Берілген мәндерді экранға шығару. Show Message процедурасыDelphi-де берілген шамаларды Мәліметті көрсету (Show Message) процедурасының терезесіне шығарады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі: Show Message(s);(2)
мұндағы s - жолдық типті өрнек, егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын (11-кесте) енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін: Show Message(FloatToStr(s));(3)
Show Message(FloatToStrF(s,ffgeneral,7,3));(4)
11 – кесте. Стандартты типті түрлендіру функциялары
Функция
|
Орындайтын іс - әрекеті
|
StrToFloat(x)
|
Кескіні жолдық типті болатын х нақты санын қалпына келтіру
|
FloatToStr(x)
|
х нақты санын жолдық типті ету
|
FloatToStrF(x,f,s,o)
|
х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіру. Мұндағы f - кескіндеу форматы, көбінесе ffGeneralнеffFixed түрінде жазылады; s-барлық цифрлар саны (дәлдік); о- ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мысалы, FloattostrF(x,ffFixed,7,3)
|
StrToInt(x)
|
Кескіні жолдық типті х бүтін санын қалпына келтіру
|
IntToStr(x)
|
Х бүтін санын жолдық типті ету (IntToStr - Integer to String, т.с.с.)
|
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.
Мысал:
Компоненттер тақтасының SYSTEM бетінде орналасқан TTimer компонентін пайдаланып, формада жүріп тұрған электрондық сағатты көрсету үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |