Заттар мен материалдардың криминалистикалық сараптамасы келесідей сұрақтарды шешеді: өрт болған жерден табылған сұйықтық пен сезіктіден алынған сұйықтықтың құрамды бір ме; өрт болған жерден табылған объект не зат; берілген ыдыста қандай сұйықтық болды; зерттеуге ұсынылған зат өзінен-өзі жана ма, егер жанса қандай жағдайларда өздігінен жанған және зерттелетін заттың темперетурасы қандай; ұсынылған зат жанғыш сұйықтықтарына жата ма; берілген газ бен қоспаның, яғни зерттелетін жанғыш сұйықтықтың тұтану температурасы қандай; берілген қоспаның жарылуы қауіпті ме; өрттен қалған жалын мен түтіннің түсі бойынша қандай зат жанғанын анықтауға бола ма және ол өздігінен жануы мүмкін бе және т.б.
Жоғарыда аталған сараптамалардан басқа да сараптама түрлері тағайындалуы мүмкін. Атап айтқанда, өрт-технологиялық сараптамасы. Оның көмегімен өрт сөндіру әрекеттерімен байланысты мән-жайларды анықтауға болады. Яғни, нақты өртті сөндіру тактикасы пайда болған өрт жағдайына сәйкес қолданылды ма; өрт-техникалық құралдар мен әдістерді іріктеп алу өрт сөндіру конструкциясы мен өртенген объектінің техникалық жағдайына сәйкес келе ме және т.б.
1 Ескерту: Криминалистиканың үшінші бөлімі криминалистік тактиканың құрылымы туралы қалыптасқан бір көзқарас жоқ екенін білеміз, проф. Е.Ғ. Жәкішевтің көзқарасын ескере отырып, осы оқулық авторларының ойынша болжау, жоспарлау, тергеушінің әртүрлі қызмет түрлерімен өзара байланысы ілімдерін криминалистиканың төртінші бөлімінде қарастырған дұрысырақ.
2 «Тактикалық комбинация», «тактикалық операция» ұғымдарына байланысты криминалистерде бұр ұстанған позиция жоқ. Проф. Е.Ғ. Жәкішевтің көзқарасын ескере отырып, осы оқулық авторлары тактикалық комбинацияны бір процесуалдық іс-әрекет шеңберінде тактикалық әдістердің бірігуі (техникалық, танымдық, ұйымдық), яғни бұл тергеушімен өзге де қызмет түрлерін: жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттерді, қаржылық бақылау, аудит органдарын, кеден және т.б. қызметтерді қатыстырып жүргізілетін кең көлемдегі тактикалық кешен.