«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет10/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайда қарастырған жеке объектілермен құбылыстардың қатынастарын және қасиеттерін бәз қалпында зерттеу, айқындау әдістерін айтады. Бақылау ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі. Ал бақылау жүргізе білу зерттеушінің бағалы қасиеті. Бақылауды мынадай жоспар бойынша жүргізуге болады:
1)Бақылаудың мақсатын анықтау;
2)Бақыланатын объектінің маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін ашу;
3)Бақылау кезіндегі алынатын ақпараттарды есепке алып отыру тәсілдерін анықтау;
4)Зерттелінетін объектілердің ерекшеліктерін белгілері арасындағы өзара байланысты тағайындау;
5)Бақылау нәтижесінде талдау жасау, қорытындылар тұжырымдау.
Эксперимент – танып білудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент деп объектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып оларды жасанды түрде бөліктерге мүшелеп басқа объектілермен және құбылыстармен біріктіру арқылы зерттеу әдістерін түсінеміз. Кез келген тәжірибе бақылаумен тығыз байланысты болады. Тәжірибе жасаған адам тәжірибенің барысын, яғни объектілер мен құбылыстарды зерттегенде тиісті жасанды жағдайлардағы олардың күйін өзгеруін және дамуын бақылайды. Ғылыми-танымда ойлау арқылы жүргізілген эксперимент ерекше орын алады. Бұл формальді логикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырып қана қоймай объектінің бейнелері мен модельдерін зерттеу нәтижесіндегі жаңа білімдерге жету қызметі болып табылады.
Нақты эксперименттің элементтері мыналар:

  1. Мәселені қою және болжам жасау;

  2. Объектілерді зерттеудің эксперименттік алғышарттарын жасау;

  3. Салдарды белгілеу және оның себептерін тағайындау;

  4. Жаңа құбылыстарды және олардың ұқсастығын сипаттау.

Бақылау мен тәжірибенің мектеп практикасында қолдануын мысалдармен көрсетейік. 4-5 сыныптарда фигуралардың симметриялық қасиетін өткенде бір парақ қағазды бүктеу арқылы тәжірибе жолымен көрсетуге болады. Мәселен, берілген түзуге қарағанда симметриялы фигуралар ұғымын түсіндіру үшін көшірме қағаздың көмегімен тең фигураларды салып көрсетуге болады. Ол үшін бір парақ қағазды бүктеп оның арасына бояуы сыртына қараған бүктелген көшірме қағазды салып тиісті фигураны парақтың сыртына сызады. Ал парақты жазған кезде олардың ішкі беттерінде өзара тең фигуралар шығады. Бұдан әрі парақты бүктеу сызығының бойымен бүктегенде салынған фигуралар бір-бірімен беттесетініне назар аударып түзуге қарағанда симметриялы фигуралардың анықтамасы беріледі.
Анализ деп – бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрайды, бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатынастарын жеке-жеке қарастыру арқылы зерттелінетін әдіс түсіндіріледі. Оқып үйренетін объект туралы айқын түсінік пайда болу үшін құрамды бөліктің арасындағы байланысты анықтау керек, сол себепті анализ жеткіліксіз. Синтез қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет