Жиымдар. Бірөлшемді жиымдармен есептер шығару
Жиым (Массив; array) — барлығы бір тектес элементтерден құралып, бір атпен ғана аталып реттелген мәліметтер жиымы. Жиымның аты мен элементтерінің индексін көрсету олардың кез келген накты элементін тауып алып, пайдалануға мүмкіндік береді.[1]
Ақпарат массивінің құрылымы немесе жай массив, элементтердің жиынтығынан (мәндерден немесе айнымалылардан) тұратын деректер құрылымы болып табылады, олардың әрқайсысы массивтің ең болмағанда бір индексімен немесе кілтпен сәйкестендіріледі. Массив әрбір элементтің жағдайы математикалық формула бойынша оның индекстік кортежінен есептелуі мүмкін. Деректер құрылымының қарапайым түрі бір өлшемді массив деп аталатын сызықтық массив болып табылады.
Мысалы, 0-ден 9-ға дейінгі көрсеткіштермен 10 32 биттік (4 байт) бүтін сандар, 2000, 2004, 2008, ..., 2036 жад адрестерінде 10 сөз түрінде сақталуы мүмкін, осылайша элемент i индексінде 2000 + ( i × 4) мекен-жайы бар.
Паскаль тілінде мәліметтер қарапайым және күрделі типтерге жіктеледі.Қарапайым типтерге – стандартты деп саналатын және шектеулі типтегі мәліметтер,ал күрделі типтерге жиымдар (массивтер),жиындар(множества),жазбалар(записи), және файлдар жатады.Күрделі типтің ішкі элементтерінің өзі қарапайым немесе құрамды тип те болуы мүмкін.
Жиым- бұл бір атаумен (жиым идентификаторымен) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны.Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады. Паскаль тілінде қарапайым айнымалылармен қатар жиым түрінде біріктірілген айнымалылар да жиі кездеседі.
Мысалы,нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті
1,6, 14,9, -5,0, 8,5, 0,46, 2,25, -9,85, 6,27, 5,7, -3,2
Бірөлшемді жиым деп,оған А деп атау беруге болады.Жиымның әр элементі жиымның атымен белгіленеді де,тік жақша ішіне оның индексі қойылады,яғни жиым элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады.
Оның жазылу пішімі:
Type = array[] of ;
Var : ;
Мұндағы array(жиым), of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;
[индекс типі]-real,integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип,яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын,логикалық және литерлік типтер пайдаланылады; -құраушылар типі,яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.
Индекс өрнек,айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.
Сондықтан да көбінесе жиымдарды индексті айнымалылар деп те атайды.Ал индекссіз айнымалыларды жиымдардан ажырату үшін қарапайым айнымалылар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |