Материалдары



Pdf көрінісі
бет131/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

 
 
Қазақстан Республикасы Парламентінің (27 маусым, 2000ж) ҽлем парламентарияларына жолдаған «ХХl ғасыр – 
Бейбітшілік пен Адамгершілік ғасыры» қаулысында басты кҿзделген міндет еліміздің тыныштығы мен ҧрпақ 
тҽрбиесіндегі ҽлемдік рухани ынтымақтастық, ал басты мақсат ҧлттық қҧндылықтар мен имандылық, асқақ 
адамгершілік сияқты асыл қасиеттерімізді санаға сіңіріп, адамгершілік тҧрғысынан болмысты тҥсіндіре отырып 
руханилыққа тҽрбиелеу деп кҿрсеткен болатын [ 1]. 
Қазіргі кезеңде ҧлттық мектеп пен ҧстаздар қауымының алдына қойылатын міндет жастарға рухани- 
адамгершілік тҽрбие беруде ҧлттық мҧраларымызды жаңғырту, яғни ҧлттық қҧндылықтарды басшылыққа алу 
кҿзделеді. Қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы тағы да басқа 
келеңсіз кҿріністер алды да болса айтылатын шындықтар. Мектеп жасындағы жасҿспірімдердің арасынан 
қылмыстың ең ауыр тҥрлеріне баратындар да аз емес. Бҧл қиындықтан шығудың жолын табу ата- ана
педагогтердің, бҥкіл қоғам алдында тҧрған кҥрделі проблемалардың бірі. 
Ата-ананың тҽрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Ҧяда не кҿрсе, ҧшқанда соны іледі» деп тҥйіндейді мҧны халық 
даналығы. Сондықтан бала санасына оның ҿмірінің алғашқы жылдарынан- ақ адамгершілік сезімдерін сіңірудің 
орны бҿлек. Жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор кҥш ҽсерінен болмаса, есейгенде де сақталады. 


152 
«Баланы жастан», «Сҥтпен біткен мінез, сҥйекпен кетеді» деген, халықтық қағидаға сҥйенсек ата-
бабаларымыздың, ең алдымен, ҧрпақ тҽрбиесіне қаншалықты терең мҽн бергендігін айырықша кҿруге болады. 
Адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің бҽрі отбасынан бастау алып, қоғамдық ҿмірмен астарласа отырып 
қанатын кең жаяды. Сондықтан да халық даналығы отбасынан бастау алатын тҽрбиенің мҽні мен маңызы, 
ондағы ата-ананың рҿлі туралы керемет тҧжырымдар айтып қалдырған. Ҧрпағына ізгі тҽрбие беруді мақсат 
еткен халқымыз тҽрбие мҽселесіндегі ҿз тҽжірибесін, ойға тҥйген, ҧстанған қағидасын, ҧсынар тағылымын 
мақал-мҽтелдер арқылы қорытындылап, тҧжырымдаған. Тҽрбие жҿнінде бірде « Ата кҿрген оқ жонар, шеше 
кҿрген тон пішер» десе, ал енді бірде «Ананың ізін - қыз басар, Атаның ізін – ҧл басар» деп аталы сҿз айтқан
[2]. 
Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында » еңбегінде»... Мағжанның жҥрек тебірентерлік (лирикасы) мҿп-
мҿлдір лирикасы, Мҧхтардың эпикалық кҿркем прозасы, Шоқанның барша ҽлемді таңқалдырған жаңалықтары, 
ҧлы Абайдың тҥпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ҧлттық қҧндылықтарымыз ҽрбір 
адамның ішкі жан дҥниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтатып кҿтеретініне кҥмҽн келтіре алмайсың» 
деген салиқалы сҿздер біз кҿтеріп отырған мҽселені шешуде ҧлттық қҧндылықтарды игерген, рухани бай, ҿресі 
жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын тҧлғаны қалыптастырудағы мақсат, міндеттердің нақты бағыты 
айқындалып тҧрғандай мҽселесімен жҧмыс істеу керек [3]. 
Яғни, біздің пайымдауымызша ең берекелі, ең парасатты тҽжірибе-ҽрине халық тҥйген тҧжырымдар, ғасырлар 
бойы зергерлік ҧқыптылықпен сҧрыпталған ҥрдістер, дамыған даналық дҽстҥрлер,танымдық-тағылымдық баға 
жетпес ойлар болса керекті. Бҧл- тҧжырымдап айтқанда тарихи қалыптасқан ҧрпақ тҽрбиесіне қатысты
халықтық рухани-материалдық мҧралардың жиынтығы - халық педагогикасы. 
Қазақ ауыз ҽдебиетті нҧсқаларын жинаушы ҽрі зерттеуші М.Ҽлімбаевтың «Мақал- мҽтелдер- халықтың 
моральдік кодексі, тҽрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған ҿнегелі ҿсиеті»-деген 
тҧжырымына сҥйенсек, ата-бабаларымыздың ҧрпақ тҽрбиесі жҿнінде айтып, сан алуан тақырыптардағы кеткен 
даналық ойларының бҥгінгі тҽрбие процессіндегі мҽні мен мҥмкіншіліктері зор [4]. 
Халықтық рухани мҧраның бір бҿлігі- қазақ мақал- мҽтелдерінің тҽрбиелік мҥмкіндіктері мол. Мҽселен, қазақ 
халқының мақал-мҽтелдері, нақыл сҿздері, ырым-тыйымдары жай ғана айтылған ҧйқас сҿздер емес, олардың 
бҽрінің тҽрбиелікте, танымдық та тҧрғыда алғанда адамгершіліктік мҽні ерекше. Мысалы: «Атаның баласы 
болма, адамның баласы бол», «Ҽдептілік ар-ҧят- адамдықтын белгісі»- дейді халық даналығы. 
Қазақ халқының тҽлім-тҽрбиелік ой-пікір тарихында ірі ғҧламалардың бірі болып саналатын Xl-ғасырда ҿмір 
сҥрген Ж. Баласағҧнның «Қҧтты білік» поэмасы- педагогика тарихында ерекше орны бар, рухани- адамгершілік 
тағылымы мол мҧрамыздың бірі .Шығармада: 
«Ҥш нҽрседен жҥр алыс, сақ, байқағын, 
Бірі- қыңыр, қисық болма, айтарым. 
Бірі- жалған, сҧғанақтық- ҥшіншісі, 
Ҥшеуінің тҥбі қорлық, тҥсінші»- деп жас ҧрпақты адам бойындағы теріс мінезден сақтандыра отырып, 
оның асыл рухани қасиеттерді қайырымдылық, ҽділеттік, шыншылдық, парасаттылықты ҿте жоғары бағалап, 
дҽріптейді. Ҧлы ғҧлама шығармаларындағы: 
«Ҽділет-қҧт, қҧт қҧрығы- кішілік, Ҽділеттің заты- тҧнған кісілік [4]., -деген жыр жолдары адам қадір-
қасиетімен, білімімен, ақылымен жҽне ҽділетімен ғана Адам екенін нақты айқындап кҿрсетеді. 
Ал қазақ халқының мҽдени ҿмірінің тарихындағы ірі тҧлғалардың бірі- Абай Қҧнанбаев ҿзінің ҿлеңдері мен 
қара сҿздерінде жасҿспірімдерді жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа ҥндеуді мақсат етеді. Абай 
шығармаларының бҥгінде танымдық та, тҽрбиелік мҥмкіндіктері бҥгінгі кҥнге дейін ҿз мҽнін, маңызын жойған 
емес. Ҧлы ақын қазақ жастарының ҽсемдік, сҧлулық жҽне адамгершілік ізгі қасиеттерін тҽрбиелеуді ҿмір бойы 
басты идея етіп ҧстап, жетілдіріп отырған. Бҧл тҧрғыда ағартушы ҽсіресе, ақынның мына ҿлеңдерін атауға 
болады : «Жігіттер, ойын арзан, кҥлкі қымбат», « Жҥрегім нені сезесің», жҽне «Ғылым таппай мақтанба», Абай
туындыларының қайсы бірі болсада, ҧрпақ тҽрбиесінде ерекше рҿл атқарып, тҧлға бойындағы адами имандық 
қасиеттерді қалыптастыра отырып тҧлғаны жан-жақты жетілдіруде педагогикалық мҥмкіндіктері зор. 
Ақын шығармаларының негізі- адамгершілік пен имандылыққа тҽрбиелеу. Мҽселен, Абай «біреуге кҿмектесу- 
ішкі зор қуат пен терең ақыл жҽне ыстық сезімнің ісі» [5],- деп біледі. Міне осындай қасиеттер тҥгелдей бір 
адам бойында болғанда ғана, ол салиқалылылықпен біреуге жанашыр бола алады дейді. Сол сияқты Абай 
жасҿспірімдерді ҽділеттілікке тҽрбиелеудің мҽнінің зор екенін «дҧшпаныңа да ҽділ бол» деп білдірсе, ал 
рухани- адамгершілік қасиеттердің мҽнін «адамзаттың бҽрін сҥй бауырым деп», «...Іштегі кірді қашырса
адамның хикмет кеудесі», «... ҿзің ҥшін ҥйренсең, жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма- жыл» деген 


153 
сҿздерімен аша тҥседі. Ол досты да адамгершілігі арқылы танып білу, яғни достықты нығыйтатын, кҥшейтетін 
рухани- адамгершілік сапа қасиеттер деп санаған деген ой тҥюге болады. 
«Жалпақ ҽлемді аузыңа қарату ҥшін рухани ерлік, жалпақ ҽлеміне қысылмай, қымтырылмай қарау ҥшін рухани 
байлық керек» - дейді .Ҽ. Кекілбаев. 
Олай болса қазіргі жаңашылдық даму ҥрдісінде, елу елдің қатарына, қысылмай, қиналмай кіру ҥшін рухани-
адамгершілігі мол ҧрпақ қажет. Рухани адамгершілік тҽрбиесі қҧнсызданса, қоғамның дағдарыста болғаны.
Демек, қазіргідей нарықтық қатынасқа сатылай ҿтіп жатқан кезеңде қоғам мен мемлекет ҿзін таныған, тҥсінігі 
мол, ҧлтын сҥйетін, қоғамдық еңбегі мен кҽсібі, дағдысы, іскерлік негіздері қалыптасқан рухани сау, табиғи 
мықты, жалпыадамзаттық жҽне ҧлттық мінез-қҧлық нормаларын іске асыра білетін, рухани жағынан жетілген 
жан-жақты адамды тҽрбиелеуге ҿте мҥдделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет