Мысалы:
PROGRAM A(input, output);
VAR
x, y, z:string[10];
a, b, c: real;
m, n: integer;
BEGIN
x:=’f’;
y:=’j’;
z:=’jan’;
a:=23.5;
b:=23.456789;
m:=1444;
n:=6785;
WRITE(x:2, y:2, z:4, a:5:2, b:9:6, m:6, n:5:0)
END.
Программа тақырыбындағы жақша ішіндегі екі сөз (input, output) керекті мәліметтер пернелерден енгізілетінін, ал нәтиже экранға шығарылатынын мәлімдейді. Паскальдың стандарты бұл екі сөзді жазуды міндетті түрде талап еткенімен Паскальда оларды жазбауға рұқсат етілген, сондықтан мысалдарда бұл параметрлерді көрсетпейміз. Енгізу және шығару операторлары іс жүзінде барлық программаларда қолданылады.
Delphi ортасында сызықтық алгоримтдерге есептер шығару
Қарапайым алгоритмдік құрылым операцияның сызықтық жүру реті болып табылады. Мұндай алгоритмдік құрылымның программалық жүзегеасуын сызықтық программа деп атайық. Сызықтық алгоритм және сызықтық программа қарапайым есептерді шешуге арналған. Онда бірнеше мүмкін альтернативалардың ішінен таңдауы және қандай да бір операциялардың циклдік қайталануы қарастырылмаған.
Мысалы: Герон формуласы бойынша а, в, с қабырғаларымен берілген үшбұрыштың ауданын есептеуге арналған программаны құру керек.
Параметрлі цикл операторы
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
Қайталану саны алдын-ала белгілі цикл
Қайталану саны алдын-ала белгісіз цикл (шартты циклдер)
Есеп. 1-ден 8-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару . (a-дан b-ға дейін).
Ерекшелігі: бірдей амалдар 8 рет орындалады.
4. Жаңа тақырып түсіндіру.
Қайталану саны алдын-ала белгілі болған кезде for операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, себебі қайталау саны функция аргументі (айнымалы) сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
Параметр өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады. Оператор For сөзінен басталатын тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады.
Алгоритмдік тілде:
Үшін Х бастап Хбас дейін Хсоң қадам Хқад
Цб
Цикл денесі
Цс
Егер қадамның мәні 1-ге тең болса, онда қадам қызметші сөзін жазбауға болады.
Паскаль тілінде:
1/ for X:=Xбас to Xсоң do қадам X = 1-ге тең
Begin
Цикл денесі
End;
2/ for X:=Xбас downto Xсоң do қадам X = -1-ге тең
Begin
Цикл денесі
End;
Мұндағы Xбас , Xсоң – цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндерін
Анықтайтын өрнектер;
For … do — цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер;
For – үшін, to — дейін , do – орындау, downto – кері қарай деген мағынаны береді.
Осы бойынша есептің программасын құрамыз:
Program qq;
Var i, i2, i3: integer;
Begin
For i:=1 to 8 do begin
I2 := i*i;
I3 := i2*i;
Writeln(i:4, i2:4, i3:4);
End;
End.
Айнымалысы кеміп отыратын цикл үшінЕсеп. 8-ден 1-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару. (кері қарай есептеу).
Ерекшелігі: цикл айнымалысы кеміп отыруы керек.
Шығарылуы:
Ерекшеліктері:
Цикл айнымалысының мәні бүтін немесе символдық типті болуы керек (integer,char немесе longint)
Цикл айнымалысының өзгеру қадамы қашанда 1-ге (to) немесе -1-ге (downto) тең
Егер цикл денесінде бір ғана оператор болса, begin мен end сөздерін жазбай кетуге болады:
Егер соңғы мән алғашқы мәннен кіші болса, (to) циклы бірде бір рет орындалмайды (шартты циклдың басында тексеру, шартты алдын ала тексеретін цикл)
Цикл денесінде цикл айнымалысын өзгертуге рұқсат етілмейді (неліктен?)
Алғашқы және соңғы мәндер өзгертілгенімен цикл ішіндегі қадамдар саны өзгермейді:
N := 8;
For i:=1 to n do begin
Writeln(‘Салем’);
N := n + 1;
End;
Достарыңызбен бөлісу: |