2.1 сурет - Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеу схемасы.
Батырылған шариктің ізі үлгінің бетінде қалады. НВ әріптерімен белгіленетін Бринелль қаттылығы сфералық ойықтың беткі F ауданына Р жүктеменің қатынасы арқылы анықталады.
НВ = Р / F (2.2)
Шар сегментінің ауданы
F = π ∙ D ∙ h, мм2 (2.3)
Мұнда, D – шариктің диаметрі, (мм);
h – ойықтың тереңдігі, (мм).
Ойықтың тереңдігін өлшеу қиын болғандықтан, ойықтың диаметрі (d) мен шариктің диаметрі (D) арқылы ойықтың тереңдігі (h) есептеледі:
, (мм) (2.4)
Сонымен , (мм2) (2.5)
Бринелль әдісі бойынша қаттылықтың саны келесі өрнек арқылы анықталады:
, (кгс/мм2) н/мм2 немесе МПа (2.6)
Бринелль бойынша қаттылықты СИ бірлігіне ауыстыру үшін қаттылықтың кгс/мм2 санын 9,81-ге көбейту керек, демек HB=9,81∙ HB (МПа).
Достарыңызбен бөлісу: |