104
оқиғалар бір-бірін қайталамайтындығы болса, оларға ортақ негізгі ҧқсастық – тарихи мҽліметтердің
бҧрмалаусыз қолданылғандығы.
Ал, Батыс Қазақстандағы ҧлт-азаттық кҿтерілістерді ҧзақ
жылдар бойы зерттеп, Сырым батырдың ҿмірі мен
шығармашылығына қатысты материалдарды жинап-теріп жҥрген Қ.Мҧханбетқалиҧлының «Тар кезең»
романына арқау болған ХҤІІІ ғасырдағы сол ҿңірдегі тарихи оқиғалар екені жасырын емес. Бҧл тҧста Елек пен
Жайық бойын мекендеген қазақ халқы ата-бабасы мекен еткен ата қоныстарынан ығыстырылып, екі жақты
талауға тҥскені тарихи мҽліметтерден белгілі.
Романдағы оқиға Ресейдің астанасы Санкт-Петербургтегі тарихи оқиғадан басталады. Оқырман ІІ
Екатеринаның сҽн-салтанаты келіскен патша сарайындағы қабылдауына тап болады. Жазушы патшайымның
қабылдауына жиналған ҽрбір кейіпкеріне тҽптіштеп сипаттама береді. Бҧдан алғаш кездескен кейіпкерлердің
барлығы дерлік алдағы негізгі оқиғаға тікелей араласатын жандар болғандықтан, автор олар туралы
толыққанды мҽлімет беруге тырысқаны байқалады. Мҽселен, мына ҥзіндіге ҥңіліп кҿрелік: «Императрица
бҧларды Петр ағзамның аруағына бағышталған ҽйгілі қызылкҥрең залда қабылдайтын болған екен. Барон мҧны
іштей ырым ғып, жақсылыққа жорыды. Ҿйткені,
басқасын былай қойғанда, колонналарының ҿзі аршыған
жҧмыртқадай кіршіксіз ақ мҽрмҽрден тҧрғызылып, қабырғаларына қан тҥстес кҥреңқызыл барқыт тҧтылған; ал
тҿбесіндегі ҽшекейлі айшықтары кіріп келгеніңде кҿзіңді тҧндыратын бҧл залда, – ҽйгілі Петр ағзамның
залында – кҿп аса кісі қабылдана бермейтін. Сондықтан, осы залда қабылдауды барон ерекше ықылас-пейілдің
белгісіндей кҿрді.»[2,96]. Сҽн-салтанаты келіскен сарайды мҧқият суреттеуге себеп болған нҽрсе – ол қазақ
халқының болашақ тағдыры. Жазушы осында жиналған ҽрбір кейіпкердің қазақ тағдырына тікелей араласатын
билік иелері екенін назарда ҧстап отырған.
Сырым батырдың Кіші жҥз жҧртына сенімділігі мен беделі туралы Орынбор генерал-губернаторы Игельстром
да 1789 жылы 10 мамырда Екатерина ІІ патшаға жолдаған тҥсінігінде: «Бҥкіл Ордада одан атақты, одан артық
старшина жоқ... – дейді. Сырымның артықшылығы кҿп. Бҥкіл Орда оның аузына қарап, айтқанын істейді деуге
болады. Бір сҿзбен айтқанда, жиындарда Сырым не ҧсынса, Орда, халық оған сенеді де орындайды. Осыған
қарап, оны Ордадан алып, тҧтқынға ҧстау пайдалы бола ма, жоқ па, ол мҽселені Ҧлы мҽртебелі император,
сіздің кҿрегендігіңізге қалдырамын»[2,98] – деген болатын. Міне, осындай тарихи деректерге сҥйенген жазушы
жалаң баяндаудан аулақ. Оның басты себебі – Сырымның ҿміріне қатысты тарихи мағлҧматтардың кҿптеп
сақталуы. Еліміз егемендік алған соң осындай тарихи қҧжаттарды іздестіруге, оны ғылым мен ҽдебиетте еркін
қолдануға мҥмкіндік туды. Міне, осы мҥмкіндікті тиімді қолданған жазушы батыр бейнесін сомдауда ҿзіне
дейін жазылған шығармаларды назарда ҧстап қана қоймай, батыр ҿміріне қатысты негізгі оқиғаларды
іріктеп
алуға ден қойған. Осы оқиғалардың нақтылығы мен деректілігі жҿнінде тарихи романдарды тыңғылықты
зерттеп жҥрген ҽдебиеттанушы ғалым Г.Орда былай дейді: «Шығарманың тарихилығын арттырып тҧрған
тарихи қҧжаттар десек, жазушы 1749 жылғы 6 қарашадағы, 1760 жылғы 18 шілдедегі, 1776 жылғы 25
маусымдағы, 1779 жылғы 4 қазандағы, 1783 жылғы 3 шілдедегі жарлықтардан ҥзіндіні орынды келтірген».[3,6]
Бірінші тарауға негіз болған оқиға Санкт-Петербургте ҿткенмен оның қазақ халқына тікелей қатысты екендігін
жазушы Игельстромның ҧсыныс-тілектері арқылы растауға тырысқан. Ол Уфа мен Симбирск ҽкімшілік
аймағының наместнигі, генерал-поручик Аким Иванович Апухтиннің орнына баратын болғандықтан
біріншіден, ҿзіне дейінгі жарлықтар мен қарарлармен жақынырақ танысу керектігін, яғни тарихи ахуалдың
қандай екендігіне кҿңіл аударады. Екіншіден, баратын елі туралы толыққанды мҽлімет алу керек. Бҿтен елге,
бҿтен жерге барғанда оларды басқаратын адамның олар туралы білуі қажет. Міне, жаңа басшының кҿздеген
осындай мақсаттары оның алдында ҥлкен міндеттердің тҧрғанын тҥсіндіреді. Қҧжаттарды ақтарған сайын Урал
шекара бекетіндегі елмен жақынырақ тілтабысу, олардың мақсат-тілектеріне қҧлақ тҥру қажеттілігі ҿзінен-ҿзі
айқындала тҥседі. Осыны жазушы кейіпкердің: «шайқаса-шайқаса шаршаған кҥннің ҿзінде, арқа тҧтып келген
алып елден тауфих таба алмай тҥңілген жҧрт тілі, ділі, діні жақын аржақтағы Орта Азия хандықтарына қарай
ауа кҿшіп кетсе де, бізге жақсы бола ма екен?», – деген ойына сыйғызған. Бҧдан шығатын қорытынды – қазақ
елін отаршыл империяның мойындай бастағандығы.
Романдағы кейіпкерлер жҥйесі жҿнінде Ш.Елеукенов былай дейді: «Қажығали романында негізгі ҥш тҧлға
айырықша бой кҿрсетеді. Біріншісі – Ҧлы мҽртебелі ІІ Екатерина патшайым. Екіншісі – қҧрылғанына екі
жылдай ғана болған Уфа жҽне Симбирск ҽкімшілік аймағының ҽкімі яки генерал-губернаторы, генерал-поручик
Осип Андреевич Игельстром. Ҥшінші тҧлға – қазақтың атақты биі ҽрі батыры – Сырым Датов. Ҥшеуінің де
кемесі – тарих айдынында ҧлтаралық қатынастардың озық рейдін жасағанымен ел есінде қалған»[4,38]. Себебі
бҧл кейіпкерлердің барлығы да ҿмірде болған, қазақ халқының тарихына қатысты негізгі оқиғаларға тікелей
араласқан тарихи тҧлғалар.
105
Ҥшінші тарауға негіз болған оқиға қазақтардың жеңілісімен аяқталған. Жас офицер
Назаров бастаған казак-
орыс ҽскерлерінің шекара сызығына жақын жерде жайылып жҥрген ханның жылқысын айдап алып кетуі,
Айшуаққа берген Орынбор шекаралық экспедициясының рҧқсат қағазын Назаровтың жыртып тастауы, онымен
де қоймай баласы ҿлген Айшуақты тҧтқындап алып кетуі хан-сҧлтандардың ғана емес, исі қазақтың мойнына
қасірет бҧғауын мықтап салғандығының белгісі ретінде суреттелген.
Тҿртінші тарау генерал-поручик Игельстромның келген бойда іске қызу кірісуімен басталады. Уфа жҽне Сібір
аймағының жаңадан тағайындалған наместнигін Петербордан шыққан ҧзақ жолда мазалаған ой – шекара
бойындағы ахуалдың асқынып кетпеуі. Жазушы ҥш қабатты тас ҥйдің ішінде ҿтіп жатқан алқалы кеңестер мен
сол жерде талқыланған мҽселелер арқылы генерал-майор Александр Александрович Пеутлингтің кім
екендігінен, ой-мақсаттарынан хабар береді. Жаңа келген басшыға ел ішінің жағдайын, ҽсіресе соңғы уақытта
бірнеше жерде ҿршіген шабуылдарды жасырып қалуы оның екіжҥзділігін ғана емес, ақ патшаның сенімді
ҿкілдерінің жасап жатқан екіжҥзді ҽрекеттерінің кҿрінісі еді. Іздеушісі де, сҧраушысы да жоқ ақ патшаның қол
астына бағынған ҧсақ ҧлттарға жасалған шабуыл Ресей империясына деген кҿзқарасты ҿзгертетінін олар ол
кезде ойлағысы да келмеді. Алайда, Сырым бастаған қолдың Рештейнер мен Овчинниковтың отрядын баса
жаншып, 21 казак пен 40 башқҧртты тҧтқынға алуы, Таналық қамалын босатуы жауырды жаба тоқуға
келмейтіндігін байқатты. Шекара экспедициясының бастығы генерал-майор Зенбулатовтың хаты Пеутлингтің
қҧпия шабуылдарын ҽшкерелей тҥсті.
Осындай тарихи оқиғаларды бейнелеу барысындағы жазушы тілі жҿнінде Ш.Елеукенов: «Оның бер жағында
генерал-фельдмаршал Потемкин, Сыртқы істер коллегиясы басшыларының бірі граф Безбордко Игельстромға
бірсыпыра жағдайды тҽптіштеп тҥсіндіреді. Осының бҽрі романның алғашқы бҿлімі тілі мен стилінің бҿлекше
қалыптасуына ҽсерін тигізген. Шенеуніктер сҿздерін ҽскери канцелярлық стильде ҧзақ-сонар ҿрбітеді.
Жазушының бҧл тілді қазақшалауға тҿселіп
алғаны сондай, оқушы романның бастапқы бҿлімін ана тілінде
жазылғанын ҧмытып кеткендей болады. Бейнебір орыс романын оқып отырғандайсың»[4,40] – деген болатын.
Ғалым айтса айтқандай, романды оқып отырғанда жазушы тіліне ХҤІІІ ғасырдың ресми іс қағаздар тілінің
ерекше ҽсер еткенін байқауға болады.
Жергілікті халықпен тіл табысу ҥшін олардың ҿздеріне сенімді ҿкілдерімен келісімге келу керектігін
пайымдаған Игельстром Шекара істері жҿніндегі экспедицияда істейтін титулярный советник Нҧрмҧханбет
Ҽбдіжҽлеловты (Нҧралының кҥйеу баласы), Айырбас Сарайдың делдалы Шҥкірҽліні, мешіттің молдасы
Шҽпиді қабылдап, олардың ҧсыныс-тілектерін қабылдайды. Жергіліктің ҧлттардың ҿкілі ретінде келген
кісілердің ҽрқайсысына мҧқият қырағылықпен қараған басшы сол ҿкілдер арқылы қазақ деген халықтың ел
айтып жҥргендей кҿшпелі, жабайы халық емес екендігін тҥйсінеді.
Сырымның бейнесін толықтыра тҥсетін оқиғаның бірі Тҧрманбет бидің қазанаттың тҧқымынан
қалған
қарақасқа бестіні мінгізіп жіберуі. Автор «Ат – ер қанаты» екенін осы тҧстағы Сырымның ҽңгімесіне
сыйғызған. Қара Байбақты Баймырзаның «Қамысқҧлақ!» атанған бҽйгіторысының екі қҧлағы бірдей бҥрік
болып қалуы – жануардың иесін қорғап, қҧлағын оққа тосуынан екенін естігенде батырдың астындағы атының
да киелі екеніне кҿзіміз жете тҥседі. Торы ат – батырдың қанды кҿйлек жолдасы, жауға шабары, шайқасқа бірге
кірген, серттес серігі еді.
Орынбордан келген Мҧхамеджан хазірет бастап келген елшілер бҧл кезде Сырым батырдың ҥйіне
жиналғандарға ҧлықтың «Ашық хатын» алып келіп еді. Орынбордан хат алып келгендер екі кҥннен кейін
қайтып, жиынға жиналғандар еліне қайтты. Сырым хазіреттен ҿз ҧсыныстары жазылған хатты жҽне беріп
жіберді. Олардың ішінде Нҧралы ханның жапқан жалаларына қарсы айтылған нақты деректер де бар еді.
Сонымен бірге жазушы Жаратқан иеміз «Алла тағала мен ҽруақтар» жайлы да жадында ҧстап отырады.
Қҧдайға тіл тигізген Нҧралының ісі қҧрдымға кетсе, Намазтаудан бата жасап Таналыққа атанған жасақтың
жеңіспен оралуын, ата-баба қорымына тоқтап оқылған қҧраннан кейін Сырым би ауылында ҿткен «Халық
кеңесінің» нҽтижелі болуы олардың істерін ата-бабалар аруағы қолдап жатқандай ҽсер береді. Осындай тағы бір
мысалды роман соңындағы шешуші кеңестің қҧран сҥрелерінен оқылған аяттардан басталуынан да кҿруге
болады. Авторлық ҧстаным мен подтекст «Биссимилладан» бастаған істің сҽтті болатынына имандай сендіреді.
Тарихи оқиғаға қҧрылған романда тарихи сипаттың басымдығымен бірге «Сырым батыр» жырымен ҥндес
келетін тҧстары да жетерлік. Жырда қырық жігітінен айырылған Сырым жауға қарсы жалғыз ҿзі таң атқаннан
қызыл іңір болғанша шайқасып, зеңбіректен оқ тиіп, жараланып, қансырап, есі ауып аттан жығылады. Жау
батырды шынжырмен бҧғаулап тҥрмеге қамайды. Бҧл оқиғаны батырдың ерлігіне куҽ болған Нҧралы ҧлы Есім
сҧлтан ҽкесіне баяндап бергені мҽлім.