Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет37/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математиканы тереңінен оқытатын мектептерде математиканы оқыту ерекшелігі қандай?

2. Орта арнаулы кәсіби оқу орындағы математиканы оқыту ерекшеліктерін ата.

3. Кешкі мектептерде математиканы оқыту ерекшелік-тері қандай?


VII ТАРАУ.
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
§ 1. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың жалпы сипаттамасы.

1.2. Математикалық олимпиада туралы.

1.3. Математикалық экскурсия.

1.4. Орта мектепте математикалық кеш өткізу.

1.1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мынандай түрлері бар:

1) математикалық үйірмелер;

2) математикалық викториналар, конкурстар және олимпиадалар;

3) математикалық кештер;

4) математикалық экскурсиялар;

5) сыныптан тыс математикалық әдебиеттерді оқу, математикалық рефераттар және шығармалар;

6) мектептегі математикалық баспа.

Сыныптан тыс жұмыстардың көбірек жүргізілетін негізгі түрлерінің бірі - математикалық үйірме. Математикалық үйірмеге оқушыларды қызықтыра білу керек. Үйірменің алғашқы сабағында оқушылар қызығатындай материалды мұғалім өзі баяндайды, сонымен бірге үйірменің мақсатын, оның қарастыратын материалдарын, өткізілетін мерзімін белгілейді.

Алғашқы сабақтардың өзінде-ақ үйірме жетекшісі редколлегияны және үйірме уставын, үйірме мүшелерінің міндеттері таныстырып, үйірме жоспарын бекітеді, оқушыларға баяндамаларды, математикалық қабырға газетін шығаруды және үйірменің жұмысының документін жүргізуді окушыларға бөліп тапсырады.

Математика үйірмесінің мазмұны төмендегідей мәселелерді қамтуы керек:

1) Жалпы білім беретін теориялық баяндамалар.

2) Математика тарихынан хабарлар.

3) Ұлы математиктердің өмірі мен қызметі.

4) Қызықты және логикалық есептер шығару.

5) Логикалық және қиынырақ есептер шығару.

6) Қолданбалы есептер қарастыру.

7) Көрнекі құралдар дайындау.

8) Қабырға газетін шығару.

9) Математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу.

10) Оқушыларды математикалық жаңалықтармен таныстыру.

Математикалық үйірме сабақтарының тақырыптары матемематика тарихына, белгілі математик - ғалымдардың өмір баянына байланысты болу мүмкін.

IV – VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан гөрі қызықтылығы басым болуы қажет.

Үйірме жұмысының әрбір екі сабағына арналып көлемді бір газет шығарылады. Ол негізінен екі бөлімнен тұрады. Оның бірі мектеп оқушыларына жаңа фактілерді баяндап, жаңа білім беруге арналса, екінші бөлімі ойландыруға, белгілі бір сұрақтарға жауап беруге талпынуға баулиды.

Үйірме жұмысының барысы туралы күнделік жүргізіледі. Оны альбом түрінде көркемдесе де болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет