Математиканың адам өміріндегі маңызы



Дата28.12.2019
өлшемі23,63 Kb.
#55217
Байланысты:
Математиканың адам өміріндегі маңызы

Математиканың адам өміріндегі маңызы

 

Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі басты мақсаттарының бірі бәсекеге қабілеті бар, заман сұранысына сай маман дайындау. Нарық жағдайында мектептен алған білімін мамандық алу жолында пайдалану - әрбір адамның орта білім алып шығу сапасының жоғары болуына байланысты. Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы кезде болашақ маман иелерінің құзыреттілігі туралы айта кету қажет.

Құзырлылық бір сала бойынша жан–жақты хабардар, білгір деген мағынаны білдіреді. Қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара аласа,ол білімді, құзеттілік деңгейі жоғары тұлға,қоғам сұранысына ие бола алады. Әр елдің негізгі тірегі экономикалық дамуында емес, білімді білікті, әрі іскер белсенді , қоғамға пайдалы адамдарында. Ал осы ғылым мен техниканың қарқынды дамуына ілесетін маманды даярлау мектептегі алған білімнен басталады. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Ал математика ғылымынсыз кез келген маман иесін елестету мүмкін емес. Математика ол адам өмірімен тығыз байланысты. 

Мен өз тәжірибемде математика ғылымын меңгертуді, ең бірінші математика тарихының шығу кезеңдерін оқыту арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырудан бастаймын. Математика ғылымының кіндігі де, тұсауы да кесілген жер – Шығыс , яғни ежелгі Египет, Вавилондағы алғашқы математикалық тұжырымдардың тарихын оқу, әр оқушы үшін маңызды болмақ. Қазақ – тумысынан математик, дарынды да , ой өресі ерекше дамыған халық. Қай дәуірді алсаң да, қазақтың қайраткерлері айбынымен де, айбарымен де, ақыл-парасатымен де, қарым-қабілетімен де дараланып тұрады.Одан әрі қазағымыздың ғалымдары, ғылымды өмірдің маңызына балаған, математика саласының ғалымдары жайлы деректерді , зерттеулерді оқуға ұсынамын.

Ғалым – математигіміз Асқар Жұмаділдаев айтқандай «қазақ асқан математикалық интуицияға, қабілетке ие», біздің өмірлік тәжірибеміз,  динамикамыздың өзі –математиканың қозғаушы элементі. Қазақ ғалымдарының математика саласындағы еңбектерін оқи отырып , еліне жеріне деген сүйіспеншілігі артып , ғылымға деген құштарлығы оянады деп ойлаймын. Тарих көшінде өзіндік ізін қалдырған тұлға – Сәдуақас Боқаев Хасенұлы. Ол – физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым. Өткен ғасырдың басында зеректігімен ерекшеленген математигіміз - Әлімхан Ермеков жайлы да оқып деректер жинайды. Математика ғылымының Қазақстанда дамуын, әлемдік аренаға шығарған академик-ғалым, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Орынбек Жәутіков Ахметбекұлы туралы қызыға оқимыз. Ғалымның физика-математика ғылымдарына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Сонымен қатар ғаламторды пайдаланып ,математика саласындағы ғылым жаңалықтарын да оқып үйрену - мамандық таңдаудың алғы шарттары деп білемін. Білімалушылармен есептерді шығарып қана қоймай, оның қолданбалылығына да көп мән беремін. Сандар тарауын оқытуда «менің отбасымдағы математика», «мен дүкенде», «заңдылығын тап» т.с.с жеке зерттеу жұмыстарын жасайды. Геометриялық фигураларды оқытуда адам өмірінде қолданылатын аудан, көлем табуда математикалық есептердің практикалығына көп мән беремін. Мысалы, үйдегі бөлмеңді сырлау үшін қанша сыр кетеді, немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қанша түс қағаз, канша метр линолиум қажет деген есептер шығарады.  Мен білімалушыларға олардың математикалық білімдерінің сабақтас оқу пәндеріндегі, практикадағы қолданбалылығын әрдайым көрсетіп отырамын. Ол шәкірттерімнің қоршаған ортадағы математиканың мәнін түсінуіне жол ашады. Білімалушыларды есептеуге жаттықтырғанмен, көптеген дербес жағдайларды негізінен жалпысын көру біліктілігіне жаттықтырған дұрыс. Мұғалім жаңа математикалық ұғымдарды енгізу барысында олардың өмірдегі, басқа пәндердегі қолдануын көрсетіп отыруы қажет. Білімалушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы заманғы ғылыми білімді математикаландыру жетістіктерін сабақта пайдаланып отыру керек. Себебі математикада оқытылатын теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйелері, функциялар әртүрлі процестердің математикалық моделі болып табылатыны анық. Сонымен қатар модель жасауда әртүрлі математикалық объектілер: сандық таблицалар, әріпті формулалар, қатарлар, геометриялық фигуралар, әртүрлі схемалар, Венн диаграммалары, графтар және т.б. қолданылады. Математиканы өмірмен байланысты оқыту- білімалушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу, шапшаң есептеу, график пен кестеден мәліметті алу,  математикалық объектілерді тану қабілеттері дамиды. Есептерді шешудің тәсілін таңдап, математикалық ақпаратты анықтап,  модельдеу, тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері қалыптасады. Қазіргі тез құбылмалы әлемде математикалық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Математика есептерін адамның жеке өміріне, кәсібіне , қоғамдық әлеуметтік саласына және ғылымға бағытталған есептер деп бірнеше бөлімдермен байланысты жіктеп оқытуға болады. Мектептен бастап математиканың өмірдегі маңызын түсінген адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да кәсіпкерге де, мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де, құрылысшыға және суретшіге де және т.б. мамандықтар иелеріне математика қажет. Математиканы өмірмен байланыстыра оқыту білімалушылардың алған білімдерін талдап ,түсініп қолдануына мүмкіндік береді. Мектепте мазмұнды есептің шарты бойынша құрылған теңдеу әдетте оның алгебралық моделі болып табылады. Геометриялық есептегі фигураның берілген және белгісіз мәндеріне сүйеніп салынған суреті, геометриялық моделі болып табылады. Білімалушылардың ой-өрісін дамытуда тапсырмаларды бергенде өмірмен байланыс заңдылықтарын да қарастырып беруді көздеймін. «Сандар әлеміне саяхат», «Белгісіздер елінде», «Амалдар елінде»,  «Математикалық сиқыр» , «Логика әлемінде»  жаңа ұғым «Кесте құру арқылы шығармашылық есептер», «Математикалық сызба»  т .с.с.  Бүгінгі ұрпаққа сапалы, тиянақты білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай дұрыс мамандыққатаңдау жасай алуы осы базалық білім берудің сапасына байланысты болмақ деп ой түйіндеймін. Математика барлық ғылымдар патшасы деп тегін айтылмаған. Сондықтан ақыл ой гимнастикасы математиканың қыр –сырын ұғындырып, баулу біздің басты міндетіміз деп білемін. Елбасымыз айтқандай «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет » демекші, жастарды баулып дамыту міндеті ең бірінші бағытым деп түсінемін. Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы рухани жаңғыру – әлеуметтік,     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау.

 Білім мазмұнын жаңарту, ұлттық модельде жұмыс жасаудағы математикалық бағыттағы жұмысымды одан әрі жетілдіруге сенімім мол.

1. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауы

2.  В.А.Гусев, А.И.Орлов «Математикадан кластан тыс жұмыстар» 

3Г.И. Глейзер «Математика тарихы»

4. Е.М.Минскин..«От игры к знаниям» 

5.«Алгорифм», «Математика в школе», «Математика және физика» журналдары.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет