Мазмұндама түрлерi Жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерi а Диктан жұмысына қойылатын талаптар


Бекiту сабағы оқушылардың қазақ тiлiнен күнделiктi алған бiлiмдерiн нығайтып отыру үшiн керек



бет2/6
Дата20.06.2018
өлшемі489 Kb.
#43344
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6

3. Бекiту сабағы оқушылардың қазақ тiлiнен күнделiктi алған бiлiмдерiн нығайтып отыру үшiн керек.

4. Семинар сабақ бiлiм мен бiлiк және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргi-зiледi.

5. Пресс-конференция сабағы оқушылардың iскерлiгi мен танымдық белсендiлiгiн арттыру мақсатында жүргiзiледi.

6. Практикум сабақ тiлдiк материалдарға жаттықтыра түсу мақсатында өткiзiледi.

7. Тексеру сабағы оқушылардың қазақ тiлiнен алған бiлiмдерi қаншалық меңгерiл-гендiгiн байқатады.

8. Сынақ сабақ қазақ тiлiнен алған бiлiм мен дағдысын бiр жүйеге түсiру мақсатын-да жүргiзiледi.

9. Талдау сабағы оқушылардың ауызекi тiлiндегi және жазба жұмыстарындағы жiберген қателерiн талқылау үшiн қажет.

10. Қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастырады.




Қазақ тiлi сабағының құрамы қандай болу керек?


Қазақ тiлiнен өтiлетiн сабақтың негiзгi топтары сабақ құрылымдары элементте-рiнiң жиынтығы болып табылады. Сабақтың бұл құрылымдық элементтерi әр түрлi әдiстемелiк жүйе бойынша iске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтерi тәлiм-тәрбие берудiң мақсатына, материалдың өтiлу тәртiбiне, өзiндiк белгiлерiнiң санына, оқушының дайындық дәрежесiне қарай ауысып отырады. Мұғалiм әр сабақтың құрылымдық элементтерiн түрлi бағытта iске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзiндiк белгiлерi ауырлау болған кезде, яғни 5-тен артық болған уақытта мұғалiм оларды түрлендiрiп, оқушыларды өз бетiнше iздендiрiп, дамытып орындауға жұмылдырады.

Шебер мұғалiмдер әр сабақтың құрылымдық элементтерiн түрлi бағытта iске асырады. Жаңа сабақты сыныпта меңгертiп, үй тапсырмасын бермеу мақсатында сабақтың құрылымдық элементтерiн төмендегi жұйемен алып барады. Өткен ма-териалдарды еске түсiре отырып, жаңа материалды жан-жақты меңгертедi. Оқулықтағы материалдар оқушыларға дауыстап оқытылады. Сонан соң жаңа материалға сай жаттығу жұмыстары жүргiзiледi. Оқушылардың түсiнiп, меңгеруiнiң мөлшерiн есептей отырып, нәтиже берсе, үй жұмысын орындамауға болады. Осы тәрiздi сабақты бiрiккен сабақ түрiмен де iске асыруға болады.


Қазақ тiлi сабағының құрылымдық элементтерi:

  1. Өткендi еске түсiру.

  2. Тақырыптың көлемi мен жүйесiн түсiндiру.

  3. Бекiту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстары.

  4. Үй тапсырмасын беру.

  5. Үй тапсырмасын тексеру, өтiлгендi сұрау.

  6. Оқушылар жұмысына барлау жасау.

  7. Оқушылар еңбегiн бағалау.

Сабақтың бұл тәрiздi құрылымдық элементтерi iстелетiн жұмыстың мақсатына, материалдық көлемi мен жүйесiне қарай жүзеге асырылады. Жазба жұмыстарын жүргiзу, түрлi талдау жұмыстарын жүргiзу және дидактикалық материалдармен жұмыс iстеу барысында түрлiше уақытта әр түрлi жұмыс тәртiбiн және түрлi әдiстер мен тәсiлдер жүйесiн пайдалануды керек етедi. Сабақты тиiмдi де құнды әдiстермен өткiзу және оны жүйелi де жоспарлы жүргiзу сабақ элементтерiнiң толық қатысуына мүмкiндiк жасайды.

Қазiргi педтехнология талаптары оқушыға бiлiм берудiң ең тиiмдi, ұтымды жақтарын таңдап алуды қажет етiп отыр, сондықтан үнемi жетiлдiру, дамыту, толықтыру сабақ сапасын арттырады, оқушыны да, ұстазды да шығармашылыққа жетелейдi.


Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасын беру – қазақ тiлiн оқыту процесiндегi ең басты да қажеттi сабақтың құрылымдық элементтерiнiң бiрi. Оқушылардың теориялық бiлiмдi жете меңгермеуi көбiнесе үй еңбегiн дұрыс ұйымдастырмаудың нәтижесiнде болады. Үй жұмысы мен сынып жұмысының арасында байланыс үнемi сақталуы керек. Үй тапсырмасының көлемi оқушыларға оншалық ауырлық, қиындық тудырмайтын-дай дәрежеде және өткен тақырыпқа орай болуы қажет. Қазақ тiлi бойынша өтiлетiн үй еңбегi белгiлi параграфқа анықтама, ережеге және оқулықтағы теория-лық материалдарға сай жүргiзiледi. Жазба жұмыстарының қатар жолдары 5-сы-ныпта 7-ден 8-ге дейiн, 6-сыныпта 9-дан 11-ге дейiн, 7-сыныпта 12-ден 15-ке дейiн, 8-сыныпта 16-дан 20-ға дейiн, 9-сыныпта 21-ден 25-ке дейiн, 10-сыныпта 26-дан 30-ға дейiн, 11-сыныпта 30-дан 35-ке дейiн болады.

Қазақ тiлiне байланысты жүргiзiлген әдiстемелiк эксперименттiң жақсы нәтижелерiне қарағанда, үй тапсырмасын беру әр сыныпта оқушылардың төмендегi уақыт iшiнде, орындай алу мүмкiндiктерiн ескере отырып берудi мақұлдайды. 5-сыныпта 25-30 минут iшiнде, 6,7-сыныптарда 31-35 минут iшiнде, 8,9-сыныптарда 36-40 минут iшiнде орындай алатындай еңбектер тапсырылады.

Мазмұнына қарай үй тапсырмасы фонетикаға, лексикаға, дыбыс жүйесiне, орфографияға, синтаксиске және тiл ұстартуға байланысты берiледi. Сонымен бiрге үй жұмысы бiр сабақ материалына және бiрнеше сабақ материалына тиiстi жүргiзiлуi мүмкiн. Яғни, бұл жаттығу жұмысы бекiту, пысықтау, қайталау және қорытындылау сабақтарына қарай тапсырылады. Белгiлi бiр тiлдiк құбылысқа орай берiлген үй еңбегiн үнемi қадағалап, тиянақты түрде орындалуын тексерiп отырған жөн. Үй еңбегiне берiлетiн дағдыландыру жұмыстары көшiрiп дұрыс жазу, буынға ажырату, сөздердi сөйлемге бiрiктiру, талдау, терiп жазу, шығарма, әңгiме жазу, мәтiн құрастыру т.б. түрiнде тапсырылады. Сынып жұмысына қарағанда үй жұмысының көлемi кеңiрек, аумағы көлемдiрек, оқушыны шығармашылыққа, өз бетiмен жұмыс iстеуге жетелейтiн болу керек.

Мысалы: конспектiлер, сызбалар мен кестелер жаздыру; қолкөрнекiлiк, үлестiрме парақшалар жасау, тiлдiк тапсырмалары бар мазмұндамалар мен шығармалар жаздыру, көркем әдебиеттен анықтама, ережеге байланысты мысалдар таңдау тәрiздi жұмыстар.

Үй тапсырмасын орындау – күрделi еңбектiң бiр түрi. Оқушы үй тапсырмасы-ның шартына түсiнбегендiктен, қызықпағандықтан, жалқаулықтан және ауырып қалғандықтан қате орындайды немесе тiптi орындамайды. Сондықтан үй еңбегi белгiлi бiр мақсатқа бағытталып, шарты дәл көрсетiлсе жақсы.



Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексерудiң теориялық бiлiм мен практикалық дағдыны меңгертуде рөлi үлкен. Тапсырманы жүйелi тексеру нәтижесiнде оқушы мұғалiмнен әр түрлi кеңес алады және ол туралы естiген, бiлгендерi мықты есте сақталады. Үй тапсырмасын тексеру әр түрлi әдiстермен жүргiзiледi.

1.бiрнеше оқушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау;

2.бiрнеше оқушыларға карточкадан мысалдарды дәлелдеу;

3. талдау жүргiзу;

4. үстелдiң жанына дәптерiмен шақыру тәсiлi;

5. ашық дәптердегi жазылғандарын барлау;

6. теориялық мәлiмет сызбаны қайта сызып көрсету;



  1. ережелердi уақытпен жатқа жаздыру.


Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекiлiктер

Көрнекiлiк - әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге қиын, көп күш жұмсауды керек ететiн мәселелердi жеңiл, тез, оңай меңгерту, түсiндiру, таныту үшiн көрнекiлiктi қолданады.

Әдебиет пәнi сабағында мынадай көрнекiлiктер пайдаланылады: 1) сөздiк көрнекiлiк; 2) заттық көрнекiлiк; 3) сызбалық көрнекiлiк; 4) суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк.

Сөздiк көрнекiлiк. Басқа пәндерден гөрi әдебиет сабағында жиi қолданылатын көрнекiлiк. Сөз арқылы жазушы кейiпкер бейнесiн, оның қарым-қатынастық көрiнiстерiн, табиғат суретiн әсем кестелеп, көркемдеп, оқырманына жеткiзе бiле-дi. Олай болса, жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тiл ерекшелiгiн, шығарма көркемдiгiн, кестелi суреттердi, кейiпкерлердiң өзiндiк, даралық ерекшелiктерiн, сол туындының өзiне, одан алынған дәйектi мысалдарға сүйену, жүгiну, үзiндi келтiру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендiруге болады. Сөздiк көрнекiлiктiң жүйесiн дұрыс қолданғанда ғана оның тиiмдiлiгiн арттыра аламыз. Сөздiк көрнекiлiктi шартты түрде бастамалы, сипаттамалы, дә-лелдемелi, жинақтамалы деп төртке бөлiп қарастыруды жөн деп есептеймiз.

Жазушының өмiр жолы мен шығармашылығын өтер алдында шығармадағы кейiпкерлердi талдау үшiн сол жазушының өз шығармаларынан немесе басқа жа-зушылар туындыларынан алынған, өтiлгелi отырған сабақ тақырыбының мән-мазмұнын ашуға септiгiн тигiзетiн, оқушы ойына қозғау салатын немесе оның тақырыпқа деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыруға бастама бола бiлетiн материалды, тақырыпты бастауға негiз етiп алынатын үзiндiлердi бастамалы сөздiк көрнекiлiк деймiз.

Сөздiк көрнекiлiктiң iшiнде ерекше орын алатыны – дәлелдемелiк көрнекiлiк. Мұнда жоғарыда айтылған көрнекiлiктер сияқты жетекшiлiк сөлдi тек мұғалiм ғана атқарып қоймайды, оқушы да тiкелей қатысып, араласып, белсендi iс-әрекет атқарады. Оқушының өздiгiнен, дербес жұмыс iстеуi әдеби танымының дұрыс қалыптасуына ықпал етедi. Бұл жерде мұғалiм де, оқушы да дәлелдеуге алған әрбiр мысалына мұқият жауапкершiлiкпен қарап, ол келтiрген мысалдар, айтылған, айтылайын деп отырған немесе бұрыннан айтылып келе жатқан ой-пiкiрдi, тұжырымды айқындап, нақтылай түсетiн, ой желiсiне тiрек бола алатын үзiндiлер болған жөн.

Мұғалiм талдап отырған тақырыбын, ондағы айтылатын ойдың қорытынды түйiнiн жинақтап, оқушы назарын сол негiзгi тұжырымды пiкiрге аударып отыруы керек. Осындай оқушы ойын бiр нысанаға бағыттау үшiн мұғалiм сабақ соңында өз баяндауын қорытындылай, баяндай келiп, пайдаланылатын мысалдар, дәлел, үзiндiлерiн сөздiк көрнекiлiктiң жинақтамалы түрi деп атаймыз.



Әдебиет пәнi сабағында сөздiк көрнекiлiктi қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытуға, ой-қиялын жетiлдiруге, әрбiр сөзге мән бере қарауға, сөздi, сөйлемдi орнымен қолдануға, сөз мәнiн дұрыс түсiнуге, айшықты, көркем, тартымды сөйлеуге, ойын орынды дәлелдермен жеткiзе бiлуге үйрететiн боламыз.

Сөздiк көрнекiлiкке қойылатын талаптар:

  1. Мұғалiм қолданған әрбiр мысал, үзiндi, шығарма мәнiне толық сай, сәйкес келуi керек.

  2. Алынған, келтiрiлген әрбiр сөздiң мәнi, ұғымы оқушыға түсiнiктi болуы тиiс.

  3. Мұғалiм келтiретiн мысалдарын баяндаумен үйлесiмдi қолдана бiлуi керек.

  4. Мұғалiмнiң шығармадан алған мәтiнi ойды түсiндiруге көмек ететiн айқын, мәндi, көркем болуы тиiс.

  5. Алынған мәтiн екiұшты пiкiр тудыратын болмауы керек.

  6. Алынған мысалдар даулы пiкiрлердi шешуге көмек ететiн дәйек бола алуы тиiс.

  7. Мұғалiмнiң келтiрген үзiндiлерi беделдi, танымал, ұлағатты ғалым адамдардiкi болғаны жөн.

  8. Бiр сабақтың үстiнде келтiрiлген мысал, үзiндiлердiң қайталануынан қашуымыз керек.

  9. Алынған мысал, үзiндiлер мүмкiндiгiнше еңбектiң соңғы нұсқасынан алынған жөн.

Заттық көрнекiлiк. Бұл көрнекiлiктiң оқушылар үшiн тарихи-тәрбиелiк мәнi ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмiр тәжiрибесiне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершiлiк санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететiн болады. Заттық көрнекiлiк жазушының өмiр жолын, шығармашылық iзденiсiн, әлеуметтiк ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекiлiк жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, мұрағаттық құжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлi қойылымдарды, көрiнiстердi, жазбаларды, мұражай дүниелерiн қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегiне, өмiр жолына деген құрметтi, iлтипатты, ынталықты, қызығушылықты арттырамыз. Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусiз ғана нәрсе сияқты. Ал оқу-тәрбие iсi үшiн үлкен мәнi бар. Бағдарлама бойынша өтiп отырған жазушы қолтаңбасының жазылу тарихы, оның мәнi, жазушы өмiрiнiң елеусiздеукөрiнетiн бiр кезеңiн көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық шеберханасының iзiн байқау үшiн ерекше мәнi бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейiннен неден шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетiлiп, қайтiп суреттелген, жазушы шығар-масының жазылуына орта қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап iздей отырып, жазушы шеберханасының жасырын сырларын аңғаратын боламыз.

Заттық көрнекiлiктерге қойылатын талаптар:

  1. Ұсынылған заттардың табиғилығы.

  2. Заттардың нақтылығы, айқындылығы.

  3. Жазушы өмiрiне сәйкес келуi.

  4. Заттардың, қолтаңбалардың тарихилығы.

Сызбалы көрнекiлiк. Бұл – шығарма кейiпкерлерiнiң өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесiн, рухани өмiр жолының даму барысын, тiлдiк, портреттiк сипаттамалары арқылы берiлген мiнез ерекшелiгiн, жазушының өмiр жолы мен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құрылыстардың үндестiгiн, тамырластығын, жазушы өмiр сүрген оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғаруға арналған сызба арқылы көрсетiлетiн көрнекi құрал. Шығармадағы оқиға желiсiнiң қазығы болып табылатын басты кейiпкер арқылы басқа кейiпкердiң iс-әрекетi, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгiлi. Осы бiр мәселенi көрнекi құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетiп айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкiн. Сондай жағдайда сызбалы көрнекiлiктiң көмегi ерекше.

Сызбалы көрнекiлiктi шартты түрде үшке бөлiп қарастыруымыз керек: 1) схе-ма. 2) таблица. 3) карта.



Схемада тек адамдар (кейiпкерлер) тiзбегi берiледi, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетiледi. Ал, таблица жазушының өмiр жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзiмдерiн, жеке кейiпкерлердiң тiлi, портретi арқылы мiнезiндегi ерекшелiктерiн көрсетудi мақсат тұтады. Карта жазушы жүрiп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналған. Сабақта схема, таблица қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның iшкi байланысын толық түсiнуiне жағдай жасау көзделедi. Сызбалы көрнекi құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесiн, жазушының өмiрiн, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бiрлiгiн, тiл ерекшелiктерiн, мiнез айырмашылықтарын, оның өмiр сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желiсiн, шығармалардың әлемге танылу аймағын көрсете аламыз. Оқушының көру қабiлетiне, қабылдауына тiкелей ықпал етемiз. Танымын кеңейтемiз.

Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк. Бұл көрнекi құрал тек көрнекiлiк қызмет атқарып қоймайды, сонымен бiрге өнердiң бiрлiгiн, сабақтастығын да танытуға септiгiн тигiзедi. Мұнда сурет туындылары жалаң алынып қана қоймастан, әдеби шығармалармен бiрлiкте алына отырылып, осы екi өлеңнiң туыстас қасиетiмен бiрге өнер тiлдерiнiң өзiндiк даралықтары да барлығын, әрқайсысы құбылысты өзiнше пайымдап, өзiнше көркемдеп бейнеленетiндiгiн оқушы түсiнетiн, ұғынатын, саралап танитын болады. Портрет, плакат, иллюстрация тiлi - өзiндiк дара тiл. Олар бояу арқылы сөйлеп, өрнек тудырады, көркем бейне жасайды. Өнердiң бұл туындылары бiр жағынан көркем шығармалармен сабақтасып, байланысып, ерекше бiр жүйе түзетiнi де болады. Суреттi-түсiндiрмелi көрнекi құралды қолдану үстiнде осындай бiр бiрлiк тұтастығын оқушыларға сездiре отырып, олардың эстетикалық сезiмi мен танымының дамуына ықпал ететiн боламыз.

Бұл көрнекi құралдарға қойылатын талаптар:

  1. Көрнекi құралдағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрiнетiн болуы керек.

  2. Әрбiр көрнекi құрал өтiлетiн тақырыпқа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиiс.

  3. Көрнекi құрал тартымды безендiрiлген, бояулары айқын болғаны жөн.

  4. Көрнекi құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтiн, сурет ерекше бояумен берiлуi керек.

  5. Бiр сабақта бiр не екi ғана көрнекi құрал қолданылуы тиiс.

  6. Көрнекi құралда бiр мәселенiң қайталануынан сақ болу керек.

  7. Көрнекi құралда жүйелiлiктiң, хронологиялық реттiң сақталуын қатты қадағалау.

  8. Көрнекi құралда берiлген әрбiр мысал тексерiлген, дау тудырмайтын, түсiнiктi, өтiлiп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетiн болуы керек.

  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).

Көрнекiлiктi даярлау, пайдалану кезiнде басшылыққа алатын негiзгi ұстанымдар:

  1. Өтiлейiн деп отырған материалды оқушылардың жеңiл меңгеруiне ықпал, көмек ететiн болуы керек.

  2. Оқушылардың ынтасын, қызығуын, белсендiлiгiн арттыратын болуы тиiс.

  3. Оқушының материалды есiнде, жадында дұрыс сақталуына мүмкiндiк жасайтын болуы керек.

  4. Оқушының байқау, бақылау, көру сезiмiн жетiлдiруге жәрдем ететiн болуы тиiс.

  5. Оқушылардың ойлау қабiлетiн, танымын дамытатын болуы керек.

  6. Оқушылардың өткен әрбiр материалды талдай, саралай бiлуiне, тақырып iшiндегi қосалқы материалдан негiзгi ойды ажырата алуына көмектесуi керек.

  7. Оқушының өздiгiнен, дербес жұмыс iстей бiлу әрекетiне қозғау салып, жол көрсетуi керек.

  8. Көрнекi құрал оқушыны шығармашылықпен ойлауға жетелейтiн болуы керек.

  9. Мүмкiндiгiнше көрнекi құрал өтiлейiн деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.

  10. Көрнекi құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтiндей етiп жасау (iлiп қою, алу, қайта пайдалану).


Жазба жұмыстарын үйрету жолдары

Әдебиет сабағынан шығарма жазу - әдебиеттi оқыту процесiнiң сапаға айналған нәтижесi болып табылады. Мұғалiмнiң педагогтiк шеберлiгi мен еңбегiн айқындайтын, оқушының әдебиеттiк ұғымын, бiлiмiн байқайтын, сынайтын көрсеткiш.

Оқушылар арасында әлi де шығарма жазып, жоспар құра алмайтын, өз ойын жеткiзе бiлмейтiн, тiл орашолақтары жиi кездесiп отырады. Осындай кемшiлiктердi мектеп бiтiрушi оқушылардың жазған шығармаларынан жиi байқаймыз. Қазiргi уақытта жазу жұмысына қойылатын талаптар күшейдi. Мектеп бiтiретiн оқушылар кәмелеттiк аттестат алу үшiн жазатын шығарма жұмысына берiлген нұсқауда былай делiнген:

“Емтихандық жазба жұмыс – мектеп оқулығын немесе белгiлi бiр библиография-лық-сын мақаланы қайталап, болмаса мұғалiмнiң ой-пiкiрiн өңiн айналдырып жазып беру емес. Оқушының көркем әдебиеттi оқығанда алған әсерiн, жазушының өмiрiмен, шығармашылық жолымен танысқанда бiлген, жалпы әдебиет пәнiн оқуда көңiлiне түйген, таныған, өзiндiк ойлары мен сезiмiн дұрыс жазып беруiн талап ететiн уақыт жеттi. Емтихандық шығарма сапалы болумен қатар, онда әңгiме етiлiп отырған мәселенi терең түсiндiру арқылы эмоционалдық жақтан айқын да анық баяндалуы және нақты пiкiрi әдеби көркем тiлмен берiлуi қажет”.

Әрине, мұндай талапты орындап шығу – бiр күннiң немесе бiр айдың, бiр жылдың iсi емес, бүкiл орта мектеп көлемiнде алған бiлiмнiң ұзақ мерзiмде қол жеткен нәтижесi болу керек. Емтихан уақытында оқушылардың шығарма жазуда жiберетiн, жиi кездесетiн шығарманы қалай бастау керек екенiн бiлмеу, бiрiншi беттi бастағанда алдымен жоспар одан кейiн тақырыпты жазу сияқты кемшiлiктердi болдырмас үшiн шығарманы қалай жазу туралы арнайы нұсқауды негiзге алу жөн. Онда былай делiнген:


    1. Бiрiншi беттiң ортасына жұмыс иесiнiң аты-жөнi жазылады.

    2. Екiншi бетке екi жол төменiрек ашық және айқын етiп тақырып жазылады. Егер тақырып үзiндi болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.

    3. Тақырыптан екi жол төменiрек шығарманың жоспары жазылады.

Мектептегi шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда игi ықпал ететiнi сөзсiз. Олай болса шығарманың негiзгi мақсаты – осы. Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрi болса да өте күрделi ой еңбегi, шығармашы-лық iс. Оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамытып, белсендiлiгiн арттыруда шығарма жұмысы орасан зор мiндет атқарады.

Шығарманың өзiн бiрнеше топқа бөлуге болады:



  1. Оқушының өз тәжiрибесiне, алған әсерiне байланысты.

  2. Еркiн тақырыпқа жазылған шығарма.

  3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Сонда оқушының өмiрден көрген, бақылаған өз тәжiрибесi, өз өмiрiне байланысты, осы негiзде жазған шығармалары бiрыңғай жүйеленедi.

Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгерiп, оған қажеттi материалдарды саралап, тақырыпқа тiкелей байланысы жоқ жанама мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиiмдiлiгiн арттырудың айғағы екенiн мектеп тәжiрибелерiнен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының шығармашылық толғаныспен жазылуы үшiн ең алдымен жазу жұмысының теориялық негiздерiн бiлу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйенi есте сақтау керек:

Әңгiме түрiндегi шығармалардың схемасы.


  1. Кiрiспе (экспозиция)

  2. Негiзгi бөлiм

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленiсiнiң жеткен жерi

б) шешiлуi


  1. Қорытынды (эпилог)

Талдау түрiндегi шығармалардың схемасы.

  1. Кiрiспе (тақырыпқа жүктелетiн мiндет)

  2. Негiзгi бөлiм

а) тақырып көтерген мәселе

ә) ұсынылған дәлелдер

б) цитата түрiндегi мысалдар

в) өзiндiк ойлар



  1. Қорытынды

Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкiн емес. Бiрақ шығарманы талдай бiлу үшiн осы жолдарды бiлу қажет деп ойлаймын. Шығарма жазу үшiн оқушы мынаны бiлген жөн:

  1. Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.

  2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалуы тиiс.

  3. Эпиграф тақырып пен негiзгi идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.

  4. Тақырыпқа байланысты материалды iрiктеген кезде ең негiзгiсiн алу қажет.

  5. Шығарманың ретi мен жүйесiн сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.

  6. Айтатын негiзгi пiкiрлерi шығарманың негiзгi бөлiмiнде болатынын есте сақтау қажет.

  7. Келтiрiлетiн мысалдар, салыстырулар негiзгi пiкiрге байланысты болу керек.

  8. Қорытынды ой негiзгi пiкiрлердiң төңiрегiнде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсiнiктi болуы қажет.

  9. Әр сөйлемдi дәптерге жазар алдында стильдiк қате жiбермеудi ойлау керек.

  10. Ұмытып кетпес үшiн байқаған емлелiк қателер мен тыныс белгiлерiн бiрден қойып, сауатты жазуға, дәптердiң сыртқы көрiнiсiне мән беру керек.

Мiне, осы талаптарды мұғалiм оқушы шығарма жазар алдында үнемi ескеруi қажет.

Қазiргi кезде мектептегi тәжiрибеге қарасақ, оқушылардың шығарма жұмысын тексерудiң екi түрi бар:



  1. Оқушы шығармасындағы кемшiлiктердi мұғалiм өзi түзетедi.

  2. Мұғалiмнiң басшылығымен оқушының өзiне тексерту.

Күнделiктi тәжiрибеден қарап отырсақ мұғалiмдер осы екi жолды қатар пайдаланады. Шығарма жұмысына тексеру кезiндегi олқылықтар емтихан кезiнде өте жиi кездеседi.

Шығарма жұмысын тексергенде қателердi түрлi шартты белгiлер арқылы көрсету дұрыс. Мұның өзiндiк бiр жүйесi бар.

/ - Емле қатесi белгiленедi.

V - тыныс белгiсiнен кеткен қате.

Z – абзац керек деген белгi.

Z – артық қойылған абзац.

? – дүдамал, екiұшты, осы сөйлемдi ойлан деген белгi.

?! – пiкiрдi немесе фактiнi бұрмалаудан кеткен кемшiлiк.

! – осы жерге ерекше көңiл аудар.

~~~ - ауыстыруды керек ететiн, бiрнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.

- стильдiк жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгi.

*** - сөз қалдырып кетсе, түсiнiксiз сөйлемдердi белгiлейдi.

Ендi осы шығарманы мұғалiм тексергенде ненi еске алу керектiгiне назар аударайық:

1. Дәптердiң сыртқы көрiнiсi

а) тазалығы

ә) әрiптердiң дұрыстығы



  1. Логикалық жағы

а) тақырып пен идеяның ашылуы

ә) пiкiрдiң молдығы

б) дәлелдiң дұрыстығы


  1. Пiкiрдiң жүйелiлiгi

а) жоспардың жүзеге асуы

ә) әрбiр бөлiмнiң мөлшерi



  1. Грамматикалық сауаттылығы.

а) емлелiк жағынан

ә) синтаксистiк жағынан



  1. Стилi

а) сөйлемдердiң дұрыстығы

ә) көркемдiгi

Мiне, осы қатемен жұмысты да үнемi оқушыларға ескертiп отырған жөн. Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.
Мазмұндама түрлерi және оған қойылатын талаптар

Көркем мәтiндi меңгертуде жиi қолданылатын жазу жұмыстарының бiрi – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтiндi қабылдап, сол қабылғандарын қайта жаңғыртуға тиiс және естерiнде қалған мәлiметтердi өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады, сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды орынды қолдана бiлуге, жазбаша сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң синтаксистiк құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игi ықпал етедi. Осындай бiлiм дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерiн жүргiзуге болады:


  1. Дайын мәтiн бойынша мазмұндама.

  2. Сурет бойынша мазмұндама.

  3. Аяқталмаған мәтiн бойынша мазмұндама.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет