«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Теңбе-тең түрлендірулерге қойылатын талаптар



бет18/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

2. Теңбе-тең түрлендірулерге қойылатын талаптар.
Тұрмыстық, өндірістік есептеу практикасының сұранысы оқушылардың есептеу мен тепе-тең түрлендіруді жақсы игерулерін талап етеді. Оқушылардың есептеу мен тепе-тең түрлендіру дағдылары кез келген есептеу жұмысының барысында қалыптасады.
Теңбе-тең түрлендірулер бастауыш мектеп бағдарламасынан басталады. Осыған байланысты оқушылар мына талаптарды білуі қажет:

  1. Егер тапсырмада қандай тәсілмен шешу керектігі көрсетілмесе, онда ауызша орындау керек. Ауызша орындау қиын болса, тепе-тең түрлендірудің басқа тәсілдерімен шығару керек. (жазбаша, немесе көмекші құралдармен есептеуді пайдалану).

  2. Есептеуді жүргізер алдында қолданылатын теңбе-теңдікті ойланып анықтап алу керек. Қиын жағдайда теңдеудің шешімін жазылады.

  3. Жазылған әріп және сандар дұрыс және тиянақты болу керек. Жазбаша түрде есептің шешімі қасиеттеріне қарай бөлініп жазылуы керек.

  4. Теңбе-теңдіктің шешімін тексергеннен соң есептеу керек. Есепті түсінгеннен соң тепе-тең түрлендіру жүргізіледі.

  5. Теңбе-тең түрлендіру есебін шешу керек болса, алдымен жеңіл тәсілдерін ойланып жазу керек.

  6. Берілгені түсінікті болғанша есептің шартына кіріспеу керек.

Ауызша есептеу – ол ойша есептеу. Оның басты ерекшелігі өзге есептеулерден яғни жазып орындағанға қарағанда ол тез орындалады. Ауызша есептеудің екінші ерекшелігі ойлау қабілетін дамытуға әсері мол. Бұл әдісті жиі және орынды пайдаланған оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытады. Осы себептен жаңа тақырыптар түсіндіргенде әдетте ауызша түрде талдау есептері беріледі, әр қайсысының оқушыларға сол тақырыпты түсінуіне және меңгеруіне көмегі зор. Бастауыш мектептерде алғаш рет ауызша есептеуді сандармен амалдар орындағанда пайдаланылады.
Мысалы:

  1. 240000:120

  2. 17+28+43=(17+43)+28 т.с.с

Тиімді жолмен ауызша есептеуді мынандай мысалдар арқылы үйретеміз. 43+19=43+(7+12) т.с.с. 4 сыныпта ауызша есептеу кеңінен қолданылады. Есептеуді және тепе-тең түрлендіруді ауызша көп қолданса жазбаша орындауды да оқушылар тез меңгереді. Кейін әртүрлі тәсілдермен шығаратын мысалдар да қарастырылады.
Мысалы: 526+241=(500+20+6)+(200+40+1)=(500+200)+(20+40)+(6+1)=700+60+7=767.
Осындай бірнеше тапсырмалардыжазбаша түрде орындалғаннан соң, күрделі жаттығуларға ауысады.
Мысалы: 5,44:17=(5,1+0,34):17 т.б.
Есепті жаппай ауызша шығару әсіресе 4-8 сыныптарда кең тараған. Мұндай есептер негізінен ауызша орындауға болатын есептеулерді, тепе-тең түрлендірулерді және т.б. жаттығуларды қамтиды. Тәжірибелі мұғалімдер, бүгінгі таңда, қысқа ауызша жаттығуларды жиі пайдаланады. Мұның өзі ойша шапшаң есептеуге машықтандырады.Сондықтан математиканы оқытудың барлық кезеңдерінде ауызша есептеулерге жүгінген жөн.
Ауызша орындайтын жаттығулар:
1) теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар түріндеболуы мүмкін: «Көпмүшені бірмүшеге қалай көбейтеміз?», «  функциясы графигінің түрі қандай?», « функциясының графигі неліктен Oy осіне симметриялы болады?» және т.с.с.
2)теңбе-тең түрлендіруді орындау, қарапайым теңдеулерді шешуді талап ету түрінде болуы мүмкін. Мұндай жаттығулар:  өрнегін ықшамдаңдар», « теңдеуін шешіңдер» түрінде беріледі;
3) зерттеуге арналған сұрақтар болуы мүмкін. Мәселен: «Модулі 4-тен артық сандарды сан осінде көрсетіңдер», « теңдеуінің түбірі бар ма?», « және  сандарының қайсысы артық?»
Бұл жаттығулардың әсіресе соңғылары пайдалы, өйткені олар оқушылардың ойлау қызметін жандандырып, шамаларды салыстыруға машықтандырады.
Есепті ауызша шығару барысында әр түрлі таблицаларды,схемаларды немесе анықтама және көрнекі материалдарды пайдаланса, оқушылардың уақытын үнемдеуге, сабақты жандандыруға көмектеседі. Таблицаларды мұғалім өзі дайындап немесе оқушыларға дайындаттырғаны дұрыс. Ол таблицалардың түрлері мынадай болуы мүмкін.
Кесте-2






 (-3)




-32 

Сонымен түрлендіруді үйрету әдістемесі, біріншіден, математикалық жаттығудың ерекше түрі ретінде қалыптастыру, екіншіден, бір және екі амалды есептерді шығару біліктерін қалыптастыруды көздейді. Түрлендірулер жүйесі математикалық ұғымдардың мәнін, мағынасын және мазмұнын ашуға септігін тигізеді. Қарастырылған есептер оларды топтау және саралау принциптерін, сондай-ақ есептерді шығарудың реті, кезеңдері және тәсілдерін (арифметикалық және алгебралық) енгізу әдістемесін анықтайды.


Кейбір жағдайда ауызша есептеулерде алгебралық тәсілдер қолданылады. Көбейтудің қысқаша формулаларын қолданып ауызша есептеуді келтірейік. Мысалы екі санның қосындысының квадратының формуласы бойынша 121-дің квадратын ауызша есептеуде қарастырылады: 1212=(120+1)2 т.с.с. Жоғары сыныптарда ауызша есептеулерді ұмытуға жол бермеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет