Оқытушытуралы мәлімет Бегеева Анаргуль Избасаровна-М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.
Оқитын курстары: Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, элементарлы математика, математиканы енгізу кіріспесі, есептерді шешудің әдістемелік негіздері, жоғары математика
Жұмыс орны: М. Өтемісов атындағы БҚМУ, жаратылыстану – математика факультеті.
Офис: Достық даңғылы 162, №1 ғимарат ,Математика кафедрасы., 307 кабинет.
Пән туралы мәлімет Пән:Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Кредит саны-2
Өтілетін орын:№1 ғимарат.
Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ)
Кіріспе Аталмыш пән 3-ші курста,5-ші және 6-шы семестрде жүреді.
5-ші семестрде «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсының жалпы әдістеме бөлімі жүргізілсе, 6- ші семестрде осы аталмыш курстың арнайы әдістеме бойынша сұрақтары қарастырылады.
«Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәнінің мақсаттары мен міндеттері.