Мазмұндама Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу. Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау



бет17/29
Дата25.01.2023
өлшемі299,81 Kb.
#166350
түріМазмұндама
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
1пк

Форма қасиеттері. Формада программа мен пайдаланушы арасындағы интерфейсті (өзара іс-әрекетті) қамтамасыз ететін компоненттер болады. Мұндай компоненттерді негізгі компоненттер деп атаймыз, олардың құрамында:
Label– мәтінді шығару өрісі;
Edit – енгізу/редактор өрісі;
Button – командалық батырма;
CheckBox – таңдаудың тәуелсіз батырмасы;
RadioButton – таңдаудың тәуелді батырмасы;
ListBox – таңдау тізімі;
ComboBox– таңдаудың қосарланған (тәуелді, тәуелсіз) тізімі.
Қасиет(сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Қасиеттер тізімі обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Обьект инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Қасиеттер (Properties) және Оқиғалар (Events). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
Оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында Onпрефиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған, бұл – атаудың Оқиға екендігін білдіретін белгі. Мысалы, Формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35. Delphi-де программа (жоба) екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1атау берілетін жоба файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль, олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ал терезені - программалық код терезесі немесе редактор терезесі деп те атайды. Жалпы, Формадан код терезесіне өту және код терезесінен Формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.

Delphi ортасында программа құруүрдісі келесі кезеңдерден тұрады:


Ø Форма құру;
Ø Кодтау үрдісі;
Ø Компилляция;
Ø Тестілеу.
Алдымен Форма терезесінде программаның формасын құру керек, ол үшін Формаға программалауға қажетті компоненттерді орнатып, оқиғасының өңдеуші процедурасын жазу қажет, содан кейін Формаға орнатылған әрбір компоненттің қасиеттерінің мәндерін беру керек. Программалауда негізгі жұмысты оқиғаны өңдеуші процедуралар орындайды.
Программа негізгі информацияны - енгізу өрісінен (Edit компоненті), таңдау тізімінен (ListBox компоненті) немесе қосарланған тізімнен (ComboBox компоненті) алады. Логикалық типтің мәндерін енгізу үшін CheckBox пен RadioButton компоненттерін қолдануға болады.
Программа нәтижесін Мәтінді шығару өрісіне (Label) – немесе Хабарлау терезесіне (MessageDlg функциясы) шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет