«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет1/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà


Дәрістер тезистері

1 – МОДУЛЬ. «Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде




1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары

Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу жағдайындағы білім беру, білім берудің ұлттық моделі туралы мағлұмат беру. Математиканы оқытудың теориялық негіздері, математиканы оқыту әдістемесі ғылымының басқа ғылымдармен байланысын көрсету.

Дәріс жоспары:


1. Кіріспе.
2. Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және оның басқа оқу пәндерімен байланысы. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері. Мектептегі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және оның негізгі компоненттерінің жалпы сипаттамасы. Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың ғылыми дүние-танымын қалыптастыру, оқушыларға тәрбие беру, оларды психикалық, тұлғалық және зияткерлік тұрғыдан дамыту.


Кіріспе.
Қоғамның дамуы мен ғылым мен техниканың дамуы мектепке үнемі жаңа талаптар қойып, оқу материалдарының, ақпараттың ұлғаюына, күрделенуіне, пәндердің тоғысуына, білім алушылардың санының көбеюіне әкеледі. Қоғамға қажетті қозғаушы күш боларлық білікті маман әзірлеу мектептен басталып, балашақ мұғалімдерді сапалы дайындауды міндеттейді. Болашақ ғалымдар, инженерлер мен конструкторды, мұғалімдерді т.б. мамандар әзірлеуде, білім алушылардың логикалық ойлауын дамытуда математика пәні жетекші роль атқарады.
Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.
Математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны негізгі теориялық мәселелерден (математиканы оқытудың жалпы әдістемесінен) және математиканы оқытудың дербес мәселелерінен (дербес және арнайы әдістерден) тұрады. Математиканы оқыту әдістемесі өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Ол кездегі пәннің зерттеу нысаны қоғамдық дамудың қажеттілігінен туындаған бастауыш мектептегі математиканы оқытудың мәселелері еді.
Орта және жоғарғы сынып оқушыларына математиканы оқыту мәселелері XIX ғасырдың соңғы жылдарында ғана қарастырыла бастап, математиканы оқытудың әдістемелік зерттеу нысанына айналды. Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы тиімді оқыту туралы ілім. Оның өз теориясы, оқыту бағдарламалары, оқу жоспары мен құралдары, өз тарихы бар. Швейцария педагогі И.Г.Песталоццидің 1503 жылы «Сандар туралы көрнекі оқу» деген кітабының жарық көруіне байланысты математиканы оқыту әдістемесі дербес пән ретінде дами бастады. Алғаш рет «Математиканы оқыту» деген сөзді 1836 жылы неміс педагог математигі Адольф Дистервег пайдаланды. Гректің «метод» деген сөзінен туындаған «Математиканы оқыту методикасы» тіркесі қазақша «Математикаға апаратын жол» деген мағынаны білдіреді. Чек педагогі Ян Амос Коменский математиканы оқыту әдістемесі дегеннің орнына «Математиканың дидактикасы» деген сөз тіркесін пайдаланды. 1920 жылдан бастап, мұның баламасы «Математика педагогикасы» деген атау қолданылды. Әл-Фараби математиканы оқытудың білімдік және тәрбиелік сипаттарын «математика тәлімі» атауына сыйғызды.
Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы оқыту мақсаттарын қоғам талаптарына сай жүзеге асырып, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол: - педагогиканың, психологияның және басқа ғылым саласының табыстарын пайдаланады; - әдістемелік жүйені өз қызметінде теориямен фунциялық бірлікте қарастырады; - ұсынылған оқыту мазмұнын барынша тиімді меңгертуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет