Мәтін бойынша Германияда жаңа партия құруға тиым салынған заң қабылданған себебін анықтаңыз: A)
Партиялар арасында өз ара талас туғызбас үшін
B)
Партия құруға лайықты тұлға табылмауына байланысты
C)
Демократиялық мемлекет орнағандықтан
D)
Қаржының тапшы болуы
E)
Диктаторлық тәртіп орнады
305.
Афины егіншілерінің өмірі мен тұрмысы
Афины егіншілері тау бөктерінде өмір сүрді. Оларға құнарсыз және азғана жер
берді. Егіншілер осы жерден өнім алу үшін көп еңбек етті. Олардың жерді өңдеу
үшін құрал-жабдықтары да жетпеді. Сондықтан құрғақшылық жылдары мүлдем
өнім де алмаған. Қиыншылық басына түскен егінші көрші шонжарлардан
қарызға астық алуына тура келген. Қарыз алғаны үшін егіншінің жеріне «қарыз
тасын» қойған. Қарызын уақытылы төлей алмаса, шонжар ... алып қойған. Жерін
алып қойған шаруа күнін көру үшін шонжарларға жалданды. Олар
шонжарлардың жерін жыртып, егінін егіп, жүзім мен зәйтүн ағаштарын суарып,
олардың жемістерін жинады. Жалданушы осындай қыруар жұмысқа мардымсыз
еңбекақы алды. Жері жоқ, әбден кедейленген егінші бірте-бірте құлға айналды.
Оның балалары да құл болды. Шонжарлар құлды кез келген ауыр жұмыстарға
салған.
Мәтінде сипатталған Афины егіншілері қарызын уақытылы төлей алмаса қолданған шара: A)
Шонжар егістік жерін 10 фельсқа сатты
B)
Шонжар барлық шешімді көпшілік дауысқа салды
C)
Шонжар астықты 3 жылға қарызға берді
D)
Шонжар егістік жерін алып қойған
E)
Шонжарға жылына 8 гур астық төлеу керек болды
306.
Вильсонның 14 пункті
«1. Ашық бітімгершілік келісімдері.
2. Бейбітшілік және соғыс кезіндегі теңіздің ашықтығы (бостандығы).
3. Кеден кедергілерін алып тастау.
4. Ішкі тәртіпті сақтауға қажет мөлшердегі жаппай қарусыздану.
5. Отарлық жөніндегі талаптарды жергілікті халық пен билікке ұмтылушы
мемлекеттің мүдделері тең дәрежеде ескерілетіндей етіп әділ реттеу.
6. Ресейдегі басып алынған аумақты азат ету.
7. Бельгияны босату және оны қалпына келтіру.
8. Францияның қираған облыстарын қалпына келтіру және ....
9. Италияның шекарасын реттеу.
10. Австро-Венгрия халықтарына автономия беру.
11. Балқандағы шекараларды түбектің тарихи дамуы мен этнографиясын ескере
отырып реттеу, Сербияға теңізге шығуға жол ашу.
12. Оттоман империясының халықтарына өзін-өзі басқару құқығын беру.
13. Теңізге шыға алатын тәуелсіз Польшаны құру.
14. «Халықтардың жалпыға бірдей ассоциациясын» құру».