8 бап.
Француз соғыс, соғыс-теңіз және соғыс-әуе күштері таратылып,
қарусыздандырылады... Бұл әскерилердің саны мен қару-жарағын тиісінше
Германия мен Италия мемлекеттер белгілейді....
10 бап....
Француз әскери қызметкерлеріне Франциядан кетуге тыйым салынады.
Франция Англияға ешқандай материалдық бөлшектер бермеуге тиіс. Бірде бір
француз әскери қызмет жасамауы керек.
11 бап.
Бірде-бір француз сауда кемесі порттарды тастап кетпеуі тиіс...
12 бап.
Бірде-бір француз ұшағы әуеге көтерілмеуі тиіс....
14 бап.
Француз аумағындағы барлық радиотарату стансалары жабылуға тиіс...
18 бап.
Армияны жабдықтау шығындарын Франция жағы көтереді....»
Мәтіндегі сипатталған Уақытша бітім шартына қол қойған мемлекеттерді
анықтаңыз:
A)
Англия-Германия
B)
Франция-КСРО
C)
Германия-Франция
D)
Франция-Англия
E)
Германия-Бельгия
295.
«…
1 бап.
Соғыс қимылдарын дереу тоқтату....
10 бап.
... Француз әскери қызметкерлеріне Франциядан кетуге тыйым
салынады. Франция Англияға ешқандай материалдық бөлшектер бермеуге тиіс.
Бірде-бір француз ... әскери қызмет жасамауы керек.
11 бап.
Бірде-бір француз сауда кемесі порттарды тастап кетпеуі тиіс...
12 бап.
Бірде-бір француз ұшағы әуеге көтерілмеуі тиіс....
14 бап.
Француз аумағындағы барлық радиотарату стансалары жабылуға тиіс...
18 бап
. Армияны жабдықтау шығындарын Франция жағы көтереді....»
Мәтін бойынша Уақытша бітім шартының қол қойылған уақытын
анықтаңыз:
A)
1939 жылы
B)
1940 жылы
C)
1920 жылы
D)
1919 жылы
E)
1918 жылы
296.
«120. Бұдан да дұрысы осы жамандықтардың бәрінің бастауы – өз қол
астындағылар мен олардың мүлкіне ұлы мәртебелінің парламент келісімінсіз
шексіз билік жүргізуіне қарсы болу; қос палата қаулысы мен парламент актісі
бойынша мұндай билік заңға қарама-қайшы деп жарияланды.
139. Корольдің табыстары нақтыланып, тәртіпке келтірілді, шенеуніктердің
пайдаланып кетуі мен артық шығын жойылды, ал корольдің жеке басын қолдау,
корольдікті басқару мен қорғауға қажет шығын толық қамтамасыз етілді.
140. Келісім соттарының жұмысы реттеліп, процесс жүргізудегі шығындар
азайтылды.
141. Алтын мен күмісті экспортқа шығаруды болдырмаудың, сондай-ақ
өнеркәсіп пен сыртқы саудадағы байланыстың өсуі үшін халықаралық ауысымда
қаржы курсының тиімсіздігін азайтудың дұрыс шаралары белгіленді.
158. Корольдің парламентті таратуға қатысты билігі белгілі дәрежеде шектелді:
тақсыр бұл құқықтан айырылмайды, бірақ оны қолдану мерзімі ұзартылады.
184. Біз бұл жерде шіркеудің қолынан тәртіп пен басшылықтың алтын тізгінін
алып, оны жеке адамдар мен құдайға қызмет етудің басқа бір формасын
таңдайтын ерекше конгрегацияларға беру ниетінен аулақ екенімізді айтамыз.
204. Ұлы мәртебелі жақсы адамдар мен дұрыс кеңестерді қабылдай біліп, өзі мен
қоғамның жетістіктеріне ұмтылу жолында халықтың саналы түрде біріккенін
көре алатындай деңгейге жету керек»
Достарыңызбен бөлісу: