Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§6. Бүтін затты бөлшек бойынша идентификациялау



бет70/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§6. Бүтін затты бөлшек бойынша идентификациялау

Оқиға болған жерде қалған заттардың іздерінің әртүрлі болуына байланысты бүтінді оның бөлшегі бойынша зерттеу механоскопиялық идентификациялау арқылы анықталады.


Бүтін объект ретінде жеке заттар қарастырылады. Мысалы: куртка матасының бөлігі одан ажыратыла отырып жыртылған. Заттарды ортақ пайдаланудан қалған іздері бар заттардың жиынтығы да бүтінді бөлшек бойынша анықтаудың объектісіне жатады; сондай-ақ бір агрегаттың жартысы (бөлігі де) да объект болып табылуы (мысалы: құралының деталі одан бөлініп оқиға болған жерде қалып қойуы) мүмкін.
Бұл объектілерді қарау және сараптық зерттеулер арқылы келесідей жағдайларда: өзара байланысатын бөлшектің бір бүтінге жататындығы туралы мән-жайларды; олардың бөлшекке бөлінуінің себебін (тәсілін); заттардың топтық тиістілігін анықтауға болады. Мұндай зерттеу нәтижелері – қылмысты ашу мен тергеуге маңызды өзара байланысатын мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тергеуші оқиға болған жерден табылған және алынған заттардың бөлшектеріне аса көңіл бөле отырып, олар (бөліктері, детальдары, сынықтары) қандай заттың бөлшектері болуы мүмкін екендігі жөнінде болжамдар жасаулары тиіс. Бұл мәселелерді шешу үшін тергеуші оқиғаның механизмін толық, әрі жан-жақты талдауы қажет. Соның нәтижесінде тергеуші әртүрлі заттардың өзіндік топтық қасиеттерін анықтап алып, ары қарай іздестіру жұмыстарын жүргізу керек. Іздестіру процесінде бөлшектерді, сынықтарды, ұсақ үгінділерді табу мен алу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтар қолдануы тиіс. Бұзу құралдарынан бөлініп қалған металл үгінділерін табу мен алу үшін магнит қолданған жөн. Ал арнайы прототипті шаңсорғышты пайдалана отырып, әртүрлі тор-фильтрлері арқылы көлік құралдарынан бөлініп қалған бояу бөліктерін, үгінділерін жинап алуға болады.
Табылған заттардың топтық қасиеттерін анықтау негізінде олардың жалпы белгілерін зерттеу – табылған бөлшектерді қараудың негізгі мәселесі болып табылады. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған деталь қандай көлік деталіне жатады. Мұндай жағдайларды анықтау кезінде іздестіру жұмыстарын жеңілдету үшін қарастыратын топ құрамын мүмкіндігінше азайтқан жөн. Қараудың бұл кезеңінде мамандармен (товароведтер, инженер-технолог, көлік инженерлері мен т.б.) кеңесу қажет.
Оқиға болған жерден табылған бүтіннің бөлшектері (оның формасы, өлшемі, заттардың сыртқы белгілері мен олардың жасалған материалдары т.б.) масштабты фототүсірілім тәртібі қолданыла отырып фотосуретке түсіріледі. Әсіресе заттардың ұсақ бөлшектері (фардың сынықтары, автокөлік бояуының бөлшектері) өте көп мөлшерде табылған және оны оқиға болған жерде сипаттап суреттеуге немесе бейнелеуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, оны міндетті түрде фотосуретке түсіру керек. Табылған бөлшектердің шеткі жақтары (жиектері) сынып қалмас үшін оған ерекше көңіл бөле отырып, аса сақтықпен буып-түйіледі. Бұл кейіннен табылған бөлшектердің жиектері арқылы салыстырып сәйкестендіру үшін өте қажет.
Сараптамаға әртүрлі жерлерден табылған заттардың бөлшектері немесе заттар және олардан бөлініп қалған бөлшектер жіберіледі. Трасологиямен төмендегідей сұрақтар шешіледі:

  • екі (немесе бірнеше) объект бір бүтін затты құрайды ма?

  • ұсынылып отырған объект (деталь, бөлшек) нақты бір механизмге (агрегатқа және т.б.) жатады ма?

  • ұсынылып отырған заттар белгілі бір жиынтықты (комплектіні) құрайды ма?

  • бұл заттар бір жерде (бір қорапта) бірге сақталды ма, жоқ па?

Бүтінді бөлшек бойынша анықтау кезінде жүргізілетін трасологиялық зерттеулер материалтанушылық: объект жасалған заттардың, лакпен боялған қабаттардың құрамын зерттеумен; объектінің физикалық қасиетін: бейнелеу, электроөткізгіштік қасиеттерін, беріктілігін, құрылысын зерттеумен және т.б. зертеулерімен толықтырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет