ҚАЗАҚ АҚЫН – ЖЫРАУЛАРЫНЫҢ ТҼЛІМ ТҼРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ.
А.З.Жҧмағазиев
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
Атырау, Қазақстан
Қазақ хандығы кҿптеген тайпалардың – қаңлылар, ҥйсіндер, қыпшақтар,
арғындар, наймандар, дулаттар жҽне т.б. негізінде қҧрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ
хандығы бірде (ХҤІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде ҽлсіреді. Ғасырдың аяғында Қазақ хандығында ҥш жҥз деп
аталатын кҿшпелі тайпалардың ірі одақтары– Ҧлы жҥз Оңтҥстік Қазақстанда, Орта жҥз қазақ даласының
орталық бҿлігінде жҽне Кіші жҥз батыс аймағында ҧйымдасты. Ҽрқайсысының ҿз басқару ҽкімшілігі болды.
Оларды біріктіру туралы ҽртҥрлі ҽрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҤІІІ ғасырдың
ортасына дейін ҿмір сҥрді.
Осы тарихи оқиғалар туралы ірі эпикалық шығармалар, кҿптеген ҽндер сақталған. Халық зҧлымдық,
басқыншылық, жаугершілік туралы қайғылы ҽндер шығарған, шетел басқыншыларына қарсы кҥрескен, ел
қорғаған батырларды жырлаған:
Бҧл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі
тҥрі. Кҿшпелі тҧрмыс жҽне шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар кҿптеген жауапты
қызметті атқарған болатынды: ҿзінің ақылды, жалынды сҿзімен жауға қарсы рулардың кҥшін біріктіруге
шақырды, олар кҿп жағдайда тайпалардың кҿсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары
болды.
Ақын-жыраулар негізінен ҿз шығармаларын толғау жанрында шығарған. Толғау – белгілі бір жағдайға
байланысты философиялық пайымдау немесе толғаныстар тҥріндегі поэтикалық сюжетсіз шығарма.
Бҧл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра
жырауларды жҽне т.б. ерекше атауға болады.
Ел ішінде кең тараған батырлар жырларының бірі «Ер -Тарғында» Сыпыра – жырау былай суреттеледі:
Ноғайлы ханы Зада кҿрші руға кҿптеген зиян келтіреді. Сол руда жас батыр Ер-Тарғын дҥниеге келеді. Хан
Зада одан кек алуға қорқады, не істерін білмейді, оған Сыпыра – жырауға жолығуға кеңес береді. Сыпыра –
жырау ханның зҧлымдығын, екі жақтылығын қатты сынай отырып, бҧрынғы зҧлымдығын ҧмытуға жҽне
достасуға шақырады. Екі жақты татуластыруға жҧмыстанады. Сыпыра-жырау Ер-Тарғынның артықшылығын,
оның ержҥректігін, тазалығын айта отырып, ханды ойланбай істелген ҽрекеттен сақтандырады. Сонымен, ең
соңында екі жақты да келісімге келуге кҿндіреді.
131
Жыраулардың шығармашылығы олар ҿмір сҥріп отырған ортамен тығыз байланысты. Олардың кейбіреулері
ханға қызмет етсе, ҥстем тап ҿкілдерінің мҥддесін кҿздесе, басқалары бҧқара халықтың атынан сҿйлеп,
халықтың мҧң-мҥддесін – кҿңіл-кҥйін білдіреді жҽне батырлар жырларының, аңыздардың сақтаушылары жҽне
орындаушылары болып табылады.
ХҤ-ХҤІІ ғасырларда ҿмір сҥрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-
санасын, ой-ҿрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Ҿйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нҽзік
сырлары, мҧң-мҧқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сҥйініші, келер ҧрпаққа айтар ҿсиеті, тҽрбие тағылымы ҿзекті
орын алады.
Оны ХҤ ғасырдың орта кезінде ҿмір сҥрген қазақ даласының ҧлы ойшылы, халықымыздың қоғамдық-
саяси, ҽлеуметтік ой-пікірлерінің кҿне басшысы бола білген Асан Қайғы шығармашылығынан байқауға болады.
Асан қайғы – қазақ даласынан шыққан ойшыл-философ, аты аңызға айналған, ел қамын ойлаған данышпан
ақын. Алтын Орда қҧлағаннан кейін, халық аңызы бойынша, мемлекеттің ыдырағанын кҿріп, «халыққа
ыңғайлы, уайым-қайғысы жоқ, «қой ҥстінде бозторғай жҧмыртқалайтын» Жерҧйықты» іздеп желмаямен қазақ
жерін аралайды. Талай жақсы жерлерді де, шҿл даланы да кҿреді, бҽріне тиісті бағасын береді. Бірақ
«Жерҧйықты» таба алмай қайғырады. Содан ел оны «Асан Қайғы» деп атаған. Ҽрине, қазақ жерінде кең
жазықты, кҿк майса шалғынды, орманды-таулы жерлер де, ҿзен-кҿлдер де бар, бірақ іздегені ҽлеуметтік ҿмір
мен рахат ҿмір болатын. Оны философтар қазақ жерінен шыққан алғашқы ҽлеуметтік утопист деп атайды.
Халқының сол замандағы хал-ахуалы мен келешегін тебірене сҿз еткен Асан Қайғы, заманымыздың заңғар
жазушысы Мҧқтар Ҽуезов айтқандай, халық мҧңын арман етіп, алысты меңзеген, ҿзі ҥшін емес, елі, жҧрты
ҥшін іздеген ел қамқоры…
Асан Қайғы қазақ қоғамының болашағы ҥшін барша жҧртты бай, кедей деп бҿлмей, адамгершілікке,
бірлікке, бауырластыққа баулуды қажет деп санады. Оның ойынша, адамның мінез-қҧлқы жақсы болуы ҥшін
айналасындағыларға жанашырлық, ізгі жҥректілік білдіруі, қамқоршы болуы қажет. Ҿзіне қажетті игіліктерді
жасауда адамдар бірлесіп, қоғамдасып, бауырмалдық іс-ҽрекет жасауы керек, сонда ғана бақытқа жетеді,
басына бақ қонады деп білді. Бҥкіл халқының қамын ойлауы, елді берекелі бірлікке, шынайы достыққа, адал
еңбекке шақыруы, сол замандағы прогрессивтік маңызы зор гуманистік кҿзқарас еді.
Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан Қайғы енді сол жерді іздеп табу
ҥшін желмаяға мініп, қазақ жерінің тҿрт бҧрышын кезеді. Жолында кездескен тау, ҿзен, шҧрайлы жерлерге,
халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады…
Асан Қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бҿктіріп кетер едім, ҽттең, желмаям
кҿтере алмайды-ау! Қой ҥстінде бозторғай жҧмыртқалайтын, тып-тыныш мамыражай ел екенсің»,-депті.
Батыста Асанқайғы Маңғыстауға ҥш барып, ҥш қайтыпты. Екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы қоныс
бола ма?»-деп сҧраған екен. Сонда Асан бабамыз: «Тҥбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер
болмас», - деген екен.
Шыңғырлауды кҿргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы ҿзі ҿскен жоқ, Шыңғырлау, сен ҿсірдің»- деп ҥш
айналады да, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып, - «Шыңғырлау ҿкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат
суарып, аунап-аунап кетейік»,-депті.
Сыр бойын кҿргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын
қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дҧрыс екен»,-депті.
Тҥркістанның қасында ескі қорған Сауранды кҿргенде: «Ҽттеген-ай, тақырдың бетіне, Шҿлстанның ҿтіне
салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тҧрған нуы жоқ – тҥбі тҧрақты қала бола қоймас»,-деген екен.
Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан Қайғы айтыпты:
Екі бассаң бір базар,
Саудасы қызған жер екен.
Екі бассаң – бір мазар,
Молдасы азған ер екен,-депті.
Асан Қайғы адамның бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары
бағалай келіп, «Ҧлық болсаң, кішік бол» деген адами қасиетті, кішіпейілділікті жастардың бойында жағымды
мінез-қҧлық қасиеттерін тҽрбиелеуге жҽне қалыптастыруға ақыл-кеңес береді.
Ел басқарған кҿсемнің, қол бастаған батырдың ҽділеттіліктің,
адамгершіліктің туын жоғары ҧстауы қажеттігін айта келіп, Асан Қайғы:
Арғымаққа міндім деп,
132
Артқы топтан адаспа.
Кҥнінде ҿзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа.
Ғылымым жҧрттан асты деп,
Кеңессіз сҿз бастама.
Жеңемін деп біреуді
Ҿтірік сҿзбен қостама,-деп ақыл-кеңес береді. Асан Қайғының
кҿрегендікпен айтқан тҽлімдік-тҽрбиелік ойлары мен тҧжырымдары бҥгін де жас ҧрпақ тҽрбиелеу ҥрдісінде
ҿзіндік мҽнін жойған жоқ.
Халық дағдырын, мемлекет мҽселесін шешуде хандармен бірге ХҤ-ХҤІІ ғасырларда ҿмір сҥрген ақын-
жыраулар да роль атқарып келуде.
Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра-жырау сияқты жыраулар заман, қоғам, жайлы, ел басына тҥскен ҽр
алуан оқиғалар жайынан толғау – жыр айтушы болған. Қазақ поэзиясында жыраулар ақылгҿй тҽрбиешінің
ролін атқарады. Ақын – жырауларға тҽн бейнелі сҿз айшықтары билердің шешендік сҿздеріне де арқау болған.
Қазақ халқы шешендік сҿзді жоғары бағалаған. «Ҿнер алды – қызы тіл» демекші ата-бабамыз ділмҽр
шешендердің ҿсиет сҿздерін, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы ақындардың толғау,
термелерін ҽлденеше ғасырлар бойы жадында сақтап, дҽуірімізге жеткізген. Оның себебі аталы сҿздердің
ҿмірщеңдігінде, халықтың сҿз қҧдіретін бағалай білуінде жатыр. Демек, асыл сҿздің тҿркіні қоғамдағы
тҽрбиелік мҽніне ерекше назар аударып, «ақылдың кҿзі – аталы сҿз» деп ҧққан ата-бабамыз сҿйлей білуді ҥлкен
ҿнер деп бағалаған.
Ақыл-ой, тҽлім-тҽрбие, кҿріп-білу, жҥректен терең сезіну арқылы біртіндеп толықсып қалыптасатын
тҽжірибеден туатын ҥздіксіз еңбектің жемісі.
ХҤ ғасырда ҿмір сҥрген ақын-жыраулардың ішінде ерекше ҿзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ-ноғай
поэзиясының кҿш басшыларының бірі болған Қазтуған –жырау – ел қамын жеген, халқы қастерлеп ҿткен
кҿшпенді қазақ тайпалардың ҽскер басы, ру кҿсемі болған қазақ тарихында белгілі батыр қазақ жырауларының
кҿрнекті ҿкілдерінің бірі.
Ол ҿзінің туып-ҿскен ата-мекені Еділ ҿзенінің Каспийге қҧлар жеріндегі сағаларының сҧлу табиғатын,
қазақ жерінің ғажайып кҿрінісін туған ҿлкесінің перзенті ретінде тамаша поэзия тілімен суреттей білген.
Қазтуған толғауларының ҧрпақ тҽрбиесінде тҽлімдік-тҽрбиелік мҽні ерекше.
Қазтуған ҿзінің туған ҿлкесіне деген сезімін тҿмендегідей жолдармен тебірене білдіреді:
Алаң да, алаң, алаң жҧрт,
Ағала ордам қонған жҧрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жҧрт,
Кіндігімді кескен жҧрт,
Кір-қоңымды жуған жҧрт.
Ботташығы бҧзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы таудай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған.
Қайран менің, Еділім,
Мен салмадым, сен салдың
Қайыр болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жҧрт!…
Қазақ поэзиясының тарихында белгілі жҽне кҿрнекті тҧлғалардың бірі шамамен ХҤ ғасырдың 60-
жылдарында жҽне ХҤІ ғасырдың бірінші жартысында ҿмір сҥрген Шалкиіз Тіленшіҧлы болып табылады.
1490 жылдары ҽрі жауынгер жҽне дарынды ақын ретінде ол ел билеу істеріне ерте араласады, Алтын
Орданың ҽміршісі Темірдің белді кеңесшілерінің бірі болды. Шалкиіз ол Жайық ҿзенінің бойында Дешті-
Қыпшақ даласында дҥниеге келді.
Шетел басқыншыларының жиі шабуыл жасауы жҽне ҥздіксіз ру аралық тартыс жағдайында ортақ жауларға
қарсы кҥресте ақын-жыраулардың қазақ руларының басын біріктіруге ҥндеген ҥні қаттырақ естілді.
133
Шалкиіздің бірқатар ҿлеңдері ел билеуші, ҽмірші Темірге ҥгіт-насихат, кеңес тҥрінде беріледі. Онда
алыстағы ортағасырдағы хандар туралы, адамдардың жақсы жақтары туралы, жақсы жҽне жаман адамдар
туралы жырау екі жаққа да, ел билеуші мен халыққа бірдей, қызымет атқарады. Егер де Темір оның кеңесін,
ҥгітін тыңдайтын болса, адамдар мен ел билеушінің арасында келісім, бірлік, бейбітшілік, бақыт
орнайтындығына сенім мол деген болатын-ды.
Шалкиіздің ғибраттық, тҽлімдік - тҽрбиелік мағынаға толы толғауларының бҥгінгі кҥні де маңызы жҽне
рухы аса кҥшті, философиялық тереңдігімен, аз сҿзбен кҿп мағына беретін қысқа да болса, нҧсқалығымен
ерекшеленеді:
Қоғалы кҿлдер, қам сулар,
Кімдерге қоныс болмаған
Саздауға біткен қара ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған…
Кҥлелік те ойналық,
Киелік те ішелік,
Мынау жалған дҥние,
Кімдерден кейін қалмаған! – деген жолдар арқылы жастарға ақыл-кеңес, ҥлгі-ҿнеге, тҽлім-тҽрбие туралы ой
тастайды.
Шалкиіз:
Жақсының ҿзі ҿлсе де, сҿзі ҿлмес,
Жақсы байқап сҿйлер,
Жаман шайқап сҿйлер,-деген ҿлең жолдарынан адамның жақсы мен жаман болуы халқына, еліне жасаған
пайдасына, сіңірген еңбегіне байланысты:
Жаманнан туған жақсы бар
Адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар
Кҥндердің кҥні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз, - деп Шалкиіз толғаулары афоризм, нақыл сҿздерге тҽлімдік-тҽрбиелік ойлауға, ҿнегелік
тҧжырымдарға бай келеді.
Жиембет Кіші жҥздегі Есім ханның басты биі, ҽскери қолбасшы, батыры болды. Оның ерлігі қазақтардың
қалмақтармен соғысында айқын байқалды. Жиембет жырау сомдаған батырлардың тҧлғасы, олардың
психологиялық ерекшелігі мен жан дҥниесін асқан шеберлікпен суреттейді. Батырлардың бейнесін, ерлік
істерін дҽріптей отырып, жастарға ҥлгі-ҿнеге етеді, ҥстем тап ҿкілдерін, хандарды қатты сынға алады.
Жастардың бойында адамгершілік, елжандылық қасиеттерді дҽріптейді.
Жиембет те Ақтамберді сияқты халық қамын жоқтаған, ел бірлігін сақтаған ҽрі батыр, ҽрі ақын болды. Хан
қаһарынан қаймықпайтын от тілді, орақ ауызды Жиембет жырау:
Ханға қарсы тҧрам деп,
Тҥн ҧйқымды бҿлгенмен,
Жҧртымды жҿнге салам деп,
Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік,- деп ол жастардың болашағы, ҽділеттілік ҥшін белін бекем буып, қолына қару алып,
кҥреске шықаннын жоғарыдағы ҿлең жолдарымен ҿрнектей білген.
Қазақ жырауларының қай-қайсысын алсақ та, жыр-толғауларында айтылатын негізгі идея – ел бірлігін, ҿз
отанын сҥю, оны сыртқы жаулардан қорғау, батырлығы мен ақындығы сай келетін, сол кезеңнің ҿзекті,
маңызды мҽселелерін жырлай отырып, аз сҿзбен кҿп мағына беретін толғауларының жас ҧрпаққа тҽлімдік-
тҽрбиелік, тағылымдық мҽні ерекше. Бҥгін де тҽрбие жҧмысында кеңінен пайдалануға болады.
134
ҼОЖ 82-1
Достарыңызбен бөлісу: |