«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары



бет31/36
Дата27.07.2022
өлшемі4,87 Mb.
#147812
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
«Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема

23-24 дәрістер.
Дәріс тақырыбы: Стохастика мен ықтималдықтар теориясының элементтерін оқытып-үйрету әдістемесі
Дәріс мақсаты: Мектеп математика курсында ықтималдықтар және математикалық статистика элементтері теориясын оқытып-үйрету әдістемесін қалыптастыру. Оқушылардың ойлауын дамытудағы ықтималдық теориясы есептерінің алатын орнын ұғындыру.
Дәріс мазмұны: Мектеп математика курсына осы бөлімді енгізудің негізгі мақсаты; ақпаратты жинақтау, өңдеу және көрсетіп беру (сызбалар, кестелер, диаграммалар, графиктер және т.с.с.); комбинаторика элементтері, ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп математика курсында ықтималдылықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін оқыту әдістемесі


1 Мектеп математика курсында ықтималдылықтар теориясының элементтерін оқытудың негізгі мақсаттары.
2 Ықтималдылықтар теориясының негізгі ұғымдарын оқыту әдістемесі.
3 Ықтималдылықтар теориясының негізгі теоремаларын оқыту әдістемесі.
XX ғ. 70 ж.ж. соңынан бастап осы уақытқа дейін адамның іс-әреккетіе қолданбалы математиканың стохастика атаулы бөлімі кеңінен қолданылып отыр. Ықтималдылықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін біріктірген бұл ғылым білімнің барлық салаларында (физика, химия, биология, геология, экономика, лингвистика, психология, социология және т.б.) қолданысын тапты.
Ықтималдылық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғылым ретінде қалыптасуы бірнеше сатыдан өтті. Бұл ғылымның дамуына Еуропа ғылымдары Б.Паскаль, Я.Бернулли, П.Лаплас, Ф.Гаусс, С.Пуассон және т.б. ғалымдар көп үлес қосты.
Ықтималдықтар теориясы статистика ғылымының математикалық негізі. Статистика адамзаттың әлеуметтік, білім беру және ғылыми-өндірістік салаларының әртүрлі мәселелерін шешуде қолданылады. Осыған байланысты мектеп математика курсының мазмұнына ықтималдылықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін оқыту көкейкесті. Егеменді елімізде білімді жоғары сапалы деңгейге көтеру үшін стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер енгізу қажеттігінен математика курсының мазмұнында да өзгерістер болып отыр.
Осыған байланысты мектеп математика курсының мазмұнына ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін оқыту енгізілген. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәні кездейсоқ процесстердің ықтималдылығы – статистикалық заңдылықтарын зерттейтін математикалық ғылым саласы.
Мектеп математика курсында ықтималдылықтар теориясының элементтерін оқытудың негізгі мақсаттары:

  • Ықтималдықтар және математика статистика теориясының элементтерін нақты өмірдің құбылыстарын сипаттау және олардың стохастикалық моделін құру және зерттеу құралы ретінде танысу.

  • Ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының есептерін шығару үрдісінде « қолданбалы» ойлаудың ықтиалдық-статистикалық аспектін дамыту.

  • Математиканы оқытуда ықтималдықтар теориясының аппаратын қолдану негізінде оқушылардың математикалық мәдениетінің деңгейін көтеру.

Ықтималдықтар теориясының математикалық аппараты оқушыларды бұрыннан қалыптасқан қарапайым математикалық білім, білік және дағдыларына негізделеді. Оқушылар бұл мезгілде нақты сандармен арифметикалық амалдар орындауды да біледі, функционалдық символиканы түсініп қолданады және қарапайым геетрикалық объектілерді біледі. Сондықтан ықтималдықтар теориясы оқушылардың бұрын алған білімдерін адамның практикалық іс-әрекетінде аса маңызды қолданбалы теорияны оқығанда нақты қолданысын көрсететін математиканың бөлімі ретінде қарастыруға болады.
Ықтималдықтар теориясының фундаменталды ұғымдары «оқиға», «ықтималдық», «кездейсоқ» оқиғалар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет