Матрицалық,ағындық және лазерлік принтерлер



бет4/4
Дата16.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#139561
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
user file 591925e206256

Лазерлік принтер
Лазерлік принтер ксерография принципін қолданатын құрылғыларға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер бұйрықтары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі болғандықтан сапасы жоғары болады. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 – 15 секундта) басып бере алады. GDI- принтерлері. Бұл соңғы кезде шыққан, беттік бейнені Windows GDI (Graphics Device Interface — құрылғының графикалық интерфейсі) жасайтын ағынды принтер Hewlett-Packard фирмасы да осыған ұқсас— Printing Performance Architecture (PPA) принтерлерін шығарады. Олардың төмендегідей ерекшеліктері бар: Бағасының арзандығы;
Жұмыс істеу жылдамдығының жоғарылығы; PPA архитектурасының икемділігі.
ІУ . Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру
1.Принтерлердің түрлерін атаңыздар.( матрицалық, ағындық, лазерлік)
2.Матрицалық принтердің жұмыс принципі.( Матрицалық принтерлерде қағазға басу құрылғысы вертикаль қатарда орналасқан жіңішке инелерден тұрады. Басу құрылғысы қозғалғанда инелер боялған ленталар арқылы қағазды ұрады, оның нәтижесінде қағазда символдар мен бейнелер аламыз)
3.Ағынды принтердің жұмыс принципі.( Ағынды принтерлерде бейне, басу құрылғысында сақталатын арнайы сиялардың микро тамшыларын форсунка көмегімен қағаз бетіне бүрку арқылы жасалады.)
4.Лазерлік принтердің жұмыс принципі.( Лазерлік принтер ксерография принципін қолданатын құрылғыларға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі.)
5.Принтердің сиясын қалай атайды. ( тонер)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет