Материалдық-техникалық базаның жағдайы: Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету


Мектептің оқу іс-әрекетінің құрылымы



бет5/18
Дата06.02.2022
өлшемі262,31 Kb.
#81002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Даму жоспары

2.2 Мектептің оқу іс-әрекетінің құрылымы.
Мектептің алға қойған негізгі мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болғандықтан, бірнеше жыл жұмыс барысында оқу-тәрбие процесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, оң көрсеткіштерге ие болады. Басты оң көрсеткіштердің бірі- мектеп бітіруші түлектердің жоғарғы оқу орындарына түсуде білім дәрежелі өзгелермен бәсекеге түсе алатындай, басқа маңдайалды мектеп түлектерімен тең екендігі.
Қазіргі қоғамның тағы бір өзекті мәселелерінің бірі- әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезекті нақты талаптар-шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой пікірін еркін жеткізе алу қажет. Мектептегі 23 сынып- комплектісінің 15-і гиназиялық, оның ішінде 10-ы жаратылыстану-математикалық, 5-і гуманитарлық бағытта, 7а сыныбы қазақ тілі мен әдебиетін, 8а-биология, 9а-ағылшын тілін тереңдету бағдарламасы бойынша оқиды. Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарға сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылады және барлық оқушылар үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылған. Білім беру мазмұнын құруды бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға бағытталған. Мектеп оқушыларының қажеттілігі мен ата- аналардың сұранысын ескере отырып, мектептегі 10б,11б- сынып оқушылары физика-математикалық бағыт, 10а сынып-қоғамдық-гуманитарлық, бағытты таңдай алды. Қазіргі білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл қолданысқа еңбек. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену рақылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді.Бала оқу үрдісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Осы міндеттерді іске асыруда мектептегі бағдарлы оқыту үлкен роль атқарады.Бағдарлы оқыту дифференциалдап және жеке тұлғаға бағытталған оқыту жоғарғы сынып оқушыларының жеке бас ерекшелігін дамыту мен дербес оқу ірекеттерін ұйымдастыруға, тұлғаның өзін-қзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой- пікірінің туындауына, бағдарлы оқытуға сапалы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып табылады және мектепте жүзеге асыратын қолданбалы курстардың авторлық бағдарламаларының банкі бар.Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті- оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Сондықтан бағдарлап оқытудың маңызды құраушысы 5-7 сыныбы бағдаралды дайындыққа дейінгі сыныптар және негізгі мектептің 8-9 сыныптарында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық сыныптары болып табылады. Ол келесі үш бөліктен тұрады:

  1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру

  2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру

  3. Психологиялық көмек беру

Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушылар мектептің жоғары сытысында оқу бағдарының бағытын саналы да сенімде түрде таңдады.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының , ата-аналардың сапалы білімге деген сұранысы артып, мектептен оқушы тұлғасын тәрбиелеудегі жаңа бетбұрыстарды талап етіп отырғандағы белгілі.
Осыған орай мектептің мақсат-мүддүлерінің әлеуметтік сұраңысқа сәйкестігін анықтау үшін оқушылардың, ата-аналардан сауалнама алынды.
Оқушылардың осы мектепте оқу себептері ретінде:

  • 25% мектепте жақын тұрғандықтан.

  • 78% мұғалімдері жақсы.

  • 35% мектепте кқптеген қызықты іс-шаралар жұргізіледі.

  • 63% мектепте тәртіп жақсы қойылғандыұтан,- деп жауап береді

Ата-аналары балаларының осы мектепте оқу себебі ретінде:

  • 11% мектеп мөлтек ауданында тұрғандығынан.

  • 89% білім сапасы көңілінен шығады.

  • 47% мектептің жұмыс тәртібі ұнайды.

  • 39% мектепте қолайлы орта қалыптасқан.

  • 25% арнаулы курстардың ауқымдылығы қызықтырғандықтан,-дейді.

Мектептің басты міндеті-жан-жақты сапалы білім берумен бірге оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып,бәсекелестікке дайындық, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі қмірлік мәселелерді жылдам шеше алатын икемді жасты асыруда мектеп әкімшілігі мен ұжым білім беру процесінде оқу жастарының көп нұсқалылығын пайдалануда.Оқу жоспары білім мазмұнының міндетті бөлімін құрайтын инвариантты бқлімнен және гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттағы гимназиялық компоненттен оқыту (6акласс), қазақ тілін тереңдетіп оқыту (5а,9а) жүзеге асырылады. Мектеп ұстаздарының құрастырған авторлық бағдарламалардың 25-і 1-11 класстардағы гимназиялық компоненттердің, бейінді кластарда қолданбалы курстардың бағдарламалары оқу жоспарына енгізілген. («Туған өлке өсімдіктері мен жануарлары», «Математика және экономика», «Қолданбалы математика», «Механика негіздері», «математикалық анализ бастамалары», «Теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу әдістері», «Қарым-қатынас психологиясы», «Сөз өнері», «Елтану», «Теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу әдістері», «Металдар химиясы» т.б), факультативтер, үйірмелер.
Гимназия-мектебі өз статусы бойынша мемлекеттік білім беру стандартынан жоғары білім деңгейін қамтамасыз етуге тиіс болғандықтан, барлық гимназия кластарында гимназиялық стандар әзірленген. Оқыту нәтижесі стандарттың меңгерілу деңгейінің мониторингін жүргізу арқылы бақыланады.
Мектеп оқушыларының үлгерімі



















Оқу жылы

Жыл аяғындағы оқушылар саны

Үздіктер

Екпінділер

Сапа %

Үлгерім %

2009-2010

550

106

227

61

100

2010-2011

615

144

270

67

100

2011-2012

653

168

265

66

100



Оқу жылдары

Гуманитарлық бағыттағы

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Қазақ тілін тереңдету класы

Ағылшын тілін тереңдету класы

Биология пәнін тереңдету класы

Қазақстан тарихын тереңдету

2008-2009

83,5%

74%

84%

56%

82%

-

2009-2010

85%

74%

91%

64%

84%

-

2010-2011

95%

75%

95%

65%

жоқ

жоқ

2011-12

95

76

95

67

жоқ

жоқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет