Материалтану



бет6/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1-бұранда; 2- окуляр; 3- окулярдың шеңбері; 4- тор; 5- тубус; 6- бекітетін шеңбер; 7- колонка; 8- объектив; 9- өлшенетін ойық. б) - МПБ-2 микроскопының сырт көрінісі.
2.3- суреті. МПБ-2 типті есептік микроскоптың схемасы

Ойықтың үстіне микроскоптың объективін түйістіріп, окулярдың шкаласындағы нольді ойықтың бір жақ шетіне тақап, ойықтың екінші шетінен есепті сан алынады. Өлшеу бір-біріне перпендикуляр бағытта, 0,05мм дәлдікпен жүргізіледі. Қаттылықты анықтау үшін шыққан санның ортақ шамасын алу керек.


2.4.4 Қаттылықты анықтау

Ойықтың диаметрі бойынша аудару кестесі (А Қосымшасы) арқылы материалдың қаттылығы табылады.

Стандартты өлшеуде (D=10мм, P=3000кгс), Бринелль қаттылығы HB250 жазылады. Басқа жағдайда өлшенген қаттылықтың жазу белгісі келесідей: HB 5/250/30-200. Демек диаметрі 5мм шарикпі ұштық арқылы 250кгс жүктеменің әсерімен 30сек. ұстау арқылы анықталған материалдың қаттылығы 200кгс/мм2 .
2.5 Тапсырма
Сынақтың нәтижесін келесі кестеге толтыру.
2.2 – кесте. Бринелль әдісімен өлшенген қаттылықтың нәтижесі


п/п


Өлшеу шарты

Ойықтың диаметрі, мм

Қаттылық НВ,

МПа


(аударма кесте бойынша)

Шариктің

диаметрі


D, мм

Жүктеме

Р, Н


Ұстау уақыты

τ, с


1

2

3

1

2

3

Ариф.орташа сан

1






























2.6 Роквелл әдісімен қаттылықты (HRA, HRB, HRC) өлшеу

Қаттылықты ұштықтың ену тереңдігіне байланысты анықтауды 1908 жылы веналық профессор Людвиг ұсынған, өлшеу машинасын 1914-1919 жылдары Коннектикут штатының тумалары Хью М Роквелл және Стэнли П Роквелл (туыстар емес) ойлап шығарған.

Роквелл әдісімен өлшенген қаттылық – индентордың ену тереңдігіне кері шартты шамамен есептеледі. Роквелл бойынша қаттылықты HRA, HRB, HRC әріптерімен белгілейді, өлшем бірлігі жоқ, бос сан. Қаттылықты өлшеу үшін ТК типті қаттылықты өлшеу құралы пайдаланылады.

Бұл әдісте индентор ретінде алмасты конус, шынықтырылған болат шаригі немесе қатты қорытпадан (вольфрам карбиды) жасалған конус алынады. Бринелль әдісімен өлшеуден айырмашылығы қаттылықты анықтау ойықтың ауданы бойынша емес, тереңдігі арқылы есептеледі. Ойықтың тереңдігі ұштықты батыру процесі кезінде өлшенетіндіктен сынақты жүргізу жеңілірек. Жүктеме екі кезеңде біртіндеп түсіріледі (МСТ 9013-59): алдымен бастапқы салмағы 10 кгс тең жүктеме (серпімділік деформацияның әсерін және әртүрлі кедір-бұдырлық ақауларды жою үшін), сонан соң негізгі салмақтағы жүктеме түсіріледі.



2.4- сурет. Қаттылықты Роквелл әдісімен анықтау схемасы.


2.6.1 Үлгіні дайындау

Сынақтағы үлгінің беті ақаулардан тазартылып тегістеледі. Үлгінің қалыңдығы инденторден түсетін іздің тереңдігінен 10 есе артық болу керек. ТК типті конусты баспақпен аса қатты, морт сынғыш, болмаса серпімді металдар мен қорытпалардың қаттылығын өлшеуге болмайды.

2.6.2 Қаттылықты өлшеу шарттары

Өлшеу шарттары сынаққа түсетін үлгінің болжам қаттылығына байланысты 2.2- кесте арқылы тағайындалады.


2.2- кесте. Қаттылықты өлшеу шарттары


Шкала

Ұштық

Жүктеме, Н

Жазу белгісі

Бринелль бойынша болжам қаттылық, НВ, кгс/мм2

В
С

А


Шынықтырған болат шаригі

Алмас конусы

Алмас конусы


1000
1500

600


HRB
HRC

HRA


60-240
240-700

700-900

Роквелл әдісімен қаттылықты келесідей өлшеуге болады:

- алмас конусы, жалпы жүктеменің салмағы 150 кгс. Қаттылық С шкаласы бойынша өлшеніп HRC деп белгіленеді (мысалы, 65HRC). Шынықтырылған болаттарды немесе беткі қабатының қалыңдығы 0,5мм астам материалдарды өлшеу үшін жүргізіледі.



  • алмас конусы, жалпы жүктеменің салмағы 60 кгс. Қаттылық А шкаласы бойынша өлшеніп HRА деп белгіленеді. Қаттылығы өте жоғары материалдарды және беткі қабаты жұқа (0,3... 0,5 мм) материалдарды өлшеу үшін қолданылады.

  • болат шаригі, жалпы жүктеменің салмағы 100 кгс. Қаттылық қызыл В шкаласы бойынша өлшеніп HRВ деп белгіленеді. Жұмсақ (жасытылған) болаттар және түсті қорытпалар үшін қолданылады.

Үстелге үлгінің дұрыс қойылуын (түсетін күштің параллель болуы, үлгінің тиянақтылығы) қатты қадағалау қажет. Конуспен өлшеу кездегі ойықтардың ара қашықтықтары 1,5мм-ден, шарикпен өлшеу кезде - 4мм – ден кем болмау керек.

2.6.3 Сынақты жүргізу



Өлшейтін ТК типті құралдың үстеліне 6 сынаққа дайындалған үлгі қойылып, индентордың 5 ұшына жеткенге дейін үстелмен бірге көтеріледі. Индикатордың 4 кіші тілін қызыл нүктеге тақап, үлкен тілді оған параллель қойады. Сонан соң «С» шкаласындағы ноль құралдың астыңғы жағында орналасқан шеңбермен ұзын тілге жеткізіледі. Осы шарт орындалғанда алдын ала үлгіге салмағы 100Н тең жүктеме 1 әсер етеді. Негізгі күш құралдың баспағын басу арқылы түсіріледі. Өлшенетін үлгіге өлшеу шартына сәйкес салмағы 500, 900, 1400 ньютонға тең күш 4-6 секунд аралығында әсер етеді. Тілдің айналысы тоқтаған соң белгіленген шкала бойынша қаттылықты көрсететін шартты сан алынады.

2.5-сурет. Роквелл әдісі бойынша қаттылықты өлшеу аспабының

(ТК типті) схемасы

2.6.4 Қаттылықты анықтау

Қаттылықтың бірлігі ретінде индентордың материалға 0,002 миллиметрге ену тереңдігі алынады. Бірақта Роквеллдің шартты қаттылығы (HR) көрсеткіштегі ену тереңдігін h көрсетпейді, олар келесідей анықталады:

конуспен өлшеудегі қара С және А шкалалары бойынша 100 – h,



болат шаригімен өлшеудегі қызыл В шкаласы бойынша 130 – h.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет