Басқару компоненттері, батырмалар және таймерлер Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз – белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады.
Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:
· Standard – жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ. Standard бетіне енгізілген кейбір компоненттер 1-кестеде көрсетілген.
MainMenu – Программа мәзірін құру;
PopupMenu – Тышқанның оң түймесін шерткен кезде экранға шығатын (контекстік) мәзір құру;
Memo – Көп жолдық мәтіндерді бейнелеу және енгізу үшін қолданылады;
Checkbox – Қолданушыға әртүрлі операцияларды қосу және өшіруге мүмкіндік береді;
Additional (Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланылады.
BitBtn – өзінде сурет ұстай алатын батырманы жасайды;
SpeedButton – (тез шақыру батырмасы) тек қана сурет ұстай алатын батырманы құрады;
StringEdit – таблицаны құрады. Бұл таблицаның жолдары мен бағандарында мәтіндік жолдар болады;
Image – суреттер файлдарын, пиктограммалар немесе метафайлдарды шығару үшін қолданылады;
Bevel – үш өлшемді эффектісімен жасалған сызықты немесе квадратты құрады.
· Data Access – мәліметтерге қатынас.
· Qreport – есеп берулерді жедел дайындау:
· QuickRep – есеп беру;
· QRSubDetail – кестелік есеп беру;
· QRStringsBand – қатарлы есеп беру;
· QRBand – есеп беру жолағы;
· QRChildBand – қыздық есеп беру жолағы;
· QRGroup – топ;
· QRLabel – жазба;
· QRDBText – деректер жиынтығының текстік өрісі;
· QRExpr – мәтін;
· QRSysData – ақпараттық жүйе;
· QRMemo – көпқатарлы текст;
· QRExprMemo – көпқатарлы мәтін;
· QRRichText – форматталған текст;
· QRDBRichText – деректер жиынтығының форматталған текст өрісі;
· QRShape – геометриялық фигура;
· QRImage – графиктік көрініс;
· QRDBImage – деректер жиынтығының графиктік көрініс өрісі;
· QRCompositeReport – құрамдық есеп беру;
· QRPreview – есеп беруді көру терезесі;
· QRTextFilter – текстік фильтр;
· QRCSVFilter – SCV–фильтрі;
· QRHTMLFilter – HTNL – фильтрі;
· QRChart – диаграмма ;
· Data Controls – Мәліметтерді редакциялау және бейнелеу компоненттері:
· DBGrid – тор ( кесте );
· DBNavigator – навигациялы интерфейс;
· DBText – мәтінді жазу;
· DBEdit – бір жолдық редактор;
· DBImage – графикалық бейне;
· DBListBox – қарапайым тізім;
· DBComboBox – қиыстырылған тізім;
· DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырып- қосқыш;
· BDE (Borland DataBase Engine) мәліметтерге қатынас:
· DataSourse – мәліметтер көзі ;
· Table – МБ кестесіне негізделген мәліметтер жиыны ;
· Query – SQL сұрауына негізделген мәліметтер жиыны ;
· StoredProc – серверде сақталған процедураға негізі мәліметтер жиыны;
· DataBase – МБ – мен байланысуы;
Session – МБ – да ағымдағы жұмыстар сеансы .
· Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;
· System (Жүйе) бетіне OLE (байланыстыру және орнату) течнологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы,
· PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілген төртбұрышты облыс құру;
· OLEContainer (OLE контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері;
· MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару;
· Win32-бетіне – 32-разрядты операциялық жүйелермен жұмыс жасауға арналған компонентер енгізілген ;
· Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру)-қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.
· Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер:
· ColorGrid (Түстер торы) – түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;
· Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.
· Interfase – Borland Database Engine (BDE) және Active Data Objects арқылы (ADO) Interfase- пен тікелей байланыс;
· Midas – паралель ағымдармен деректер базасының қосымшасын тұрғызу;
· Internet Express – Internet Express қосымшаларын құру;
· Internet – Internet- пен бірге жұмыс істейтін қосымшалар үшін арналған компоненттер;
· FastNet – Internet- ке жетудің әртүрлі хаттамалары;
· Decision Cube – мәліметтерді талдау;
· Dialogs – « Файлды ашу » типіндегі сұхбаттар, жүйелік сұхбаттар;
· Win 3.1 – Windows 3.x стиліндегі компоненттер;
· Samples – аяқталмаған құжаттық компоненттер үлгілері;
· ActiveX – ActiveX- тің активті элементтері;
· Servers – кең таралған COM серверлеріне арналған VCL қабықшалары;
TIMER КОМПОНЕНТІ
System парағында Windows үшін стандартты DDE (Dinamic Data Exchange)және OLE (Object Linking and Embedding) мәліметтерімен алмасуды сүйемелдейтін компоненттер, таймер т.б. жүйелі сервистік элементтерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын компоненттер бар.
System парағы
Timer – таймер. Бұл компонент уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.
PaintBox – Сурет салуға арналған аумақ. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.
MediaPlayer – мультимедиалық құрылғыларды (CD-Rom, MIDI т.с.с.) басқару жұмыстарын атқарады.
OleContainer – OLE- объектілерін орналастыруға болатын жабдық (контейнер).
MediaPlayer компоненті өткен тарауда қарастырылды.
Timer компоненті қосымшада уақыт интервалын есептеуді жүзеге асырады. Таймер уақытпен байланысты әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданады. Мысалы: мультипликацияны синхронизациялау, белгілі бір уақыт өткеннен кейін қандай да бір терезені жабу, белгілі бір уақыт өткеннен кейін экран “қорғаушысын” қосу, қандай да бір уақыт интервалы өткенде тестілеу программасын айыру т.с.с. Таймер- визуальды емес компонент болып табылады. Таймердің екі қасиеті бар:
Interval- компонентті қосудың уақыт интервалын білдіреді. Ол миллисекундпен өлшенеді. Бұл қасиет таймердің жұмыс жасау периодын береді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін компоненттің OnTimer оқиғасы орындалады.
Мысалы: Timer компонентінің Interval қасиетінің мәнін 5000-ге тең етіп қойып, OnTimer оқиға өңдеушісіне Close операторын жазсақ, онда 5 секунд уақыт өткеннен кейін форма жабылады.
Enabled – компонентті қосу мүмкіндігін беретін логикалық тип. Егер бұл қасиеттің мәні true болса, онда Timer компоненті қосылады және керісінше.
Егер Interval = 0 немесе Enabled = false болса, онда таймер компоненті жұмыс жасамайды.
Timer компонентін қолдану мысалдарын қарастырайық.
Мысал119. 5 секундтан кейін ағымдық дата және 10 секундтан кейін ағымдық уақыт экранға шығатын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Формада 2 таймер компонентін алып, олардың біріншісінің Interval қасиетінің мәнін 5000- ға, екіншісінікін 10000- ға тең етіп қоямыз да, Timer1, Timer2 компонентінің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегі кодты жазамыз.
Procedure Tform1.Timer1Timer(Sender: Tobject);
Begin
Edit1.Text:=DateToStr(now);
End;
Procedure Tform1.Timer2Timer(Sender: Tobject);
Begin
Edit2.Text:=TimeToStr(now);
End;
Timer компоненті арқылы ағымдық мерзім мен уақытты шығару
Мысал. Формаға Edit мәтіндік өріс компонентін қойып, 10 секунд уақыт аралығында қолданушының қанша символ тергенін анықтайтын қосымша жасаңдар.
Шешуі: Таймердің Interval қасиетінің мәнін 10000- ға тең етіп қоямыз да, төмендегідей қосымша интерфейсін жасаймыз.
Пернетақталық жаттықтырғыш жобасының интерфейсі
“Старт” батырмасының OnClick және Timer-дің OnTimer оқиға өңдеушілеріне төмендегідей код жазамыз.
Procedure Tform1.BitBtn1Click(Sender: Tobject);
Begin
Timer1.Enabled:=true; Edit1.Enabled:=true;
Label3.Caption:='';
End;
Procedure Tform1.Timer1Timer(Sender: Tobject);
Var k:integer;
Begin
K:=length(edit1.Text);
Timer1.Enabled:=false;
Edit1.Enabled:=false;
Label3.Caption:=’10 сек-та '+inttostr(k)+' символ тердіңіз'
End;
Дайын қосымшаны орындату нәтижесі төмендегідей болады.
Ауыстырғыш
Ауыстырғыш RadioButton компонентімен ұсынылады. Сәйкесінше басқару элементі мәтіннің тақырыпшасы шеңбер түрінде белгіленеді. (таңдалған жағдайда бұл шеңбердің ішінде қара нүкте пайда болады).
Ауыстырғышты таңдаған кезде тәуелді қосқыш болады, яғни бір ауыстырғышты таңдаған кезде, басқалары таңдалмаған болып келеді.
Топтан бір ауыстырғышты таңдағанда жалаушаға қарағанда оның күйін қайта шерту арқылы өзгерте алмаймыз. Таңдалған ауыстырғыштар алып тастау үшін сол топтан басқа ауыстырғышты белгілеуіміз керек.
RadioGroup тобының ауыстырғыштары басқа да басқару элементтер түрлерін қабылдайды.
Ауыстырып қосқыштың басқару саны мен аттарын, Items мәнінің көмегімен шығарылады, яғни топтағы әр ауыстырып қосқышқа кіруге болатындай жасайды. Массивте есептік жол 0 басталады: Items[0], Items[1] және т.б. Add мен Delete арқылы жолдарды монипуляциялауға мүмкіндік береді.
ItemIndex мәні арқылы әр ауыстырып қосқышқа рұқсат алуға болады. Топтағы осы уақытта таңдаулы ауыстырып қосқыштың номері беріледі. Осы күй таңдаулы ауыстырып қосқышқа немесе анықтауға қойылады. Үнсіз жағдайда ItemIndex мәні -бір болады.
Columns бағана санын береді, топта ауыстырып қосқыштар қанша
Бағанадан тұратынын көрсетеді.
Ауыстырып қосқыштар белгілі бір жиынның ішінен қандай да бір мәнді таңдауға мүмкіндік жасайды. Ол қосылған күйде немесе қосылмаған түрде болады. Ауыстырып қосқыштармен жұмыс жасау үшін Delphі-де RadіoGroup компоненттері қызмет етеді. Ол компоненттер палитрасының Standart бетінде ( пиктограммасы ) орналасқан. Бұл компоненттің мына қасиеттерін қарастырайық:
Сhecked –жалаушаның күйін анықтау қасиеті;
Іtems– ауыстырып қосқыштар саны мен олардың атауларын басқару;
Columns– ауыстырып қосқыштарды баған бойынша орналастырады немесе бағандарға бөледі;
ІtemІndex– жеке ауыстырып қосқыштарға рұқсат алу үшін пайдаланатын қасиет.