Материалдық-техникалық базаның жағдайы: Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету



бет13/18
Дата06.02.2022
өлшемі262,31 Kb.
#81002
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Даму жоспары


Кемшіліктер мен ескертулер:

  1. Оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымының жұмыс жүйесі түзілгенмен, мектеп өміріне араласу жұмысының әлсіздігі.

  2. Сынып жетекшілерінің жаңа технологиялар бойынша білімдерін жетілдірмеуі.

Қорытындылар мен ұсыныстар:



  1. Сынып жетекшілеріне арналған өзін- өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру, тәрбиенің жаңа технологияларын оқу- тәрбие үрдісінде қолдану тақырыбына семинарлар өткізіп, арнайы бағдарлама құрастыру.


Орынбек



    1. Оқу үрдісінің көрсеткіштерге жетуінің негізігі тәсілдері

Гимназиялық жүйені дамытудың ең күрделі де маңызды мәселелердің бірі оқытудың кезеңдері, оқу жоспары және білім мазмұнының арасындағы сәйкестік болып отыр. Орта білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер білім берудің жаңа мазмұнымен және бағытталған ақпараттандырумен, интеллектуалдық ұлт және зиялы тұлға дамытуымен ерекшеленетін білім берудің жаңа ұлттық моделін жасауды міндеттеп отыр.
Мектепте оқу-тәрбие үрдісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 27 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы» № 336 бұйрығы және Павлодар облыстық білім беру басқармасының «Павлодар облысының жалпы білім беретін оқу орындарында 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы» 2012 жылдың 6 тамызындағы № 1-05/244 бұйрығы, Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2012 жылғы 10 тамыздағы «Екібастұз өңірінің білім мекемелерінде 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы» №358 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізге алынды.
Гимназия сыныптарында оқу жоспарларын жасауда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 шілдеде № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты негізіндегі типтік оқу жоспары басшылыққа алынды.
6б, 7б, 8а, 9а сыныптарында ғылым негіздерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілінде білім беретін мектепте оқу пәндерін тереңдетіп оқытуға арналған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары басшылыққа алынды.
Экономика және қаржы сауаттылығы жаратылыстану математикалық бағыттағы 5-10 сыныптарда 1 сағаттан, дінтану негіздері 9 сыныптарда 1 сағаттан енгізілді (2009 жылдың 22 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 353 бұйрығы).
Гуманитарлық бағыттағы 1а, 2а, 3а, 4а, 7а сыныптарда мектеп компоненті бойынша 1-7 сыныптарда ағылшын тілінде «Қызықты грамматика» 1 сағаттан, гуманитарлық біліммен қатар оқушылардың математикалық қабілеттерін де дамыту мақсатында «Сандар сыры», «Зеректер математикасы» факультативтеріне 1сағаттан және оқушы компоненті арқылы «Көркемсурет», «Информатика негіздері» үйірмелеріне 1 сағаттан бөлінді.
Гимназиялық компоненттен мектеп мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары негізінде 1-4 сыныптарда «Ұлттық дүниетаным»- 1 сыныпта (Абдрахманова З.Ж.), «Халық ауыз әдебиеті»-2-4 сыныптарда (З.Зейнекина, Қ.Омарова, Г.Салықова), «Қарым-қатынас психологиясы», (М.Нұртазина), 1-4 сыныптарда ырғақ, 7а сыныбында «Халық биі және ырғақ», «Математика және экономика», «Экология негіздері және табиғатты қорғау» «Қазақстандық құқық» арнайы курстарына 1 сағаттан бөлінген.
1-4 сыныптарда гимназиялық үйірме, клубтар бөлімі арқылы ағылшын тілінен «Елтану», «Хор» үйірмесі 2-4 сыныптарда, «Кітапқұмарлар», «Домбыра-дастан», «Шахмат» үйірмелеріне 1-4 сыныптарда 1 сағаттан және оқушылардың бастауыш кластан бастап ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын ояту мақсатында «Парасат» ғылыми жобалар мектебіне 0,5 сағаттан, 7а сыныбында «Тұрмыстағы физика», «Елтану» үйірмелеріне 1 сағаттан берілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 1б, 2б, 3б, 4б, 5аб, 6а, 8б сыныптарына арналған оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі мектеп компоненті есебінен 1-8 сыныптарда ағылшын тілінде «Қызықты грамматика», «Зеректер математикасы», туған өлке тарихын кеңейте оқыту мақсатында «Елтану», «Кереку өңірінің тұлғалары» факультативтеріне 1 сағаттан бөлінді.
Оқушы компонентінен 8б сыныбына «Тұрмыстағы физика» (С.О.Құрманғалиева), 1-6 сыныптарда «Информатика негіздері» үйірмелеріне және «Экономика және қаржылық сауаттылық негідеріне» 1 сағаттан берілді.
Гимназиялық компонент арқылы 1-4, 5-6 сыныптарда «Математика және экономика» (М.М.Нұртазина, Г.Н.Қожагелдинова), 8 сыныпта «Қолданбалы математика» (М.М.Айткенова), 1-2 сыныптарда «Туған өлке өсімдіктері мен жануарлар дүниесі» (К.М.Исабекова, Ж.Е.Әкішева), 1-8 сыныптарда «Ырғақ», «Халық биі және ырғақ», 5- 8 сыныптарда «Қазақстандық құқық», «Экология негіздері және табиғатты қорғау» арнайы курстарына 1 сағаттан бөлінді.
Гимназиялық үйірмелер мен клубтар бөлімі арқылы 2-5 сыныптарда ағылшын тілінен «Елтану» 1-4 сыныптарда «Кітапқұмарлар», «Домбыра-дастан», «Мүсіндеу» үйірмелеріне және 5-8 сыныптарда «Автомодельдеу», «Алтын оймақ», «Жас ұлан» үйірмелеріне, «Парасат» ғылыми жобалар мектебіне 0,5-1 сағаттан, «Олимп» клубына 1 сағаттан бөлінді.
Математиканы тереңдетіп оқытатын 6б гимназия сыныбында мектеп, оқушы компоненті есебінен «Математика», «Зеректер математикасына» 2 сағаттан, «Елтану», «Қызықты грамматика» факультативтеріне 1 сағаттан бөлінді. Гимназиялық компонент арқылы «Информатика негіздері», «Халық биі және ырғақ», «Кереку өңірінің тарихи тұлғалары», «Экология және табиғатты қорғау» арнаулы курстарына 1 сағаттан бөлінді. Гимназиялық үйірмелер мен клубтар бөлімі арқылы «Хор», «Судомодельдеу» үйірмелеріне, «Парасат» ғылыми жобалар мектебіне 1 сағат, «Олимп» клубының жұмысына 1,5 сағат бөлінді.
Физиканы тереңдетіп оқытатын 7б гимназия сыныбында мектеп, оқушы компоненті есебінен «Физика және қоршаған орта», «Оқулық беттерінен тыс физика» (Құрманғалиева С.О.) курстарына 2 сағаттан бөлінді. Гимназиялық компонент арқылы «Халық биі және ырғақ», «Экология және табиғатты қорғау», «Елтану», «Математика және экономика» арнаулы курстарына 1 сағаттан бөлінді. Гимназиялық үйірмелер мен клубтар бөлімі арқылы «Хор» үйірмесіне, «Парасат» ғылыми жобалар мектебі мен «Олимп» клубының жұмысына 1 сағат, «Авиамодельдеу» үйірмесіне 0,5 сағат бөлінді.
Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын 8а гимназия сыныбында
мектеп, оқушы компоненті есебінен қазақ тілі мен әдебиетінен факультативке 2 сағаттан, «Физика оқулықтан тыс» факулльтативіне 1 сағат бөлінді.
Гимназиялық компонент арқылы ағылшын тіліндегі «Елтану» (Т.А.Махметова), «Математика және экономика» (Г.Н.Қожагелдинова), хорео, экология негіздері және табиғатты қорғау арнайы курстарына 1 сағаттан бөлінді. Гимназиялық үйірмелер мен клубтар бөлімі арқылы «Тұрмыстағы физика», «Қосалқы тарихи білімдер» , «Қызықты грамматика» (ағылшын тілі) үйірмелеріне 1 сағаттан, «Парасат» ғылыми жобалар мектебіне 0,5 сағаттан енгізілді.
Шет тілін /ағылшын/ тереңдетіп оқытатын 9а гимназиялық сыныпта мектеп, оқушы компоненті есебінен ағылшын тілі мен «Елтану» курсына 2 сағаттан бөлінді. Гимназиялық компонент, гимназиялық үйірмелер мен клубтар бөлімі арқылы «Халық биі және ырғақ», «Қолданбалы математика», «Қазақстандық құқық», «Экология негіздері және табиғатты қорғау» арнайы курстарына 1сағат, «Физика оқулықтан тыс», үйірмелеріне 1 сағаттан және көптілділік экспериментің жүргізілуіне орай «Geography in English», «География терминдері ағылшын тілінде» үйірмелеріне 1 сағаттан, «алтын оймақ», «Парасат», «Олимп» клубтарының жұмысына 0,5 сағаттан бөлінді.
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы физика –математикалық бейіндегі 10б гимназия сыныбына арналған оқу жоспарын жасағанда ата-аналар мен оқушылардың сұраныстары ескеріле отырып «Математикалық анализ бастамалары» (Р.А.Жұмәлі), «Механика негіздері» (С.О.Құрманғалиева), « «Экология негіздері және табиғатты қорғау» (Батихан Д.), қолданбалы курстары 1сағаттан енгізілді. Оқушы компоненті есебінен «Молекулалық физика және термодинамика негіздері» (Құрманғалиева С.О.), «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» 1 сағаттан енгізілді. Гимназиялық бөлік бойынша «Параметрлі есептер», «Елтану», «Тіл білімінің негіздері», «Азаматтық білімге кіріспе» арнаулы курстарына 1 сағаттан, гимназиялық үйірмелер есебінен «Жас ұлан» үйірмесі, «Шахмат» үйірмесі ашылды. «Олимп» клубына – 2,5 сағат, «Парасат» ғылыми жобалар мектебіне 1 сағат бөлінді.
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы физика –математикалық бейіндегі 11б гимназия сыныбына арналған оқу жоспарында қолданбалы курстар есебінен «Математикалық анализ бастамалары, «Механика негіздері», «Экология негіздері және табиғатты қорғау» курстарына 1сағаттан бөлінді. Оқушы компоненті арқылы «Саясаттану» арнаулы курсына 2 сағат берілді. Гимназиялық компонент есебінен «Теңдеулер және теңдеулер жүйелерін шешу әдістері», «Елтану», «Тіл білімінің негіздері», «Физикадан есеп шығару» арнаулы курстары 1 сағаттан енгізілді.
Оқу жоспарын жүзеге асыруда бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер толық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік - нұсқау хатына сәйкес келеді. Жоғарыда аталған авторлық бағдарламалар Павлодар облыстық мұғалімдер біліктігін арттыру институтының, Павлодар педагогикалық институтының мамандарымен келісіліп, рецензияланған.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет