
2- жүргізуші: Ия, біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.
1-жүргізуші: Ал енді, бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Таныстыру, бәйге, жеті жұмбақ, тіл - өнер, көкпар, жорға және жекпе-жек.
2- жүргізуші: Олай болса, алдыменен бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
Таныстыру
1-жүргізуші: Оқушыларды таныстырып өтеді
2-жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, - дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 1-бөлімін бастаймыз. Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
БӘЙГЕ
1-жүргізуші: 1-сұрақ:Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?(жер өлшеу)
2-жүргізуші: 2-сұрақ:Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?(«Әл-жебр»деген араб сөзінен шыққан)
1-жүргізуші: 3-сұрақ: Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әль-Фараби)
2-жүргізуші: 4-сұрақ:Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы бар)
1-жүргізуші: 5-сұрақ: П-дің мәні нешеге тең?(3, 14-ке тең)
2-жүргізуші: 6-сұрақ: «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы. Алтынсарин)
1-жүргізуші: 7-сұрақ: Бұрыш дегеніміз не?
1-жүргізуші: 9-сұрақ: Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (Теорема)
2-жүргізуші: 10-сұрақ: Қарапайым геометриялық фигураға не жатады?(нүкте)
1-жүргізуші: 11-сұрақ: қандай фигураны үшбұрыш дейді? (үш нүктеден, үш кесіндідентұратын фигураны)
2-жүргізуші: 12-сұрақ: 3, 5 таяқтың неше ұшы бар? (8)
1-жүргізуші: 13-сұрақ: π саны рационал, әлде иррационал сан? (иррационал)
2-жүргізуші: 14-сұрақ: 50-ді 0, 5-ке бөліңдер (100)
1-жүргізуші: 15-сұрақ: Сәуле дегеніміз не?(Бір нүктеден шығатын шексіз жарты түзуді айтады)
2-жүргізуші: 16-сұрақ: у=х3 функциясының графигі қалай аталады? (гипербола)
1-жүргізуші: 17-сұрақ: у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
2-жүргізуші: 18-сұрақ: │х│=4 теңдеуінің түбірлері? (-4, 4)
1-жүргізуші: 19-сұрақ: Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулер? (параллель түзулер)
2-жүргізуші: 20-сұрақ: жазыңқы бұрыштың градустық өлшеуіші нешеге тең?(180 градус)
1-жүргізуші: Сіздерге рахмет! Әділқазылар сайыскерлерімізге ұпайын беріңіздер.
2- жүргізуші: Сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз
Жеті жұмбақ
2-жүргізуші:Шығыс елдерінде 7 санын әсіресе құрметтеген, жер дүниені 7 мен белгіленген.
1-жүргізуші: Вавилондықтардың сенуі бойынша жер астындағы жұмаққа жету үшін негізгі жеті қақпадан өту керек.
2-жүргізуші: Ай туып жеті күннен кейін жартылай толып, одан кейінгі жеті күннен кейін жарты болып, ал келесі 7 күннен кейін аспанда тек қана жұлдыздар қалады. Содан 4 аптадан, әр апта 7 күннен «ай» деген ұғым пайда болды.
1-жүргізуші: «Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін,
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын бөлімін бастаймыз.
2-жүргізуші:
1-жұмбақ: Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (Дәреже)
1-жүргізуші:
2-жұмбақ: Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)
2 - жүргізуші:
3-жұмбақ: Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғандар
Ханы үшін де жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)
1-жүргізуші:
4-жұмбақ: Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді. (шексіздік)
2-жүргізуші:
5-жұмбақ: Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (параллель түзулер)
1-жүргізуші:
6-жұмбақ: 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген.
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзін көрген. (Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)
2-жүргізуші:
7-жұмбақ: Атадан он баламыз.
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз, Ол не? (0 мен 9 арасындағы сандар)
1-жүргізуші:
Ал енді «Жеті жұмбақ» кезеңі бойынша сайыскерлеріміздің жинаған ұпайларын айтыңыздар
2-жүргізуші: Сайысымыздың 3 кезеңін бастаймыз.
Ал енді «Тіл-өнер» деп аталатын бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде оқушылардың ойының жүйріктігін және қазақ, орыс , ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз.
Тіл өнер
1-жүргізуші: 1. Бір-бірімен жарысқан ,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді. (сегіз, восемь, eight)
2-жүргізуші: 2. 6²-6= (отыз, тридцать, thirty)
1-жүргізуші: 3. Бір үйде тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр. (сіріңке, спички, match)
2-жүргізуші: 4. Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай?
(жүз алты, сто шесть, one handred and six)
1-жүргізуші: 5. 7²= (қырық тоғыз, сорок девять, forty nine)
2-жүргізуші: 6. 121 қай санның квадраты? (он бір, одиннадцать, eleven)
1-жүргізуші: 7. Мың кісіге бір белбеу? (сыпырғыш, веник, broom)
2-жүргізуші: 8. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)
1-жүргізуші: 9. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш, линейка , ruler )
2-жүргізуші: 10. Отқа салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
1-жүргізуші: 11. Өмірдің бұл шырағы
Әрі жүйрік көреген. (көз, глаза, eyes)
2-жүргізуші: 12. Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап, книга , book)
1-жүргізуші: Енді тағы да «Тіл-өнер » кезеңінен сайыскерлеріміздің жинаған ұпайларын айтыңыздар.Келесі кезекті күйге берейік.
2-жүргізуші: Сайысымыздың 4 кезеңін бастаймыз.
Ең қиыны жарыстың «Көкпар » келді
Мықтылары қалыпты жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
4. Көкпар Есеп шығару
1) Есепте: 2* (-3) 2 =
2) Есепте: (-4) 3 =
3) Көбейтіндіні дәреже түрінде жаз 5*5*5*5*5*5=
4) Бөліндіні дәреже түрінде жаз: а5 : а2 =
5) (2а +в) 2=
6) (а-2в)2=
7) а2-52=
8) 8а3- в3 =
9) х3+27у3=
10) (m+n)3 =
11) (3-в)3=
12) (4+х)3 =
1-жүргізуші:
«Көкпар» кезеңінен сайыскерлеріміздің жинаған ұпайларын айтыңыздар.
2 - жүргізуші:Сайысымыздың 5 – бөлімін бастаймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңі «Жорға» бөліміне көшейік.
Бұл бөлім бойынша сіздер дайындалған сұрақтарға тез, әрі нақты жауап берулеріңіз керек. Бір минут ішінде қанша сұрақ тыңдап, нешеуіне дұрыс жауап беру сіздің шапшаңдығыңызға байланысты. Аз ұпай алған оқушы А, Ә, Б нұсқаларының бірін таңдайды. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Жорға
А – нұсқасы
1. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан (қарама қарсы)
2. Нөлден үлкен сандар (оң сандар)
3. Қарама қарсы сандардың қосындысы (ноль)
4. 9-ға кері сан (тоғыздан бір)
5. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
7. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
8. Cыбайлас бұрыштыр қандай бұрышты айтады?
9. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (360о)
10. Бұрыштың биссектрисасы деп нені айтады?
11. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (ноль)
12. Вертикаль бұрыштар деп қандай бұрышты айтады?
13. 75% санның қандай бөлігі (¾)
14. Бестің квадраты (25)
15. 11 жай сан ба? (ия)
Ә - нұсқасы
1. Бір нәрселерді санау үшін қажет сандар (натурал сан)
2. Нөлден кіші сандар (теріс сандар)
3. Кері сандардың көбейтіндісі (бір)
4. Жарты түзу (сәуле)
5. 9-ға қарама қарсы сан ( - 9 )
6. Бір мүше дегеніміз не?
7. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
8. Көпмүше дегеніміз не?
9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180о)
10. Қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)
11. Санның натурал көреткішті дәрежесі деп нені айтады?
12. Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеді?
13. 100 санның ¼ бөлігі неше? (25)
14. Тоғыздың квадраты (81)
15. 13 құрама сан ба? (жоқ)
1 – жүргізуші: Әділ қазы сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтсаңыз.. Сіздерге рахмет!
2- жүргізуші: Сайысымыздың 6- кезеңін бастаймыз.Сайсымызда алда келе жатқан 2 оқушыны айтыңыздар. Сол екі оқушы жекпе – жекке түседі.
6. Жекпе жек
1 – жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші кезеңі «Жекпе жек» бөліміне көшейік.
2 – жүргізуші: Бұл бөлімінде екі оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Қайсысы бірінші әрі дұрыс орындаса сол оқушы жеңімпаз болып «Математикалық марафон» сайысының жеңімпазы атанады.
1 – жүргізуші: Бір шырпы таяқшасының орнын ауыстырып,- бөлшегін кескіндеңдер.
2- жүргізуші : Әділқазы алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша,әнге кезек берейік.
1 – жүргізуші: Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын! – дей отырып кешіміздің қорытындысын хабарлау үшін сөз кезегін әділ қазыға берейік!
2 – жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсақ туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
1 – жүргізуші: Алдыңызға жайнаған жүзден әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
2 – жүргізуші: Осымен «Математикалық марафон» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар!
4. Көкпар Есеп шығару
1) Есепте: 2* (-3) 2 =
2) Есепте: (-4) 3 =
3) Көбейтіндіні дәреже түрінде жаз 5*5*5*5*5*5=
4) Бөліндіні дәреже түрінде жаз: а5 : а2 =
5) (2а +в) 2=
6) (а-2в)2=
7) а2-52=
8) 8а3- в3 =
9) х3+27у3=
10) (m+n)3 =
11) (3-в)3=
12) (4+х)3 =
Математикалық марафон
Қазақстан -2030 стратегиясының басты бағыттарының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан денсаулығы зор,сымбатты ,білім негіздерімен сусындағанжас ұрпақты тәрбиелеуде сыныптан тыс шаралардың маңызы зор. Осы орайда 5-6 сыныптарда математикалық марафон атты сыныптан тыс жұмыс жоспарын ұсынып отырмын.
Мақсаты математика пәнін дене тәрбиесі пәнімен байланыстыру.Оқушыларды шапшаңдыққа,тез шешім қабылдауға ,алғырлыққа ,жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:плакаттар ,үлкен шарлар ,қоржындағы әр түрлі асықтар,қапшықтар,арқан
Жоспар: 1.Екі сыныпты араластырып екі топқа бөлу;
2.Арқан тартыс;
3.Дода;
4.Тунелден өту;
5.Кенгуру;
6.Қапшықпен жарыс;
7.Қара жорға биі
8.Қорытынды.
Өтілу барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу: -топ-Құлагер;- топ - Сұңқар
Әділқазылар алқасы.
тур: «Арқан тартыс» екі топ арқан тартысып турды кім бастайтындарын шешеді.
тур:«Дода» әр команданың ойыншысы допты басынан түсіріп алмай мәреге апарып,қапшықтағы түрлі асықты алып сондағы нөмір бойынша сұрақтарға жауап береді,кейін қайтып келесі ойыншыға жолдайды.
1.Аликводтық бөлшек деген не?
2.Ғасырдың ширегі қанша?
3.3 түйе құс ұшып келе жатты қыран бүркіт олардың біреуін қағып түсті,нешеуі қалды?
4.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең?
5.15 минут 1 сағаттың қандай бөлігі?
6.Ең кіші жай сан?
7.1-ден үлкен бөлшектер қалай аталады?
8.Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
9.Нәрселерді санау үшін қолданылатын сан?
10.Периметрі 24 см болатын шаршының ауданы неге тең?
11. Кемел сан деген не?
12. Егіз сандар деген не?
13. Жүзден бір бөлік қалай аталады?
14. Бүтін сан деген не?
15. 2 тауық 2 күнде 2 жұмыртқа тапса,6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа табады?
16. 1-ден кіші бөлшектер қалай аталады?
-тур: «Тунелден өту»форматтарға жазылған формулалардың жалғасын тауып,жалғастыр: S=vt; P=2(a+b); C= an; P=4a; S=a2; S=ab; V=abc; t=s/v; V=s/t; V=a3.
IV-тур :«Кенгуру» үлкен шармен секіріп барып математикалық тапсырмаларды орындап қайтып кету.
1. Өрнекті ықшамда: 2a*7*5в;
2. Жақшаны аш: 8(у+9);
3. Теңдеуді шеш : 74-8х;
4.;
5.+-;
6.Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса ,неше есе өседі?
7.Шопанның барлық қойының 320 су ішіп жатыр,қалғаны жайылып жүр,жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей.Шопанда барлығы қанша қой бар? (400 қой)
8. белгісіз мүшесін тап.
9. Бірінші жәшікте 8 кг алма бар.Бұл екінші жәшіктегінің .Екі жәшікте неше килограмм алма бар?
10. Катердің ағыспен жылдамдығы 15 км\сағ,ағысқа қарсы жылдамдығы
11 км\сағ.Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті жылдамдығын тап.
12 . Есепте : -4,2+3 .
13. Теңдеуді шеш: ǀхǀ - 8.
14. Қосуды орында: -96+(-104).
15. Көбейтінділері олардың қосындысына тең болатын үш санды тап.
16. Есепте: 4 .
17. Гаусс әдісін пайдаланып есепте: 1+2+3+4+5+6+7 +... + 97 +98+99+100 .
18. Көлемі 125 см3 болатын кубтың қырының ұзындығы неше сантиметр?
19.0, 1, 2 және 3 цифрларын пайдаланып ,бір цифр қайта қайталанбайтындай неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?
20. Есепте : 345:1000 .
V-тур.:» Қапшықпен жарыс «қапшықпен секіріп барып әр түрлі сұрақтарға жауап береді
1.2012 жылғы олимпиадада еліміздің спортшылары қанша медальға ие болды?
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма?(Болады,қар,мұз)
3.Дайындалуға болады ,бірақ жеуге болмайды. Ол не?(Сабақ)
4.Жерден көтеру оңай ,бірақ лақтыру қиын.Ол не?(Мамық)
5.Әлемдегі ең дауысты жануар?(Көк кит)
6.Егер жыл 4 санына бөлінсе,онда ол жыл қалай аталады?(ілбіс жылы)
7.Шаршы формалы шоколад 9 бөліктен тұрады.Осы кішкене шаршы бөліктерді бөліп алу үшін неше рет сындыру керек?(8 рет)
8.
Суретте неше үшбұрыш бар?
9.Жүз тауық 100 күнде 100кг тары жейді, ал 10 тауық 10күнде қанша тары жейді?
10.Математик кішкене қалашыққа тоқтады да шашын қырықтырмақшы болды.Қалада тек екі шаштараз бар.1-ші шаштараздағы шебердің шашы өте сәнді етіп қырқылған.2-шішаштараздың шашы жақсы қырқылмаған. Математик қай шаштаразға шашын қырықтырады?
11. Ағашты 5 рет кесіп неше бөлік алуға болады?
12.Жұмыртқаны қайнатуға 3 минут уақыт қажет,5 жұмыртқаны ше?
13. 2мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден артық 3-тен кем сан шығады?
14.Бір тонна мамық ауыр ма әлде бір тонна мақта ауыр ма?
15. 1 түйменің салмағы бір жарым грамм болса,сондай 10 түйменің салмағы қанша?
16.Бір адам ылғи шын айтқан,бірақ оған бір сұрақты 2 рет бергенде оның жауабы 2 түрлі болған.Ол қандай сұрақ ?
17. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Математикада қандай сан бар,біз білетін?
18. 2 пар ат 50 км шапса, онда әр ат қанша км шабады?
19. Сочи 2014 олимпиадасының жүлдегері кім?
20. Күн-күн сайын жыртылдық
Өміріміз бір жылдық.Ол не?
V -тур:» Қара жорға биі « әр топ осы биді билейді.
Әділқазылар қорытындысы тыңдалады.Жеңімпаз топ марапатталады.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін , ойлау логикасын білім дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс істей отырып шапшаңдыққа , зеректікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу , қызығушылығын арттыру. Сайыс толқын айналған қатты ағысқа . Табылғандай тыным да , жат дауыс та Біреу озып келеді қатарынан Біреу кейін жатады аптығыста Сайыс толқын жатқандай асып-тасып Біреу мығым , біреулер шалыс басып Бұл сайыста байқалар тек шапшаңдық Жеңсең де , жеңілсеңде қалма жасып Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат ел ертеңі» «Білікті бірді білімді мыңды жығар » деген халықтық даналық сөзі бар Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Назарбаев « Біз өмір бойына жететін білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып лайықты қолтаңбамызды қалдырайық » деп айтып отыр. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды , мазасызданбайды. Әр уақытта батыл болады.
Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп Ауырсақ ішетұғын дәріде есеп Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз –ау Дүниенің бір тұлғасы есеп десек –дей келе марафонымызды бастамас бұрын 6-сынып оқушыларын «Алғырлар » «Тапқырлар » тобына бөліп алайық. Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ-қазыларымызды сайлап алайық
жоспары: таныстыру
І.тур Танымдық сайыс ІІ.тур Біліктілік сайыс ІІІ. тур. Кім жылдам? ІҮ. тур «Бой сергіту жарысы» , « Сурет салу» Ү. тур Ұшқыр қиял
І тур Алғырлар Тапқырлар
5 тақ санды ата
6 көбейт кестесі
Ең кіші үштаңба сан
1 тоннада неше кг бар?
Бір үйде әжесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?
12-ні 10 есе арттыр
Екі қатынастың теңдігі
Қандай өрнек әріпті өрнек
Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр 1-еуі жерге түсіп қалды нешеуі ағаш басында қалды?
2 ғасырда неше жыл бар?
Тапқырлар
5 жұп сан ата?
8-көбейт кес
Ең үлкене үш таңбалы сан
1 км неше метр бар ?
Бөлмеде үш май шам жанып тұр. Сен біреуін өшірдің қаншасы қалды ?
7-ні 9 есе арттыр
Екі санның бөліндісі
Қандай өрнек санды өрнек
Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы оның 1-ін атып алды нешеуі қалды?
Шеңбердің радиусы 6 см болса диаметрі неше см?
ІІ.тур «біліктілік сайысы »
ІІІ.тур Кім жылдам?
=9 8= =49:7 35:7= =6 7 6 8= =30:5 25:5= =4 4 4 6 = =15:3 18:3= =2 6 2 7 =
ІҮ.тур. Бой сергіту жарысы
Қапшықпен секіріп барып сұрақтарға жауап беру (сұрақтар әр сала бойынша)
Республика күні қашан?
Ешкі түлегінің тірі?
Қазақстанның тұңғыш президенті
Жүз жылдық басқаша атауы
Тұңғыш қазақ ғарышкері?
Мұсылманның қасиетті айы?
Ең кіші натурал сан?
оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін сандар
Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді
Бөлудің нәтижесі не?
Сурет салу
Екі топтан екі оқушы шығып , екі қолына екі бар ұстау арқылы бір мезетте бір бормен үшбұрыш бір бормен шеңбер сызу керек. Қай топ мүшесі геометриялық фигураны жақсы , ұқсатып сала алғаны ескеріледі.
Ү.тур Ұшқыр қиял Оқушылардың ақындық талантын сынап көрейік Мына жолға өлең ұйқасын тап
5 жерге бесім 25 Математика мен тарих бір емес ……………………
Шәкіртім , жарқын сенің келешегің . Алдында қарызың көп берешегің? ……………..
Шеңбер бойымен әңгімелеу
Тұрақты тіркес Мағынасы
Тайға таңба басқандай анық
Тілді үйіреді тәтті
Көз шырымен алу ұйықтау
Шын жүйрік шабысынан танылды. Нақты білім , терең ой саналады.Баға берер әділқазы ортамызда сіздерге құрметпен қол соғылады . Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
Көңіл бөліп бұл кешке Келгендерге көп рахмет Шын сезінген көрерменге Мың Рахмет , Мың Рахмет! Жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар табыс етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |