бейнелетін шынайы әлемнің кез-келген формасы /пішіні және түрі/ мен қатынастары енеді, - деген қорытынды жасауға болады. Мұның бәрі теорияның таза логикалық дамуының негізін қалап береді.
Сонымен математика мазмұнынан дерексіздендірілген кез-келген форма мен қатынасты зерттейді. Бірақ та бұл абстракты формалар мен қатынастар шындап келгенде шынайы әлемнің алғашқы бейнесі болып табылады. Сондықтан ғылым ретінде математиканың зеттеу объектісін - кеңістік форма, сандық катынас және логикалық конструкция ретінде анықтаған орында, - деп есептейміз.
Математиканың дамуы және оның қолданылу аясының кеңеюі бұрын қандай-да практикадан алыс болып көрінген математиканың кейбір аймағының "қолданбалы" болғандығын және сол арқылы таза математикадан тысқарырақ сияқты болып сезілетін математикалық логика, әр түрлі теориялар /кодтау, информация, алгоритмдер, автоматтар/, есептеу математикасы және т.б. пәндер жиынтығы ролінің күшейе түскендігін көрсетіп отыр.