«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет9/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

Оқыту әдістері деп оқушыларға математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір жүйесін беру тәсілдерін айтады. Оқушыларды белгілі бір үлгі бойынша әрекетке үйрету немесе оларға өте күрделі, өздігінше меңгеруге қиын түсетін оқу материалын өту кезінде оқыту әдістерінің көмегі зор болады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері, түсіндіру, жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару, шәкірттің оқу мәдениеті мен жұмысына әсер етуі т.б. жатады.
Оқушылардың танымдық қызметтерінің дербестік дәрежесіне қарай, оқыту әдістерін сараптай отырып, М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оларды: 1) түсіндірме-иллюстрациялық немесе информациялық – нұсқау; 2) қайта жаңғырту; 3) проблемалып баяндау; 4) эвристикалық немесе ішінара іздену; 5) зерттеу әдістерін айырып көрсетеді.
Оқыту әдістерін сараптау негізіне маңызды үш белгі алынады, олар: негізгі дидактикалық мақсаттар (жаңа материалды оқып үйрену, білімді баянды ету және кемелдендіру, білімді тексеру), білім көздері және оқушылардың танымдық қызметінің сипаты.
Оқыту әдістерін білімдік, тәрбиелік және дамытушылық сипаттары бойынша сараптауға болады. Сонымен бірге, оқыту әдістерінің жеке топтарының дербестік сипатын бөліп көрсетуге болады, олар: оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және іске асыру әдістері, мұнда оқушылардың танымдық қызметін сезімдік қабылдау бойынша ұйымдастыру, оқу – ақпаратын логикалық таразылау, жаңа білім іздестіруде дербестік сипат үстем; оқу-танымдық қызметін бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері, мұнда бақылау-бағалау сипаты үстем.
Сонымен, оқыту әдісі – білім беру және білім, іскерлік және машықтарды игеруге, азаматтық тұлға қалыптастыруға бағытталған оқушылардың танымдық және практикалық қызметтерін ұйымдастыру тәсілі.
Мектептерде оқытудың сөздік әдістері кең тараған. Сөздік әдіс мұғалім мен оқушының мынадай жұмыстарын тізбектей қарастырады. Ауызекі баяндау – қажетті ақпарат көзі. Ауызекі баяндауда әсерлі сөз, екпін, салыстыру оқушының ойында берік қалуын қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, мұғалімнің өте көп сөйлеуі оларды жалықтырады. Математиканы оқытуға және математиканы оқыту әдістеріне қойылатын қазіргі талаптар оқытушы мен оқушының әңгіме, дәріс үстіндегі қарым- қатынастарына маңызды өзгерістер, жаңалықтар енгізу міндетін қойып отыр. Мұндағы басты мақсат – оқушыларды әрекетсіз тыңдаушы, айтқанды қабылдаушы, жай орындаушы ғана емес, белсенді ой әрекетін атқарушы дәрежесіне көтеру болып табылады. Сондықтан да мұғалімнің әңгімесі мен дәрісі шәкірттерді бейтарап қалдырмай, оларды айтылып отырған мағлұматтарға қызу тартуы қажет. Ауызекі баяндау: тұтас (монологтік) баяндау және әңгімелесу (диалогтік) болып жіктеледі.
Сөздік әдіс барысында оқушыға қойылатын сұрақтар мынадай талаптарды қанағаттандыруы керек:

  1. Қисындық жағынан анық, қысқа, әрі түсінікті тұжырымдалып, оқушы ойлайтындай болуы тиіс.

  2. Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыратын, дұрыс қорытындыға әкелетін, қисындық жағынан бірізді, бірте – бірте күрделенетін болуы тиіс.

  3. Мазмұны мен түрі айқындалған, яғни бірдей мазмұнды сұрақтарды қиюластыратындай болуы керек.

Сұрақ сыныпқа қойылып, сәл кідіруден кейін оқушы жауаптары тыңдалады. Кімнен жауап алатыны сабақ үстіндегі осы кездегі ахуалға тәуелді. Жауапқа қиналған жағдайда сұрақты түрлендіріп, не қосымша сұрақ арқылы кейінгі мәселеге бағыттаймыз.
Ауызекі баяндауға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты айқын тұжырымдау және оның мақсаттарын түсіндіру.

  2. Жаңа материалды қабылдауға оқушыны даярлау. Ол үшін өтілген қажет материал еске түсіріледі. Өзекті мәселелер қамтылып, жаңа терминдермен жұмыс істеледі.

  3. Танымдық есептер мен проблемалық сұрақтарды пайдалану.

  4. Ауызекі баяндау кіріспе, негізгі бөлім және қорытындылау арқылы іске асырылады.

Негізгі бөлімде оқу материалының мазмұны ашылады.
Қорытындылау бөлімінде сапалы, әрі қатаң меңгеруге тиісті мәселелер, қорытынды тұжырымдар қайталанады. Тақырып күрделі болса, оны бірнеше кезеңге бөліп түсіндіреміз, әр кезеңнің өз қорытындысы болады. Сонда ғана оқушы теориялық материалды оңай қабылдайды, меңгереді және есінде сақтайды.

  1. Баяндауда индуктивтік тәсіл қолданылады. Индуктивтік тәсілді оқушы тез қабылдайды.

  2. Баяндау нанымды, әрі түсінікті болуы тиіс. Бұл дұрыс сөйлем құру арқылы, түсінікті сөзді пайдалану арқылы іске асырылады. Оның үстіне нанымды болу үшін сөз реңін, эмоцияны пайдаланамыз.

  3. Мұғалім сөйлеу мәдениетін меңгеруі тиіс. Әсіресе, математиканы оқыту барысында орамды ой, тұжырымды, анық, қысқа сөйлеу шеберлігі талап етіледі.

  4. Кітаппен жұмыс істеу (ауызша).

Математика пәнін оқытуда көрнекілік әдіс жиі қолданылады. Оқытудың көрнекілік әдісіне бақылау, көрсету және иллюстрация жатады. Бақылау тікелей мұғалімнің көмегімен іске асады немесе бақылауды оқушы өз бетімен жүргізеді. Бақылау сабақ кезінде, үй тапсырмасын орындауда, экскурсия жасауда, еңбек кезінде т.б. іс - әрекет кезінде жүзеге асады. Математикада көбінесе сандық бақылау орын алады.


Көрсету жаңа сабақ түсіндірген кезде немесе пысықтау кезінде көбірек қолданылады. Математика пәні бағдарламасына сәйкес әр сынып бойынша көрсетуге арналған көрнекіліктерді жасақтап, қор жасауға болады.
Көрсететін көрнекілік екі түрлі болады. Бірі – демонстрациялық (барлық оқушыға көрінетіндей плакат, экран, т.б.), екіншісі – үлестірмелі көрнекіліктер, ол әр оқушыға жеткілікті болатындай болу керек. Көрнекіліктер эстетикалық талғамға сай, әдемі, табиғатпен, шынайы өмірмен үндес, өте жарқыраған ашық та емес, өте бұлынғыр да емес балалардың психологиялық ерекшелігіне сай, оларға ыңғайсыздық туғызбайтындай болуы тиіс.
Көрнекілікке оқулықтарға сәйкес жасалған дайын плакаттар, үлестірмелік материалдар, суреттер, портреттер, дидактикалық материалдар, мазмұнды есептердің мәтініне байланысты берілген не салынған суреттер, схемалар т.б. жатады.
Көрнекілік әдісін қандай құралмен жүзеге асырса да ол оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, тақырыпты түсінуге, өз ой қорытындысын жасауға көмектесетіндей болуы керек.
Көрнекілік арқылы жаңа материалды түсіндірумен қатар оқушының қиялын шыңдап, ой өрісін кеңейтуге болады.
Көрнекілікті қолдану сабақтың түріне орай әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Кейде жаңа сабақ түсіндіру үшін қолданылса, кейде қайталау кезінде, немесе оқушылар білімін байқау мақсатында тірек сигналдары ретінде де қолдануға болады.
Соңғы кезде ақпараттық технологияның дамуына байланысты экрандық көрнекіліктерді көптеп қолдану орын алып келеді. Олардың тиімділігі оқушылардың өздері қызығушылық танытатын қазіргі заманғы ақпараттық технологияның тек компьютерлік ойындар немесе қалта телефондары арқылы ғана емес, сабақта қажеттігіне орай қолданылатын және керекті материалды көз алдына сол күйінде елестете алатындығында.
Қорыта айтқанда, көрнекілік орнымен қолданылса ғана тиімді болары анық.
Оқытудың практикалық әдістеріне жаттығулар, лабораториялық жұмыстар, практикалық сабақтар, математикалық экскурсиялар жатады. Математика сабақтарында көп қолданылатын әдістердің бірі – жаттығуларға көп қырлы жұмыстар қамтылады. Олар, мысалдар қарастыру, есептерді шығару, диаграммаларды, сызбаларды салу және оқу, міндетті кестелерді толтыра білу және қолдана білу, үлгілерді жасай білу және қолдана білу, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізе білу, математикалық тілді меңгеру, формуланы сөзге, тұжырымды формулаға аудара білу.
Математиканы оқыту теориясы мен оқыту әдебиеттерінде оқытудың ғылыми-таным әдістері айрықша орын алады. Математиканы оқытудың ғылыми-таным әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Пән ретінде математика тек өзіне тән белгілермен ерекшеленеді. Ол белгілердің ең бастысы оқып үйренетін ұғымдардың неғұрлым жалпылығы мұның өзі алғашқы математика сабақтарында бой көрсетеді. Сондықтан оқу процесінде математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда сол ұғымдарды іс жүзінде қолданғанда осы ерекшеліктерді бейнелейтін әралуан әдістерді пайдалану қажет. Сонымен бірге оқытудың ғылыми-танымдық әдістерін қолдану, шәкірттердің ойлауын дамытатын олардың жалпы мәдениетін көтеретінін, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілджер мен ұғымдарды кәдеге жарату қабілетін шыңдайтынын айрықша атап өткен жөн. Математиканы оқытудың ғылыми-таным әдістеріне:
1.Бақылау, эксперимент.
2.Салыстыру.
3.Аналогия.
4.Анализ бен синтез.
5.Индукция мен дедукция.
6.Жалпылау мен нақтылау.
7Абстракциялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет