E)
Париж конференциясының шешімі
302.
«Патша самодержавиесі артынан келесі мол келеңсіздік қалды – Ресейдің
70%-дан аса халқы сауатсыз болды. «Мұндай жабайы ел, - деп жазды В.И.Ленин
1913 жылы, - бұқара халық білім беру, білім-ілімде соншама тоналған –
Еуропада Ресейден басқа мұндай бірде-бір ел жоқ».
Сауатсыздықты жою туралы жұмыстар Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін
бірден басталды. Бірақ ол әсіресе Халкомкеңестің «РФКСР халықтарының
арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декреті шыққаннан кейін кең құлаш
алды. 1920 жылы 19 шілдеде үкімет шешімімен сауатсыздықты жою ісіне
күнделікті басшылық жасау үшін арнаулы ұйым – сауатсыздықты жою туралы
бүкілресейлік төтенше комиссия (ВЧК ликбез) құрылды. Республиканың барлық
халқына елдің саяси өміріне саналы түрде қатысу мүмкіндігін беру мақсатында
Халық Комиссарлар Кеңес қаулы қабылдады:
1. 8-ден 50 жасқа дейінгі оқып, жаза білмейтін республиканың барлық тұрғын
халқы қалауы бойынша ана тілінде немесе орыс тілінде сауаттарын ашуы керек...
3. Халық ағарту комиссариатына және оның жергілікті ұйымдарына
сауатсыздарды оқытуға еңбек міндеттілігі тәртібімен әскерге шақыртылмаған,
елдің барлық сауатты тұрғындарын тарту құқығы беріледі...
5. Жалданып жұмыс істеушілерге сауат ашу кезінде жұмыс күні екі сағатқа
қысқарады және оқу уақытындағы еңбекақысы сақталады.
6. Сауатсыздықты жою үшін Халық ағарту комиссариаты органдарына халық
үйлерін, шіркеулерді, клубтарды, жекеменшік үйлерді, фабрика, зауыт, кеңес
мекемелеріндегі лайықты үй-жайларды пайдалану ұсынылады».
Достарыңызбен бөлісу: