Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар: тақырыптың ашылуы; тақырып бойынша ой жүйесі; стилі



Дата14.12.2016
өлшемі170,41 Kb.
#3819
түріМазмұндама
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:


  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.


  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.


8 сынып

II тур

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұнын бірнеше сөйлеммен толықтырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

Күздің суық бір күні болатын. Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді. Көмек сұраған тәрізді. Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым. Ол мысықтың баласы екен. Өзі өте кішкентай екен.

    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр. Аяп, үйге алып келдім. Үйде өзімнің мысығым бар болатын. Ол өте сүйкімді болатын. Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім. Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым. Ол жатсынбай, өз баласындай жақсы көріп кетті. Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.  



2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған тақырып бойынша әңгімелеп беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде фонетикалық және құрамына қарай талдау жасаңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

Аудандық олимпиада II тур

8 сынып

2-тапсырманың тақырыптары

  1. Менің үйім

  2. Менің сүйікті жануарым

  3. Менің сүйікті тағамым

  4. Менің сүйікті фильмім

  5. Менің анам

  6. Жан досым

  7. Менің жақсы және жаман қасиеттерім

  8. Менің бос уақытым

  9. Менің сүйікті пәнім

  10. Туған жердің табиғаты

  11. Кімге еліктегім келеді

  12. Сүйікті кітабым

  13. Отбасым. Үй шаруалары қалай бөлінеді

  14. Менің барған қалам

  15. Туған күнім

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:


  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.


  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.


9 сынып

II тур

1

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұнын бірнеше сөйлеммен толықтырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, оған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті.

Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемепті, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.


2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған тақырып бойынша әңгімелеп беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз (тапсырма жазбаша орындалады).

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

Аудандық олимпиада II тур

9 сынып

2-тапсырманың тақырыптары


  1. Менің сүйікті спортым

  2. Демалысымды қалай ұйымдастырамын

  3. Уақытымды ұйымдастыра білемін бе

  4. Арманымдағы мектеп

  5. Менің сүйікті ұстазым

  6. Сүйікті кинокейіпкерім

  7. Сүйікті шығармам

  8. Менің сүйікті ісім

  9. Мен үшін үлгі тұтарлық адам

  10. Досымның келбеті

  11. Менің сүйікті мақалым

  12. Сүйікті мейрамым

  13. Досым қандай болса екен деймін

  14. Кішкентай күнімнен қалған жарқын естелік

  15. Менің сүйікті ойыным

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:


  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.


  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.


10 сынып

II тур

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

Алматы апортының өзіндік тарихы бар. Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді. Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсірген. Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып, баптап-күтіп ала келеді. Алматы жеріне отырғызады.

Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып, жеміс береді. Бір ғажабы, жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Сөйтіп, ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып, көбейтілді. Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.

2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған тақырып бойынша әңгімелеп беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау, бір зат есім, сын есім және етістікке морфологиялық талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз. (тапсырма ауызша орындалады).

2-турдың екінші тапсырмасы

10 сынып


  1. Компьютердің пайдасы мен зияны

  2. Өмірімдегі қызықты оқиға

  3. Менің соңғы саяхатым

  4. Мектептің адам өміріндегі ролі

  5. Экологиялық мәселелер

  6. Мен білетін әзіл әңгіме

  7. Менің сүйікті мақалым

  8. Менің тілдерді үйренуім

  9. Теледидар немесе Ғаламтордағы қызығушылықтарым

  10. Дене шынықтыру туралы ойларым

  11. Отбасымдағы жақсы дәстүрлер

  12. Мектептегі бағаларға қалай қараймын

  13. Маған ұнайтын мамандықтар

  14. Менің өмірімдегі музыка

  15. Үй жануарларына көзқарасым

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:


  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.


  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.


11 сынып

II тур

1. Мәтінді оқып шығып, ат қойыңыз, мазмұны бойынша жоспар құрастырыңыз. Негізгі ой қай сөйлемде берілген деп ойлайсыз? Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады. Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.

    Қойларының денесі кішкентай, жүні аз, еті татымсыздау екен. Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық, үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі, басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек. Еділбай бұл қойларды жеке бағады. Қойлар тез көбейе бастайды. Кейіннен олар бүкіл Қазақстанға тарайды, оларды халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.

Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді. Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ. Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады. Саулықтары көбінесе егіз қозы табады. Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.



2. Үлестірмелі қағаздағы таңдап алған тақырып бойынша әңгімелеп беріңіз (тапсырма ауызша орындалады).

3. 1-тапсырмадағы мәтіннен бір құрмалас сөйлем және бір жай сөйлемге толық синтаксистік талдау жүргізіңіз (тапсырма жазбаша орындалады).

4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні жатқа мәнерлеп айтып беріңіз. (тапсырма ауызша орындалады).

2-турдың екінші тапсырмасы

11 сынып


  1. Компьютерлік тәуелділік

  2. Мені таңқалдырған жайт немесе адам

  3. Болашақ туралы ойларым

  4. Қазіргі заман кейіпкері

  5. Шетелдегі оқуға көзқарасым

  6. Дағдарысты қалай сезіндім?

  7. Еліміздегі өзекті мәселелер

  8. Жақсы маман болу үшін не керек?

  9. Өлең оқығанға қалай қараймын?

  10. Кітап оқу керек пе?

  11. Мектепте оқыған кезең немен есте қалды?

  12. Денсаулығымды қалай күтемін

  13. Әдепті адам дегенді қалай түсінесің?

  14. Қай қалаға (елге) барғым келеді?

  15. Менің қандай өнерім (қабілетім) бар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет