4) мұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету;
5) кластан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.
Оқу процесінің бұл проблемаларын зерттеу мақсаты оқу және тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оның жоғары көрсеткіштерге жетуін қамтамасыз ететіндей оқыту теориясы мен методикасының принциптік негіздерімен қаруландыру.
V. Математиканы оқыту теориясы жайындағы ілім бойынша жалпы міндеттер: 1) математиканы оқыту процесінде жүзеге асырылатын оқушылардың оқу қызметінің әр түрінің ерекшеліктерін анықтау және талдау, сондай-ақ олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсету;
2) оқушылардың математикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жетілдіру мен оларды игеру процестерін зерттеу;
3) математика сабағында оқушылардың творчестволық қызметі мен қабілетін арттыру мен дамытудың тиімді әдістерін анықтау.
Бұл мәселелерді шешу оқушылардың творчестволық қызметі мен коммунистік көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін, математикалық теориялар мен идеяларды меңгерудің және оқу қызметін тиімді ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін оқыту процесіне енгізуге тіреледі.
Осыған орай жеке міндеттер:
1) оқушылардың дербес ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді тәсілдерін анықтау;
2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал туғызатын тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3) теориялық материалдарды игеруде және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;
4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;
5) оқушылардың абстрактілі ойлауы мен кеңістік туралы түсініктерін жетілдіру жолдарын зерттеу;
6) кластан тыс жұмыстарда оқушылардың творчестволық қабілетін тәрбиелеу жолдары мен олардың математика пәніне ынтасын арттырудың тиімді тәсілдерін анықтау.
Сонымен қатар математиканы оқыту процесінде прогресшіл көрнекі оқу құралдары мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мен зерттеу және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу құрал-жабдықтарын зерттеу міндеті қойылады.