«Математикалық статистика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі82,81 Kb.
#89779
1   2
Байланысты:
khwBiQdOcj7YWF41O6HD9avYvuuUrp37AnlYtamD

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дискретті және интервалды вариациялық қатарларды ажыратады

  • Жиіліктер полигонын салады және оны талдайды

  • Гистограмманы салады

  • Таңдаманың сандық сипаттамаларын есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар



  1. Елу бес студенттің колледжден үйлеріне дейінгі арақашықтығы жайлы мәліметтер жазылып отырды: 18-і 1 – 3 (км), 13-і 4 – 5 (км), 8-і 6 – 8 (км), 12-сі 9 – 11 (км), ал төртеуінікі 12 – 16 (км) болған.

    1. Жанарға берілген мәліметтер бойынша гистограмма салу тапсырылғанда, оның салған гистограммасы мынадай болды:


Неліктен бұл гистограмма бола алмайды?
Екі себебін жазыңыз және жауабыңызды негіздеңіз.



    1. Жанарға аралық вариациялық қатар интервалдарының орта мәндері мен абсолютті жиіліктерді қолданып, полигон салу тапсырылғанда, ол былай есептеді:

интервалдардың орталары:
3 1 1 , 5  4 0,5 , 8 6 1, 11 9 1, 16 12 2 .

2 2 2 2 2


Полигон:

Жазған жауабы бойынша, Жанардың қателесуінің екі себебін жазыңыз және негіздеңіз.





  1. Кездейсоқ таңдалған 30 жануардың бір минуттағы пульстерінің соғуы жайлы деректер төменде берілген:




115,2

120,6

158,1

132,4

125,3

103,0

142,3

160,2

145,5

104,9

162,4

117,1

109,3

124,5

134,2

142,3

142,3

145,5

163,0

132,4

158,1

124,5

124,5

115,2

120,6

160,2

145,5

160,2

125,3

124,5

    1. Дискретті вариациялық қатар құрастырыңыз.




    1. Салыстырмалы жиіліктер бойынша полигон салыңыз.




    1. Жануарлардың қанша пайызының пульстері 140 пен 160-тың аралығында соғылғанын есептеңіз.

Жоғарыдағы деректерді қолданып:

  1. деректерді 6 интервалдарға топтастырыңыз.




  1. аралық вариациялық қатар құрастырыңыз.




  1. гистограмма тұрғызыңыз.




  1. Тастардың салмақтары граммен өлшеніп, нәтижелері аралық вариациялық қатар түрінде берілді:

Салмақ
(грамм)

0,5 – 10,5

10,5 – 20,5

20,5 – 25,5

25,5 – 30,5

30,5 – 50,5

50,5 – 70,5

Жиілігі

2х



3х

5х

4х

х

Интервалы 0,5 – 10,5 болатын тік төртбұрыш биіктігі 3 см-ге тең.
Табыңыз:

  1. х-тің мәнін;

  2. тастардың салмақтарының орта мәнін;

ііі) дисперсияны;
іv) орташа квадраттық ауытқуды.

Бағалау критерийі



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Дискретті және интервалды вариациялық қатарларды
ажыратады



аралық тіктөртбұрыштар өзара жанасады;

1

гистограмма жиіліктер тығыздықтары бойынша
тұрғызылады;

1

1b

интервалдардың орталары табылатындығын жазып
көрсетеді;

1

полигонның дұрыс салынбағанын қайта салып
көрсетеді немесе жазбаша жазады;

1

Жиіліктер
полигонын салады және оны талдайды

2

дискретті вариациялық қатар құрастырады;

1

салыстырмалы жиіліктер бойынша полигон салады;

1

пайыздық үлесті есептейді;

1

Гистограмманы салады

2

өзгеріс ауқымын 6-ға бөліп, интервал
ұзындығын есептейді

1

интервалды жазады;

1

аралық вариациялық қатар құрастырады;

1

жиіліктер тығыздықтарын есептейді;

1

гистограмма тұрғызады;

1

Таңдаманың сандық сипаттамаларын есептейді

3

жиіліктер тығыздығының формуласын қолданады;

1

х-тің мәнін есептейді;

1

тастардың салмақтарының орта мәнін табады;

1

дисперсия формуласын қолданады;

1

дисперсияны табады;

1

орташа квадраттық ауытқуды есептейді.

1

Барлығы:

18

«Математикалық статистика элементтері» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Дискретті және интервалды вариациялық қатарларды ажыратады

Дискретті және интервалды вариациялық қатарларды ажыратуда қиналады.

Дискретті вариациялық қатарды / интервалды вариациялық қатарды анықтауда қателіктер жібереді.

Дискретті және интервалды вариациялық қатарларды дұрыс ажыратады.

Жиіліктер полигонын салады және оны талдайды

Жиіліктер полигонын құрастыруда қиналады.



Дискретті вариациялық қатарды құрастыруда / полигонды салуда / полигон бойынша талдауда қателіктер жібереді.

Жиіліктер полигонды дұрыс салады және полигон бойынша дұрыс талдау жүргізеді.

Гистограмманы салады

Гистограмманы салуда қиналады



Интервалды вариациялық қатарды құрастыруда / гистограмманы салуда қателіктер жібереді.

Интервалды вариациялық қатарды құрастырады, гистограмманы дұрыс салады.

Таңдаманың сандық сипаттамаларын есептейді

Интервалды вариациялық қатармен берілген таңдаманың сандық сипаттамаларын есептеуде қиналады.

Интервалды вариациялық қатармен берілген таңдаманың сандық сипаттамаларын есептеуде қателіктер жібереді.

Интервалды вариациялық қатармен берілген таңдаманың сандық сипаттамаларын дұрыс есептейді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет