ең жақсылар деп есептелінді.
I. 89. Қарамағындағыларды күзету, құрбандық шалу, садақа үлестіру, қасиетті
кітапты оқу мен бейбіт өмірдің қызығын қуу жолына түспеуді Брахма кшатрий
үшін көрсетті.
X. 77. Брахманның үш міндеті кшатрий үшін жүрмейді: оқыту, біреулер үшін
құрбандық шалу және үшіншісі сыйлық алу.
X. 79. Өмір сүру үшін кшатрийге – семсер мен садақ асынып жүру, вайшийлерге
саудамен, мал бағумен, егіншілікпен айналысу жазылған. Олардың міндеті –
сыйлық беру, оқу, құрбандық шалу.
X. 95. Кедейшілікке ұрынған кшатрий, осы көрсетілген тәсілдердің барлығымен
күн көре алады, бірақ оның қашан да бұрын жоғарырақ, жақсырақ өмір туралы
ойлауына болмайды».
Достарыңызбен бөлісу: