«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет34/36
Дата27.07.2022
өлшемі4,87 Mb.
#147812
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
«Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема

25-26 дәріс. Қазіргі заманғы математика сабағы: сабақтың ерекшелігі және функциялары; сабақтың типі мен түрлері; сабақтың құрылымы және оның өзгермелілігі; сабақтың кезеңдері және олардың өзара байланысы; сабаққа дайындалу, оны жоспарлау және өткізу; қазіргі заманғы математика сабағына қойылатын талаптар; математика сабағына әдістемелік тұрғыдан талдау жасау; математика сабағында ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері; математика сабағын өткізудің дәстүрлі емес және интерактивті формалары.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру.[1]


Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Қазіргі математика сабағының негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сонда математика адамға не береді? Біріншіден, математика ақыл – ойды тәртіпке келтіреді, логикалық ойлауға үйретеді. Екіншіден, математиканың практикалық қолданымы өте зор. Математика пәнін дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға да маман болып барса да, шеберлік шыңына жетуі қиынға соғады. Себебі математика негіздерін білу іс жүзінде қолданылатын ғылымдарды меңгеруді жеңілдетеді.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бірінші талап — әрбір сабақтың айқын, нақты мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын ала белгілі болуы тиіс.Сабақ мазмұын өмірмен байланысты болуы қажет.
Екінші талап – оқыту мақсаты ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет. Оқушы бойында өмірге қажетті дағды қалыптасуы қажет.
Үшінші талап – сабақтағы оқу материалдарының ерекшелігіне сай, пробле-малық жағдайаттарды туғызу.
Төртінші талап – әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы қажет.
Бесінші талап – оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, жағымды эмоциялдық жағдай болуына назар аудару.
Алтыншы талап – оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау.
Жетінші талап – оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу жағдайын ескеру.
Сегізінші талап – оқушыларға «Қалай оқу керектігін? және не үшін оқу керекті-гін?» үйрету.
Тоғызыншы талап – қазіргі сабаққа білімнің дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау.
Оныншы талап – бүгінгі таңда әрбір сабақты, жоғарыда аталған талаптар-ды мұғалімдер жүзеге асыру.
Математика қазіргі кезде ғылым саласында ерекше орын алады. А.Н. Колмогоров: «Математиканы білмей, осы күнгі техниканың негіздерін де, ғалымдардың, табиғи және әлеуметтік құбылыстарды қалай зертейтіндігін де түсінуге болмайды» деген болатын.
Математика пәнін оқытудың кейбір мәселелері жөнінде айта кетелік. Бірінші, математиканы оқытудың мазмұны туралы. Бізде математиканы оқыту ісі оның теориялық негіздерін, классикалық бөлімдерін терең меңгертуге ба­ғытталған. Бұл бағыттағы жаңа көзқарасқа келетін болсақ, математиканы оқытуда практикалық мәселелерге көп көңіл бөлу қажеттігінде болып отыр.
Екінші мәселе, 12 жылдық орта білімге көшу. 12 жылдық орта білімге көшу тек қана орта білім беруді бір жылға ұзартып қана қоймай, білім берудің жаңа мазмұнына өтуге бағыттайды. Оқытудың жаңа тәсілі құзыреттілікке ар­налған бұл білімде, талапкерлердің пәндер бойынша алған білімін жаңа мәселелерді шешуге бағыттайды. Математика пәнін оқытуда әр кезде де оқушылардың теорияны тиімді пайдалана білуіне көп көңіл бөлінгені. Бүгін бұл негізгі талапқа айналуы қажет болып тұр.[2]
Үшіншіден, математика пәні бойынша білім сапасын арттыру. Соңғы жылдары математика пәнін оқушылардың меңгеру деңгейі төмендеп кеткені байқалады. Ал математика-оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
Қазіргі математика сабағын оқыту тәсілдері жөнінде айта кетелік.
Математика сабағы ең алдымен жоспарлы түрде болуы тиіс және мұғалімнің ауызша сөзі (әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, лекция), баспасөз (оқулық, қосымша оқу құралдары және т.б) және көрнекі құралдар (дайын графиктер, плакаттар, схемалар және т.б) болуы керек.
Әңгімелесу мұғалімге жаңа материалдарды оларды тереңдетуге және жүйелеуге, оқушылардың білімін және үй тапсырмаларын тексеруге қолайлы. Математиканы оқыту процесінде әңгімелесу арқылы негізінен тарихи мәліметтерді, ғылыми жаңалықтарды, кейде материалдың кіріспесі мен қорытындысын баяндауға болады. Мәселен, әңгіме түрінде санның пайда болуы, сан ұғымының алғашқы дамуы, өлшемдер жайында геометрияның шығуы, математиканың басқа ғылымдармен байланысын, оның қолданымын, отандық немесе шетелдік математиктер жайында айтуға болады. Бірақ теореманы дәлелдеуге немесе қорытындыны баяндауға әңгімені пайдаланбайды. Сондықтан әңгімені пайдалану мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім материалды шешен тілмен, көркем, қызық әңгімелеуі тиіс.
Математика сабақтарында әңгімелесудің бір түрі-түсіндіру болып табылады. Оны әсіресе, бір ұғымды немесе сөйлемді дәлелдегенде, түсіндіргенде, негіздегенде қолданылады. Сабақтың барысын түсіндіргенде пікір, ой қорыту сияқты логикалық амалдар қолданылады. Бұл әдіс теоремаларды дәлелдеуге, есеп шығаруда, ұғымдардың қасиеттері мен белгілерін баяндауда өте тиімді. Мұғалім оқушылардың белсенділігі мен ынтасын қостау мақсатымен, олардан өз пікірлерін айтуды, байқаған құбылыстарын түсіндіруді, өз ойларының дұрыстығын дәлелдеуді талап еткені пайдалы.
Математика сабағында лекция қолданылуы мүмкін. Негізінде лекция әдісін теореманы дәлелдеу кезінде жиі пайдаланады. Алайда теореманы дәлелдегенде немесе дәлелдеуді үйреткенде оқушылардың белсенді қатысуы, оқушы мен мұғалім арасында ұдайы байланыс болуы талап етіледі. Лекция кезінде бұл талаптар іске асырылмайды. Осыған орай, мектепте лекция тар шеңберде, атап айтқанда дәлелденген теореманы қайталағанда, бір тарауды немесе бір бөлімді қорытындылағанда пайдаланылады.
Сабақта математикалық әдебиетпен жұмыс істеуді пайдаланудың маңызы зор. Математикалық әдебиеттің тілі, баяндаудың абстрактілігі, символиканың жиі кездесуі дәлелдеудің дедуктивтік әдісінің қолданылуы, оны оқып үйренуге едәуір қиындық туғызады. Мектепте математикалық әдебеиетпен жұмыс істеудің мына түрлері ұсынылады: мұғалім түсіндірген тақырыпты оқулықтан түсініктеме бере отырып оқу, жеке теоремаларды өздігінен оқу, конспект жасау, баяндама, реферат даярлау, математикадан ғылыми бұқаралық және қызықты әдебиетті өздігінен оқу.
Математика сабағында көрнекілік зор ақпараттық рөл атқарады. Алайда көрнекілікті шамадан тыс пайдалану оқушылардың абстрактілі ойлауын тежейді.
Математика сабақтарында қайта жаңғырту, яғни өткен тақырыпты қайталап және еске түсіріп отыру қажет. Себебі, өткен тақырыпты қайталау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен еске түсіру қабілетін артады.
«Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша қадір–құрметке бөленген, мұның бірден-бір себебі оның қағидаларының абсолют ақиқаттығы мен даусыздығында жатыр»-деп А.Эйнштейн айтқан болатын. Сондықтан математика сабағын өткізу барысында оқушылардың есептерді шығаруға шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, қызықтыру ең басты және өзекті мәселе болмақ.
Біздің математик және болашақ мұғалім ретінде өз алдымызға қойған мақсатымыз: «Оқытудың озық ақапараттық-иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру, еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты дамытуға, жаңа идеялар ашуға өз үлесімізді қосу».
Сонымен, қорыта келгенде, қазіргі математика сабағын әртүрлі оқыту әдістерін пайдаланып, қызықты да тартымды, оқушыларға түсінікті етіп өткізу болып табылады. Оқушыларды ойлы да іскер, жігерлі де батыл, ой-өрісі кең, өзіне өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан болашақ тұлға ретінде дамыту.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.

  1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.

  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.

  3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай–ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

  4. Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.

  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарам –қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.

  8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.

  9. Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.

  10. Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.

  11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу – техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет