Жұмыстың мақсаты: Paint, Corel Draw, Photoshop графиктік редакторларымен жұмыс істеуді үйрену. Әр түрлі графиктік редакторларда графиктік объектілерді құруды, безендіруді, сақтайды және түзетуді үйрену.
1. Paint графиктік редакторы Графиктік бейнелермен жұмыс істеуге арналған қарапайым және аса кең таралған бағдарламалардың бірі Windows оерациялық жүйесінің тобына жататын американдық Microsoft фирмасының Paint графиктік редакторы. Microsoft Paint растрлі графиктің бір терезелі редакторынан тұрады, оның көмегімен қарапайым бейнелерді құруға, редактрлеуге болады және де оларды аса кең таралған BMP, JPEG, GIF форматтарында сақтауға болады. Редактордың ерекшелігі тек қана бір файлмен бір уақытта жұмыс жасау болып табылады. Құрылған суреттерді баспаға шығаруға, Windows жұмыс үстелінің фоны ретінде қолдануға болады, немесе басқа құжаттарға апарып қондыруға болады. Paint сонымен бірге бейненің өлшемін, өзгертуге, көлбеулікті, бұрылуды, созылуды және кескіндеуді орындау мүмкіндігін береді.
Paint құралдарының көмегімен растрлі үлгідегі қарапайым геометриялық фигураларды (түзу, дөңгелек, эллипс және т.б.) құруға болады, сонымен қатар Windows-тың шрифтер жиынын қолдана отырып суретке мәтін қосуға болады. Microsoft Paint бейнені «салу» процесіне және дайын фрагменттерді жинақтауға бағытталған және күрделі графиктік жұмыстарды, атоматтандырылған жобалауды, фото суреттерді редактрлеуді жүргізу үшін қолданылмайды.
Paint қосымшасының терезесі келесі бөлімдерден тұрады: құрал саймандар панелі; палитра; басты тізбелік; форматтау панелі.
Суретті қарап шығу аймағы. Барлық сурет – олар нүктелер жиыны. Егер масштаб 100% болса, онда нүктелер көрінбейді. Нүктелер масштаб 400% және одан көп болғанда көріне бастайды. Масштабты үлкейту үшін масштаб батырмасын басу керек немесе «Рисунок» тізбелігінен «Масштаб» командасына бару керек. «Сетка» режимінде суретті нүктелер арқылы түзетуге немесе қарындашпен жөндеуге болады. Суретті көлденеңінен және тігінен созуға болады, оны «Рисунок» тізбелігінде 1* дейінгі дәлдікпен бұрылу бұрышын бере отырып бұруға болады.