«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет35/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

27-28 дәріс.
Сабақта жаңа оқу материалын оқытып-үйретуге дайындық кезінде, жаңа оқу материалымен таныстыру кезінде және жаңа білімді бекіту кезінде оқушылардың қызметін ұйымдастыру.
Дәріс мақсаты:
Математикалық білім, білік және дағдыларды тексеру кезінде оқушылардың қызметін ұйымдастыру. Математика сабақтарында оқушылардың өзіндік және шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру. Математикадан сыныптан тыс және факультативтік сабақтарда, инновациялық оқу орындарында, математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер мен сыныптарда оқушылардың қызметін ұйымдастыру.

Білім берудің басты шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға талаптандыру болып табылады. 


Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Осы заман талабын ескере отыра, мен педагогика, психология ғалымдарының еңбектерімен таныса келе «Құзретті жеке тұлға қалыптастыруда, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру» деген өзекті тақырыппен жұмыс істеймін. Өйткені «Шайнап берген ас болмас» деген ата – баба сөзіне сүйенетін болсақ. Өздігінен. өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.
Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс.
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытуды математикалық сөзжұмбақ шешудің маңызы зор.
Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда топқа бөліп оқытудың маңызы зор. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәнін оқуыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты жүйелі түрде пайдаланып, оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көз қарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін жетелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдану әрі қарай шығармашылыққа үйлеседі.
Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу қажет. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып, оқушыларға анкета сұрағын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек.
Оқу процесінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Оқушының қандай тапсырма алуына шек келтірілмейді. Оқушылар өзінің тапсырманы алу позициясын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Сұрақ: Не себептен бұл тапсырманы таңдап алдың?
Өзімді сынағым келді.
Пән бойынша мүмкіншілігімді білгім келді.
Пәнге деген қызығушылық.
Осы ғылым саласында көп білгім келді.
Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.
Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін.
Оқу жеңіл.
Қиыншылықты жеңгім келеді.
Мұғалімге ұнау.
Көп білетін білім адам болу.
Өз бетімен өмір сүруге дайын болу.
Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу.
Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет:
Оқулықтағы материалды оқу.
Тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру.
Бір тақырып бойынша баяндама жасау.
Бақылау жұмысына, сынаққа, емтиханға жақсы дайындалу.
Таңдап алынған тақырыпқа өз бетімен зерттеу жүргізу.
Тақырыптағы құбылыстарды түсіну.
Тақырып бойынша есептерді немесе проблемаларды шешу.
Сынақтан жақсы баға алу.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар деңгейлеп оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және тағыда басқалар.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - мұғалім оқушының қарапайым таным әрекетімен танысады. Ұлы адамдардың есептерін, тарихи есептерден, ертегі есептерді шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап рефераттар дайындауға үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есепті жеңілдерінен бастап тақырыпқа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әрбір басқан қадамына көңіл бөліп бақылап отырған жөн. Сонда оқушы өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады. Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге, шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығара білуге көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.
Екінші кезең - бұл кезеңде мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап етеді. Кейбір жаңа материалды оқушының өз бетімен оқып, әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайдаланып, шығару керек. Есептерді шығарудың қалыптан тыс әдістерін қолдана білуге үйретеді.
Үшінші кезең - бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек. Оқушылар өз жұмысна анализ жасап, қателерді болдырмау үшін нені әлі жетік білмеймін деген мақсатта өз жұмысын қорытындылап, алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйрену керек.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
·Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
Білім, біліктілігін арттыру;
·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде алдына қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есінде ұстау керек.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек.
Ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметінде басшылыққа алу керек. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндет.



Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет