«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары



бет7/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

2.Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары.
Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде барлық күшті тәрбиеге, оқушылардың өзіндік жұмыс істегенде білім мен дағдының қалыптасуына, мұғалімнің оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігіне жауапкершілігін арттыруға жұмсау керек. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің дамуының жылдамдығы мен еңбектің шығармашылық бағытта ұстануы оқытудың жаңа түрлері мен ұйымдастыруының әдістерін іздеуді талап етеді.
Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
"Көрнекі құрал" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталуда. "Көрнекілік" терминінің түбірі "көру" етістігінен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.
Ұлы Абай өзінің шығармаларында ақыл -ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық көрсетеді. Мәселен"Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы көрнекі құралдардың маңыздылығын нақты айқын көрсетеді.
Көрнекі оқу құралдары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келу керек. Көрнекі құралдарды пайдалану оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттырып, кейбір ұғымдарды тез оңай игеруіне әсерін тигізеді. Сабақты ылғи көрнеклікпен де негіздеуге болмайды.
Көрнекілік негізінен екі түрге бөлінеді: демонстрациялық және үлестірмелі. Сонымен қатар математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал - жабдықтар жасауды және дайын көрнекіліктерді қолдана білуді қажет етеді. (геометриялық фигуралардың модельдері, оқу фильмдері, кинофильмдер, электрондық жаттығулар, теледидар бағдарламалары, микрокалькулятор, үлестірмелі материалдар т.б.) Көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор.
Математиканы оқыту барысында:
А) модельдер мен макеттер;
Ә) таблицалар;
Б) диапозитивтер, слайдтар, кодограммалар және проекциялауға арналған дидактикалық материалдар, диафильдер;
В) кинофильмдер мен кинофрагменттер сияқты көрнекті құралдардыпайдаланады. Сондай-ақ, көрнекі құралдарға ә алуан геометриялық, есептеу және өлшеу аспаптары жатады.
Мектептегі дәстүрлі көрнекі құралдардың бірі – таблицалар. Олар өздерінің дидактикалық функциясы жағынан анықтама таблицалар және жұмыс таблицалары болып екіге бөлінеді.
Анықтама таблицалар оқушылар жұмыс үстінде еске түсіруге тиісті материалдарды немесе сынып жұмысы кезінде қажет болатын мағлұматтарды қамтуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет