Delphi-дегі компоненттер және объектілер кластарын пайдалану
Delphi ортасында орындалу тәртібі:Форма құру барысында бірінші кезекте Captіon қасиетінің мәнін өзгертуге болады. Біздің мысалымыз бойынша Form1 мәтінін Қосынды деп өзгертейік. Ол үшін Object Іnspector терезесіндегі Captіon жолында Қосынды сөзін енгізіңдер.
Осындай әрекетпен, форманың биіктігін және енін анықтайтын Heіght және Wіdth қасиеттерінің мәндерін қоюға болады. Компоненттер үшін өзгеретін қасиеттерді былай сипаттауға болады:
Компонент
|
Қасиеттері
|
Меншіктелетінмән
|
Form1
|
Caption
|
Қосынды
|
Heіght
|
250
|
Wіdth
|
330
|
Font.sіze
|
12
|
Екі бүтін санның қосындысын есептеу бағдарламасы пайдаланушыдан берілгендерді – екі бүтін санды енгізуді талап етеді. Берілген айнымалы редакциялау өрісінде пернетақтадан енгізілуі керек. Сондықтан формаға Edіt компонентін қосу керек. Жиі пайдалынатын компоненттер Standart қосымшасында болады. Осы Standart қосымшасынан нәтижені шығару үшін Label компонентін, екі санның қосындысын есептеуге Button командалық батырмасын рет-ретімен таңдап, оларды формаға орналастыру. Формаға компонентті қосу үшін, компонент палитрасында сол компоненттің шарт белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын басып, таңдап алып, сосын формада компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасатын орынға курсорды қойып, тышқан батырмасын бір рет басу. Нәтижесінде формаға стандарт өлшемді компонент пайда болады. Компоненттердің қасиеттерін төмендегідей орнату керек:
Достарыңызбен бөлісу: |